Нұрсейтова Елназ Еркінқызы

Мен үшін Қазақ технолдогия және бизнес университеті – бұл тың жаңалық ашуға, жұмыс жасауға, алға ұмтылуға жігер береді. Өзімді бірінші курстағы кезіммен салыстырғанда бойымнан үлкен айырмашылықты байқаймын. Бірінші курста қарапайым студент болып, сабақтан кейін үйге келіп, үй тапсырмасын орындап қана жүретінмін.

Бүгінде бәрі басқаша. Мисс Астана – 2016 сайысына қатысып Мисс Астана-2016, 2017 жылы – бірінші вице мисс Казахстан, СНГ мисс-фотомодель-2017 титулдарын жеңіп алдым. Осы сайыстарда мені қолдаған достарыма, ата-анама, университетімнің ұстаздары мен ректорына алғысымды білдіремін.

Сол сияқты Қазақстан Республикасының президентінің «Алтын Сапа» кубыгын табыстау рәсіміне қатыстым. Ол мен үшін үлкен қуаныш болды. Қазіргі уақытта оқуымды аяқтаған соң, жеке бизнеспен айналысып сән салонын ашу арманым. Қазақ технология және бизнес университетінің бір бөлігі болғаныма қуаныштымын.

FaLang translation system by Faboba
Заказать звонок