Новости
Все новости

КазУТБ туралы пікірлер

Сапарлы Алтынбек

Менде ЕҰУ, SDU, КазГЮУ сияқты үлкен университеттерде оқығанды армандадым. толығырак оқу

Раганина Найля

Бакалавр искусств по специальности Дизайн, обладатель диплома особого образца толығырак оқу

Нұрсейтова Елназ Еркінқызы

5В042100-Дизайн мамандығының 3 курс студенті толығырак оқу

Кулькешова Маймуна Сайлауовна

5В073100-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілік қауіпсіздігі мамандығының 2 курс студенті толығырак оқу

Видео

Жас түлек – 2018

20 жыл тарихы бар Қазақ технология және бизнес университеті Елордамыз Астананың мерейтойы қарсаңында 2018 жылдың маусым айының 28 мен 29 жұлдызында есте қаларлық сәтке толы сезіммен салтанатты түрде «Диплом табыстау» рәсімі өтті. 463 бакалавр және 96 магистр дәрежесін иеленген бітірушілерімізге келешектері кемел, болашақтары нұрлы болсын деп құттықтап келген ата-аналар мен профессорлы оқытушы құрамы кешті жандандыра түсті.

Жас та болса, қарқынды дамып келе жатқан университеттетіміз білім беру қызметін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасын «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жүзеге асыруға бағытталған өз миссиясы мен болашақ мақсатына сәйкес іске асырып дамып келе жатыр.

Университетте маман дайындаудың екі деңгейлі жүйесі жүзеге асырылуда: 17 мамандық бойынша жоғары білім (бакалавриат), 5 мамандық бойынша жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімдерін магистратурада жалғастырып жатыр. Мамандарды дайындайтын білікті профессор-оқытушылар құрамы -159, оның ішінде 10-ы ғылым докторлары, 60-ы ғылым кандидаттары, 5 философия докторы (PhD), 66 магистр тыным таппай еңбек етіп білім беруде, - деп құттықтау сөзімен және университеттің жетістіктерін атап «Оқу, оқу –әдістемелік және академиялық ұтқырлық жөніндегі» проректор Джумамухамбетов Н. Г. кешті бастап берді.

Расындада 2017-2018 оқу жылында оқу ордамыз ауыз толтырып айтатын біраз жетістікке тола болды, атап өтсек:

- Қазақстан Республикасының «Атамекен» атты Ұлттық Палатасы елімізде IT-саласында ең мықты мамандарды даярлайтын жоғары оқу ордасының тізім сынағына 66 оқу мекемесі өтіп, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім беретін оқу мекемелерінің ішінде «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ алғашқы ондыққа кіріп, 9-шы орынды белгіледі. Бұл жақсы көрсеткіш!».

- «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» негізігі рейтінгінің Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасында өткен бағалау нәтижесі бойынша «ТОП -20» ендік;

- «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» нәтижесі бойынша келесі мамандықтар үлкен көрсеткіштерімен бағаланды:

- «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» 4-ші орын;

-«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» 4-ші орын;

- «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» 5-ші орын;

- «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мен «Ақпараттық жүйелер» мамандығы 6-ші орын;

- «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мен «Стандарттау және сертификаттау» 7-ші орын;

- «Биотехнология» мамандығы 8-ші орын;

-«Мемлекеттік және жергілікті басқару» 10-ші орын;

- «Менеджмент» 11-ші орын;

- «Туризм» мамандығы 17-ші орын;

-«Есеп және аудит» 18-і орын ретингімен бағаланды.

- Ұлттық бизнес ретингі компаниясының, Астана қаласы бойынша «Мемлекеттік бюджетке кіріс енгізу» көрсеткіші бойынша 3 орын Қола сертификатын иелендік;

- Ұлттық бизнес ретингі компаниясының бағалауымен Қазақстан Республикасының кәсіпорындар арасында «Сенімді салық төлеуші» номинациясы бойынша (Күміс) 23 орынға ие болды;

- Елбасымыз жолдауы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама бойынша қоғам ақпараттандырылған заманға көшті. Осыған орай біздің оқу процесі, қызметкерлердің жоспары, оқу кестесі мен қысқа және ұзақ мерзімді оқу жоспарларын цифрландыруға жағдай қолға алынды.

- Қоғамдық жұмыс бойынша студенттеріміздің белсенділігінің арқасында, келесі мақтаныштарға ие болдық:

- «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 2 курс студенті Кулькешова Маймуна 2-і вице мисс Астана атанды;

- ҚазТБУ-дың «Грация» жайдарман командасы 2017 жылдың қазанында команда Астана қаласы «Көңілді тапқырлар алаңының» біріншілігі финалына шығып, «Ең үлгілі команда» атағын жеңіп, ¼ финалдық сайысқа жолдама алды;

- Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 2 курс студенті Лесная Любовь «Бірінші президент қорының» Болашақ ғалымдар атты Республикалық ғылыми конкурсқа қатысып 2 орынды иеленді;

- «Жау жүрек мың бала» атты қалалық әскери-патриоттық сайысқа 18 құрама қатысып, біздің университетіміздің студент-сарбаздары бірінші орынды иемденді.

- «Жастар жалыны -2018» шығармашылық фестивалінде студенттеріміз «Поэзия» номинациясынан 2 орын және «Фото» номинациясынан 3 орындарды иеленді;

- Қалалық жастар арасында өткен валейбол, баскетбол чемпионаттарынан ерлер құрама командасы 2-ші орын алды;

FaLang translation system by Faboba

Полезные ссылки

Заказать звонок