*Казахский университет технологии и бизнеса осуществляет набор студентов на 1 курс по следующим образовательным программам: 6В02101 Графический дизайн, 6В02102, 6В02103 Дизайн моды, 6В02104 Архитектурный дизайн, 6В04103 Учет и аудит, 6В04105 Менеджмент, 6В04107 Государственное и местное управление, 6В04108 Финансы, 6В04110 Экономика, 6В05112 Биотехнология , 6В05213 Экология, 6В06114 Информационные системы, 6В06115 IT-менеджмент, 6В07116 Автоматизация и управление, 6В07117 Химическая технология органических веществ, 6В07219 Технологические машины и оборудования, 6В07231 Горное дело: физико-химическая геотехнология, 6В07218 Горное дело: открытая и подземная разработка месторождений полезных ископаемых, 6В07220 Технология продовольственных продуктов (по отраслям), 6В07222 Нефтегазовое дело: разработка и эксплуатация нефтяных и газовых месторождений, 6В07223 Технология перерабатывающих производств (по отраслям), 6В07224 Технология и конструирование изделий легкой промышленности, 6В07525 Стандартизация и сертификация (по отраслям), 6В11126 Ресторанное дело и гостиничный бизнес, 6В11127 Туризм, 6В11128 IT – технологии в сфере сервиса, 6В11129 Международный туризм, 6В11230 Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды. Действует двух дипломная система образования и магистратура. При университете функционирует колледж по 13 специальностям в сфере технологии и бизнеса. Для иногородних предоставляется новый корпус общежития. Телефоны: +7(7172) 57 88 15, +7 708 425 06 60, +7 701 602 53 53

ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ОҚУҒА ТҮСУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

 

Қазақ технология және бизнес университеті бакалавриаттың 24 білім беру бағдарламасы және магистратураның 12 білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды. Оқыту қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі.

Студенттер, оқытушылар, жұмыс берушілер арасында білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға бағытталған сауалнамалар арқылы үнемі мониторинг жүргізіледі.

Шетел азаматтарын қабылдау Қазақ технология және бизнес университетінің Қабылдау комиссиясы мүшелерімен өткізілген әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары:

- 6В02101 Дизайн (графикалық, сән, архитектуралық

- 6В04103 Есеп және аудит

- 6В04105 Менеджмент

- 6В04107 Мемлекеттік және жергілікті басқару

- 6В04108 Қаржы

- 6В04110 Экономика

- 6В05112 Биотехнология

- 6В05213 Экология

- 6В06114 Ақпараттық жүйелер

- 6В07117 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

- 6В07220 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (салалар бойынша)

- 6В07223 Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)

- 6В07224 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

- 6В07525 Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

- 6В11126 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі

- 6В11127 Туризм

- 6В11230 Қоршаған орта және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

- 6В06115 IT-менеджмент

- 6В07116 Автоматтандыру және басқару

- 6В07218 Тау-кен ісі: ашық және жерасты қазбалары

- 6В07219 Технологиялық машиналар мен жабдықтар

- 6В07222 Мұнай-газ ісі

- 6В11128 Сервис саласындағы IT-технологиялар

- 6В11129 Халықаралық туризм

- 6В07231 Тау-кен ісі: физикалық және химиялық геотехнология

Магистратураның білім беру бағдарламалары:

- 7М04132 Экономика

- 7М04133 Менеджмент (1 жыл)

- 7М04134 Менеджмент (2 жыл)

- 7М04144 Мемлекеттік және жергілікті басқару

- 7М06136 Ақпараттық жүйелер

- 7М07138 Органикалық заттардың химиялық технологиясы

- 7М06137 IT – менеджмент

- 7М07245 Тау-кен ісі: ашық және жерасты қазбалары 

- 7М07241 Тағам қауіпсіздігі

- 7М07242 Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

- 7М07239 Азық-түлік өнімдерінің технологиясы (салалар бойынша 

- 7М07244 Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)

Қабылдау бойынша іс-шараларды өткізу күндері 

Шетел азаматтарын қабылдау ережесі:

  • 10 маусымнан 25 тамызға дейін – өтініштерді қабылдау;
  • 25 тамыз – оқуға қабылдау және оқу туралы келісім-шартқа қол қою.

Әңгімелесу форматындағы шығармашылық емтихан:

  • өтінішті қабылдау мерзімі – 20 маусым - 7 шілде;
  • әңгімелесу өткізу мерзімі – 8-13 шілде.

Оқуға түсу үшін қажет құжаттардың тізімі 

ҚазТБУ-ға оқуға түсу үшін шетелдік азаматтар келесі құжаттарды ұсынуы керек:

  • Өтініш;
  • Білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен қосымшасы;
  • Мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған және Қазақстан Республикасының аумағында нотариус куәландырған білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмелері 2 дана;
  • Жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бар құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (Қазақстан Республикасының аумағында нотариус куәландырған аударма 3 данада ұсынылады);
  • TOEFL шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі, шекті балл - кемінде 560; IELTS шекті балл - кемінде 6.0 (ағылшын) (болған жағдайда);
  • Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы куәлік;
  • №086-у медициналық анықтамасы және флюорография;
  • Қазақстан Республикасының ЖСН-ны;
  • 3х4 см көлеміндегі фотосурет – 8 дана.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы оқу жылының 25 тамызына дейін жүзеге асырылады.

Құжаттарды нострификациялау процедурасы 

Құжаттарды нострификациялау процедурасынан қалай өткізу керек?

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.

Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау туралы өтініш берген кезде орталыққа/ХҚО-ға мынадай құжаттар қоса беріледі:

- Білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;

- Қазақстан Республикасының аумағында нотариус куәландырған білім туралы құжаттың және оның қосымшасының мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен нотариалды куәландырылған көшірмелері;

- Жеке басын куәландыратын құжат, құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі, мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бар (аударманы Қазақстан Республикасының аумағында нотариус куәландыруы тиіс);

- Уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат — алушы қызметтерінің өкілі жүгінген кезде;

- Төлем туралы түбіртек.

ЖОО-ға қабылдау 

Әңгімелесуден сәтті өткен, қазақ, орыс тілдерінде оқытылатын ББ-ға түсетін және тікелей шарттарға сәйкес ақылы негізде қабылданатын шетел азаматтарын қабылдау ағымдағы оқу жылының 10-25 тамыз аралығында өтеді.

Жатақханаға орналастыру тәртібі 

Университетте келушілер мен шетелдік студенттерді орналастыру үшін студенттік жатақхана бар. Жатақханалардағы орындарды білім алушыларға орын беру тәртібі туралы бекітілген Ережеге және ҚазТБУ студенттік жатақханаларында тұру ережелеріне сәйкес факультет декандары береді.

Толық ақпаратты сілтемеге өту арқылы ала аласыз:
https://www.kazutb.kz/ru/obuchenie/prozhivanie

Көші-қон қызметі басқармасында шетел азаматтарын бастапқы тіркеу 

Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдік студент шекарадан өткеннен кейін 5 күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасында көші-қон есебіне қойылуы тиіс.

Ол үшін ҚазТБУ халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөліміне (№1 блок, 6 қабат, 604 кабинет) осы құжаттарды кейіннен Нұр-Сұлтан қаласының көші-қон полициясы басқармасына жолдау қажет:

- Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға визасы бар шетелдік студенттің жеке басын куәландыратын жарамды құжат (паспорт). Визасыз болу туралы келісімдерге қол қойылған елдердің азаматтары үшін виза талап етілмейді;

- мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің лауазымды тұлғалары беретін Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасын тапсыру;

- тіркеу туралы өтініш (сол жерде толтырылады)

Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасында тіркелу мерзімін ұзарту үшін шетелдік студент мерзімнің аяқталуына бір ай қалғанда ҚазТБУ-дың халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөліміне жүгінуі тиіс.


Университет аясында шетелдік студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға және студенттермен алмасуға мүмкіндіктері бар. Біздің ЖОО-дағы академиялық ұтқырлық екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: студенттерді қазақстандық әріптес ЖОО-ларда және шетелдік ЖОО-ларда оқыту. Ұтқырлық бағдарламалары әріптес жоғары оқу орындары арасындағы шарттар шеңберінде жүзеге асырылады.

Өтінім беру бойынша толық ақпаратты сілтемеге өту арқылы ала аласыз:
https://www.kazutb.kz/ru/sotrudnichestvo/akademicheskaya-mobilnost

FaLang translation system by Faboba
Қоңырауға тапсырыс беру