Казахский университет технологии и бизнеса осуществляет набор студентов на 1 курс по следующим образовательным программам: 6В02101 Графический дизайн, 6В02102, 6В02103 Дизайн моды, 6В02104 Архитектурный дизайн, 6В04103 Учет и аудит, 6В04105 Менеджмент, 6В04107 Государственное и местное управление, 6В04108 Финансы, 6В04110 Экономика, 6В05112 Биотехнология , 6В05213 Экология, 6В06114 Информационные системы, 6В06115 IT-менеджмент, 6В07116 Автоматизация и управление, 6В07117 Химическая технология органических веществ, 6В07219 Технологические машины и оборудования, 6В07231 Горное дело: физико-химическая геотехнология, 6В07218 Горное дело: открытая и подземная разработка месторождений полезных ископаемых, 6В07220 Технология продовольственных продуктов (по отраслям), 6В07222 Нефтегазовое дело: разработка и эксплуатация нефтяных и газовых месторождений, 6В07223 Технология перерабатывающих производств (по отраслям), 6В07224 Технология и конструирование изделий легкой промышленности, 6В07525 Стандартизация и сертификация (по отраслям), 6В11126 Ресторанное дело и гостиничный бизнес, 6В11127 Туризм, 6В11128 IT – технологии в сфере сервиса, 6В11129 Международный туризм, 6В11230 Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды. Действует двух дипломная система образования и магистратура. При университете функционирует колледж по 13 специальностям в сфере технологии и бизнеса. Для иногородних предоставляется новый корпус общежития. Телефоны: +7(7172) 57 88 15, +7 708 425 06 60, +7 701 602 53 53

Тәжірибе және жұмыспен қамту орталығы

МАҚСАТЫ: Бейінді кәсіпорындар және ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту және нығайту негізінде мамандарды тәжірибелік даярлау сапасын арттыру үшін жұмыс берушілер мен университеттің өзара арақатынасының тиімді жүйесін құру, университеттің түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіштерін арттыру.

ОРТАЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ: Кафедралардың тәжірибенің барлық түрлерін ұйымдастыруы бойынша қызметін үйлестіру және бақылау, университет студенттері мен түлектерінің жұмыспен қамтылуына көмек көрсету; түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша серіктестік байланыстарды кеңейту және қолдау.

Қазақ технология және бизнес университетінде кәсіби тәжірибені басқару, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жоғары оқу орны түлектерінің тиімді мансаптық өсуіне жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2019 жылы біздің университетімізді 745 түлек диплом алып, оның 41 – і үздікпен тәмамдады. Жыл сайын университетте жұмыс берушілермен қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сай келетін білім беру бағдарламаларының мазмұнын қалыптастыруға және түзетуге бағытталған дөңгелек үстелдер, семинарлар, мастер-кластар форматында кездесулер өткізеді. Бүгінгі таңда университет ынтымақтастық туралы соның ішінде кәсіби тәжірибе туралы 160  келісімге қол қойды.

Тәжірибе және жұмысқа орналастыру орталығы жыл сайын дәстүрлі БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ қатысуды ұсынады. "Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі" жобасы аясында тіркеуден өткен ізденушілердің ұйымдар мен кәсіпорындардың бос жұмыс орындары тізбесімен танысуға мүмкіндігі бар.

Жыл сайын өткізілетін «Бос орындар жәрмеңкесі» аясында магистранттар өздерінің түйіндемелерін жұмыс берушілерге қалдыруға, сұрақтарына жауап алуға, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие. Нәтижесінде жұмыс беруші компаниялармен сәйкес алдын-ала келісім жасасып, жұмыс таба алады. Білім деңгейін көтергісі келетіндер магистратурада оқуын жалғастыруда.  

ҚазТБУ түлектері университетті бітіргеннен кейін өз өңірлеріне оралғысы келген, бірақ мамандық бойынша жұмыс таңдауда анықталмаған жағдайда Тәжірибе және жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады. Бұл жағдайда өңірлік Кәсіпкерлер Палаталарына, Жұмыспен қамту орталықтарына осы түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесінде қолдау көрсету мәселесімен өтініш жіберіледі.  Бұл біздің университетіміздің жұмысқа орналаспаған түлектерімізге бос орындар болған кезде, олардың біліктілік талаптарына сәйкес өз аймағында жұмыс табуына мүмкіндік береді.

ҚазТБУ Нұр-Сұлтан қалалық Кәсіпкерлер палатасымен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту орталығымен" ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Нұр-Сұлтан қаласының  Кәсіпкерлер палатасының өкілдері бизнес-тренингтер, жалпы қалалық Бос орындар жәрмеңкесін және университет студенттері мен түлектеріне жұмысқа орналасу мәселелері бойынша қажетті ақпарат пен кеңес алуға мүмкіндік беретін басқа да іс-шаралар өткізеді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласындағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді ұсынады, ҚазТБУ түлектері үшін олардың бастапқы тәжірибесі мен жұмыс өтілін алу мақсатында уақытша жұмыс орындарының бар екендігі туралы хабарлайды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ университет сұратуы бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру жөнінде ақпарат жібереді. Осылайша, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау ҚазТБУ-нің басымды міндеті болып табылады, ал алған мамандыққа сәйкес түлектерді жұмысқа орналастыру - университеттің негізгі қызмет бағыттарының бірі.

FaLang translation system by Faboba
Поздравления

Фотогалерея

Қоңырауға тапсырыс беру