«PLATONUS» - ПЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ НҰСҚАУЛЫҒЫ

 

 

 

Қолданушы нұсқаулығы

 

АИС PLATONUS

 

Office reg

 

Кіріспе

 

«PLATONUS» ақпараттық жүйесі білім беру жүйесін басқару үрдістерін тиімді ақпараттық қолдауға, сонымен қатар орта және  жоғары оқу орындарының оқу үрдісін басқаруды қамтамасыз етуге арналған.

 

«PLATONUS» ақпараттық жүйесі келесі бағыттар бойынша кешенді тапсырмаларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

 

·         Ақпараттық-техникалық қолдаудың негізінен білім беруді басқарудың тиімділігін арттыруды контенгенттің ақшаға шаққандағы ақшалай қаражатымен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешу;

 

·         Жоғары және орта білім беру мекемелерінің ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуін, олардың персоналы мен студенттерін басқару негізінде білім беру қызметін дамытуға жәрдемдесу;

 

·         Оқу үрдісінің мәселелері бойынша жоғарғы және орта білім алушыларының білімдерін қалыптастыру, сондай-ақ электронды өзара іс-қимылдың тиісті органдарының мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге негізделген білім беру саласында жұмыс жүргізу.

 

Жүйеге кіру

 

Жүйеге кірісу үшін келесі әрекеттерді жасаңыз:

 

1.      Браузерді ашыңыз (InternetExplorer немесе басқасы): анықтама жолына портал адресін көрсетіңіз. Осыдан кейін сізге қолданушы  парақшасы ашылады.

 

2.      Тілді таңдау (жүйе барлық үш тіл де қолданады –қазақ, орыс, ағылшын ).

 

3.      Логин теру ( офис регистратор немесе кадр бөлімі береді).

 

4.      Құпия сөз теру

 

5.      «Кіру» батырмасын басу

 

 

 

Ескерту:  Егер сізде логин немесе құпия сөз болмаса немесе сіз оны ұмытып қалсаңыз, жүйеге кіре алмайсыз ,сіз ҚазТБУ офис регистратор бөліміне хабарласыңыз. Сәтті авторизациядан кейін өзіңіздің жеке парақшаңыздың бастапқы бетіне кіресіз.

 

http://www.kazutb.kz сайтына кіріп, қажетті Платонус қосымшасын таңдау қажет немесе http://82.200.168.182 адресін теру арқылы кіруге болады.

 

  1. Ашылған терезеде тілді таңдап, логин және құпия сөзді теріп (логин мен құпия сөз офис регистраторда беріледі) «Кіру» түймешегін басу қажет. Жеке кабинетіңіздің бастапқы беті ашылады.

    1 сурет.

     

    Ескертпе: Егер сіз қандайда бір себеппен логин және құпия сөзді алмасаңыз, ҚазТБУ офис регистратор бөліміне хабарласыңыз.

    Сәтті авторизациядан кейін өзіңіздің жеке парақшаңыздың бастапқы бетіне кіресіз.

     

    Басты меню

    Бұл қолданушының жасағалы отқан іс- әрекетін таңдаудың негізгі құралы. Студенттерге келесі мәзірлер ұсынылады: оқу аудиториясы, журнал, сабақ кестесі, жеке оқу жоспары, күнтізбе, транскрипт, апелляция, авторизация параметрі  және сауалнама.

    - «Оқу аудиториясы» бөлімінде  - сіздер барлық оқу пәндерін көресіздер;

    -  «Журнал» бөлімінде семестрдегі алған бағаларыңыздың қалай есептелгенін толық көруге болады.

    - «Жеке оқу жоспары» бөлімінде – сол семестрде оқылатын пәндер мен оларды жүргізетін оқытушылар тізімі көрсетілген. Бұл жерде сіздер семестр бойынша өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызды құрастыруға, қарауға немесе шығаруп алуға болады.

    -  «Күнтізбе» сілтемесінде ағымдағы оқу жылының күнтізбе жоспарын көре аласыздар. 15 апта ішінде студент семестр бойынша барлық пәндер материалдарымен танысып, бақылау тапсырмаларын орындап және тестілеуден өту керек. 1 және 2 аралық бақылау тапсырмаларын тапсыру күнтізбелік мерзіміне сәйкес келетін 7-8 және 15 аптада аяқталады. Бақылау тапсырмаларын тапсырғаннан соң емтиханға жіберіледі. Емтихан уақыты Күнтізбеде көрсетілген.

    15 апта ішінде студент семестрдегі барлық пәндердің материалдарын оқып бақылау жұмыстарын орындауы қажет. Бақылау тапсырмаларын сәтті тапсырғаннан соң студент емтиханға жіберіледі.

    -  «Транскрипт»  бөлімінде – барлық оқу кезеңінде семестр бойынша өзіңіздің барлық бағаларыңызды көре аласыз.

    -«Апеляция» бөлімінде – тестілеу кезінде қате сұрақты аппеляцияға бере аласыз.

    - «Авторизация параметрі»  бөлімінде -  сіз логин мен құпия сөзді ауыстыра аласыз.

    Қолданушы блогында (жоғарғы оң жақ бұрышта) сіздерге келесі пайдаланушы блогы қол жетімді болады:

    • Кітапхана
    • Авторизация параметрі
    • Хабарлама
    • Кеңесшілерге хабарландыру
    • Шығу

    «Хабарлама» бөлімінде «Хат жазу» батырмасын басу арқылы студент орындаған тапсырмасын жүктей алады.

 

 

Содан соң орындаған тапсырманың тақырыбын көрсетіп тапсырмалар файлын қосып жіберу керек.

 

 

 

 

Оқытушы қажетті құжатты алу үшін осы беттегі барлық жолдарды толтыру қажет.

ПОӘҚ бөлімі. Бұл жерде ағымдағы семестрде оқылатын барлық пәндер бойынша өз еркімен дайындалуға арналған материалдар бар.

Оқуға кіріспес бұрын жеке оқу жоспарныда көрсетілген пәндер бойынша барлық ПОӘҚ бар болуын тексеріп алыңыз. Егер сәйкессіздіктер бар болса декенат әдіскеріне немесе эдвайзерге хабарласыңыз.

ПОӘҚ-на дәрістер жиынтығы, лабораториялық және тәжірибелік жұмыстар бойынша материалдар, жеке тапсырмалар және бақылау тапсырмалары, өзіңізде тексеруге арналған сұрақтар мен тестілер кіреді.

 

 

FaLang translation system by Faboba
Қоңырауға тапсырыс беру