ЖАТАҚХАНА

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАДАН ОРЫН АЛУ ТӘРТІБІ

Басқа жерлерден келген немесе шетелдік білім алушыларға арналған университеттің студенттерге арналған жатақханасы бар.

Жатақханалардағы орындарды «Білім алушыларға орын берудің тәртібі туралы Ереже мен ҚазТБУ-нің студенттік жатақханаларында тұрудың Ережесіне» сәйкес факультеттердің декандары береді. 

Ол үшін білім алушы:

1. Университет ректорының атына өтініш толтырады.
2. Жатақханадағы орын мен келісуші жақтардың жауапкершілігі туралы университет басшылығымен келісім-шартқа отырады.
3. Дәрігерлік қараудан өтеді.
4. Ордер алғанға дейін жатақханада тұрудың төлем ақысының 100% -ын «Центр Кредит Банкі» АҚ арқылы төлейді.
5. Тәрбие ісі және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі проректор арқылы жатақханаға электронды түрде тіркеледі.
6. Факультет деканының орынбасарынан жатақханаға тұру үшін ордер алады.
7. Жатақханадан бөлме алу үшін барлық құжаттармен жатақхана мңгерушісіне жолығады.

– ішкі тәртіп және келісімшарт ережелерін сақтаған жағдайда берілген орында оқу жылының соңына дейін тұруға;
– жатақхананың санитарлы-тұрмыстық ғимараттарын, бөлмесін, жуынатын бөлме, дәретхана және т.б. пайдалануға;
– декандардың орынбасарлары мен коменданттың жазбаша рұқсатымен ғана бір бөлмеден екінші бөлмеге ауысуға;
– жатақхананың Студенттік Кеңесін сайлауға және сайлауға түсуге, Студенттік Кеңестің жұмыстарына қатысуға, жатақхананың тұрмыстық өмірін жақсартуға үлес қосуға.

– жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін, техника қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін, келісімшарт және т.б. актілерді қатаң сақтауға;
– электр энергиясын, суды үнемдеп жұмсау. Бөлмеден немесе жатақханадан шыққанда су шүмектерін жауып, терезе, есіктерді жауып, жарықты және электрқұрылғыларын сөндіріп кетуге;
– бөлменің артық кілтін жатақхананың вахтерына өткізуге, жатақхананы тек тұрғылықты орын ретінде пайдалануға, кілтті немесе бөлмені бөтен адамға бермеуге;
– жатақхананың мүлкін күтіп ұстауға, көпшілік орындарда тазалық пен тәртіпті қатаң ұстауға, тұрғылықты бөлмеде жиі тазалық жұмыстарын жасауға;
– жатақхананың мүлкіне материалды жауапкершілікте болуға, жатақхананың мүлкіне зиян келген жағдайда материалдық шығынның ақысын өтеуге;
– жатақханадан шығарда жатақхана мүлкін түгелімен қайтаруға;
– университет әкімшілігінің, коменданттың рұқсатынсыз жатақханаға бөтен адамды кіргізбеуге.

– декандардың орынбасарларының жазбаша рұқсатынсыз өз еркімен бір орыннан екінші орынға ауысуға. Ордерде көрсетілген бөлмеде тұрмаған жағдайда, ол білім алушы жатақхананың ішкі тәртіп ережелерін бұзған болып саналады;
– жатақхана комендантының рұқсатынсыз жеке пайдалануға берілген мүліктерді өз еркімен бір бөлмеден екінші бөлмеге тасуға;
– жатақханаға кіру рұқсат қағазын жатақханаға кіру үшін бөтен адамға беруге;
– жатақхананың кез-келген жерінде темекі шекпеуге, жатақханада алкогольді, нашақорлық күйде келуге, сонымен қатар есірткі, психотропты, алкогольді заттарды таратпауға және пайдалануға;
– аудио, теле және видеоаппаратура қондырғыларын барлық қатты дауыста қоюға;
– үй жануарларын ұстауға, бауырымен жорғалаушы және құстарды асырауға;
– жатақхана айналасын ластауға, ас әзірлейтін бөлмеде, көпшілік пайдаланатын орындарда, коридорда қоқыс тастауға;
– электрқондырғыларын пайдалануға, соның ішінде сапа сертификаты жоқ электрұзартқыш және жалғастырғыш құрылғыларды пайдалануға;
– шатырға шығуға, көтерілуге, терезелер мен екінші этаждағы сүйеніштерге асылып тұруға, отыруға;
– құмар ойындар ойнауға, балағат сөздер сөйлеуге, ұрыс-төбелес ұйымдастыруға;
– басқа тұрғындардың бөлмелеріне тұрғындардың рұқсатынсыз кіруге;
– жоғарыда көрсетілген ішкі тәртіп ережелерін бұзған жатақхана тұрғындары, сонымен қатар техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитарлық ережелерді, жатақханада тұру келісімшартын бұзған, жатақхана қызметкерлерін, студенттік кеңес мүшелерін, қабат жауаптыларын сыйламағандар жатақханадан шығарылып, жатақханада тұру үшін төленген ақша қайтарылмайды.

ЖАТАҚХАНАҒА КІРУ ТӘРТІБІ МЕН ҚОНАҚТАРДЫ КІРГІЗУ ТӘРТІБІ

Жатақханаға кіру тәртібі комендант берген арнайы үлгідегі рұқсат қағазының көмегімен жүзеге асырылады.
Рұқсат қағазы – жатақханаға кіруге рұқсат беретін негізгі құжат болып табылады, ол жоғалған жағдайда қайта жасату керек. Жатақханаға кіру уақыты көктем мен жазда 07:00-ден 23:00-ге дейін, ал күз бен қыста 07:00-ден 22:00-ге дейін.

FaLang translation system by Faboba
Қоңырауға тапсырыс беру