«Platonus» ААЖ-сі қашықтықтан оқу факультетінің білім алушылар ұшін

 

Білім алушыларға «Platonus» ААЖ оқу материалдарына қол жетімді болу үшін:

http://www.kazutb.kz сайтында Platonus қосымшасын таңдау қажет немесе 82.200.168.182 адрес арқылы кіруге болады.

Ашылған терезеде тілін таңдап, логин және құпия сөзді теріп (логин мен құпия сөз (білім алушылар кызмет көрсету орталығында беріледі) «Кіру» түймешегін басу қажет. Жеке кабинетіңіздің бастапқы беті ашылады.

 

 

Басты меню 

Бұл қолданушының жасайтын іс-әрекетін таңдаудың негізгі құралы. Білім алушыларға келесі мәзірлер ұсынылады: оқу аудиториясы, журнал, сабақ кестесі, жеке оқу жоспары, күнтізбе, транскрипт, апелляция, авторизация параметрлері және сауалнама.

 

 

- «Оқу аудиториясы» бөлімінде барлық оқу пәндерін көре аласыздар;

- «Журнал» бөлімінде семестрдегі алған бағаларыңызды толық көруге болады.

- «Жеке оқу жоспары» бөлімінде семестрде оқылатын пәндер мен оларды жүргізетін оқытушылар тізімі көрсетілген.

- «Күнтізбе» сілтемесінде ағымдағы оқу жылының күнтізбе жоспары көрсетілген. 15 апта ішінде білім алушы семестр бойынша барлық пәндер материалдарымен танысып, бақылау тапсырмаларын орындау керек. Білім алушы бақылау тапсырмаларын тапсырғаннан соң емтиханға жіберіледі. Емтихан уақыты күнтізбеде көрсетілген.

Қолданушы блогында (жоғарғы оң жақ бұрышта) сіздерге келесі пайдаланушы блоктар қол жетімді болады:

- Кітапхана

- Авторизация параметрі

- Хабарлама

- Кеңесшілерге хабарландыру

- Шығу

«Хабарлама» бөлімінде «Хат жазу» батырмасын басу арқылы орындаған тапсырмасыларыңызды жүктей аласыздар.

 

 

 

 

Оқытушы қажетті құжатты алу үшін осы беттегі барлық жолдарды толтыру керек.

ПОӘК (пәннің оқу-әдістемелік кешені) бөлімі.

Бұл жерде ағымдағы семестрде оқылатын барлық пәндер бойынша дайындалуға арналған материалдар бар.

Оқуға кіріспес бұрын жеке оқу жоспарында көрсетілген пәндер бойынша барлық ПОӘҚ бар болуын тексеріп алыңыз.

ПОӘК-не дәрістер жиынтығы, лабораториялық және тәжірибелік жұмыстар бойынша материалдар, жеке тапсырмалар және бақылау тапсырмалары, тексеруге арналған сұрақтар мен тестілер кіреді.

«Транскрипт» бөлімінде барлық оқу кезеңіндердін өзіңіздің бағаларыңызды көре аласыздар.

«Авторизация параметрі» бөлімінде - сіздер логин мен құпия сөзді ауыстыра аласыздар.

Толық нұсқауларды «Platonus» ААЖ электронды кітапханасында жеке парағында қарауға болады.

FaLang translation system by Faboba
Қоңырауға тапсырыс беру