*Очередное заседание УМС состоится 23 октября текущего года в 11 часов, в онлайн режиме на платформе ZOOM.*

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды 12 ай мерзімге гранттық қаржыландыруға арналған Конкурс (іргелі және қолданбалы зерттеулер)

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша 12 ай (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) іске асыру мерзімімен 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға конкурс өткізу туралы жариялады:

- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;

- Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;

- Энергетика және машина жасау;

- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;

- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;

- Өмір және денсаулық туралы ғылым;

- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;

- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;

- Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі;

- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс

конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар.

Конкурстық өтінімдер ҚР БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде, жобаның ғылыми жетекшісі мен өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған, "ҰМҒТСО" АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша беріледі: https://is.ncste.kz.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 14 қыркүйегінен басталады.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2020 жылғы 28 қазан (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ сайтында орналастырылған (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және ғылым комитетінің сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc).

FaLang translation system by Faboba
Call-center
Поздравления

Фотогалерея

Колледж
Аль-Фараби
Абай
Қоңырауға тапсырыс беру