Ғылыми кеңес

 

 

      «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ Ғылыми кеңесі университеттің алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

Ғылыми кеңес өз жұмысын тиісті оқу жылы үшін әзірленіп бекітілген жоспар негізінде ұйымдастырады. Ғылыми кеңестің қызметі өз құзыретіне кіретін мәселелерді ашық және ұжымдық талқылауға негізделген.

Ғылыми кеңес университеттің Президент-ректорының бұйрығымен құрылады. Ғылыми кеңестің құрамына университет Президент-ректоры, проректорлар, факультет декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сондай-ақ ретораттың ұсынысы бойынша университеттің дамуына және халықаралық немесе республикалық деңгейде белгілі бір білім саласына елеулі үлес қосқан жоғары оқу орнында жұмыс істейтін жоғары дәрежелі мамандар кіреді.

Университеттің Ғылыми кеңесінің төрағасы - Қазақ технологиялық және бизнес университетінің Президент-ректоры. Ғылыми кеңестің төрағасының орынбасарын Ғылыми кеңестің төрағасы тағайындайды. Ғылыми кеңестің төрағасы болмаған кезде төрағалықты орынбасары атқарады. Ғылыми кеңестің басқа мүшелері университеттің жалпы жиналысында жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Ғылыми кеңес университеттің Президенті-ректорының бұйрығымен құрылады.

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba
Қоңырауға тапсырыс беру