*Уважаемые коллеги! Очередное заседание Ректората состоится 4 июня 2020 года в 10:30 в зале Учёного совета*Уважаемые коллеги – члены Учёного совета! Сообщаем, что 3 июня 2020 года в 11:00 состоится заседание №10 Учёного совета университета.*Редакционная коллегия научного журнала «ҚазТБУ Хабаршысы»-«Вестник КазУТБ» объявляет набор статей в очередной номер журнала. Научные статьи принимаются до 20 июня 2020 года По оформлению рукописи можно ознакомится на сайте журнала: Вестник КазУТБ.*____*Некоммерческое учреждение «Независимое Агентство аккредитации и рейтинга» в соответствии с Договором от 7 октября 2019 года № 73-СА с 25 по 27 мая 2020 года проводит специализированную аккредитацию*____*Уважаемые коллеги! Очередное заседание Ректората состоится 14 мая 2020 года в 11:00 в зале Учёного совета.*____*АО «Финансовый Центр» предлагает образовательный кредит под свою гарантию, для оплаты обучения в учебных заведениях.*____*Поручения Вице-министра образования и науки РК Дауленова М.М. по вопросам реализации ДОТ в вузах РК от 4 мая 2020 г.(смотреть в объявлениях)*____*До 15 мая продлён срок подачи заявок на конкурс «Учёные будущего» среди студентов*____*Конкурс на соискание грантов для финансирования научно-исследовательских проектов и работ молодых ученых Дата начала конкурса: 30.03.2020 Дата окончания конкурса: 30.05.2020*____*

ҚазТБУ кадр саясаты

     

 

Кадрлық саясат университеттің жоғары басшылығымен әзірленіп, персоналмен жұмыс істеу негіздерін және оларға қойылатын талаптарды анықтайды. Университеттің кадр саясаты Жарғыда, ішкі еңбек тәртібінің ережелерінде және басқа да ішкі ережелерде көрсетіледі.

Университеттің кадрлық саясаты Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚР заңдарының, соның ішінде еңбек заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтау қағидаттарында университеттің қолданыстағы нормативтік-құқықтық базасы негізінде құрылады.

Кадрлық қамтамасыз ету жүйесі кадр саясатын қамтамасыз ететін және оның іске асырылуын бақылайтын құрылымдық бөлімшелерден, сондай-ақ университет үшін жоғары білікті кадрларды даярлау, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар жиынтығын қамтиды.

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ кадрлық саясаты университеттің стратегиялық даму жоспарымен анықталады. Кадрлық саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру Президент-университет ректорының құзыретінде.

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ кадрлық саясатының мақсаты университеттің мақсаттарына жету үшін қажетті және миссиясына жауап беретін жоғары кәсіби деңгейі бар университеттің кадрлық құрамын қалыптастыру, дамыту және басқару жүйесін құру болып табылады.

Кадр саясатының принциптері:

  •          университеттің миссиясы мен мақсаттарына кадрлық қамтамасыз ету бойынша қызметтің сәйкестігі;
  •          университет қызметкерлерінің еңбек және кәсіби әлеуетін дамыту және жүзеге асыру мүмкіндіктерінің теңдігі;
  •          Конституциялық, еңбек және әлеуметтік заңнама нормаларын сақтау;
  •       кадрлық саясаттың университет қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталуы;
  •          жоғары деңгейдегі талаптар және кадрларды бағалаудағы объективтілік;
  •        университеттің кадр резерві мен кадрларды даярлау процесінің үздіксіздігі және жүйелілігі;
  •          университет кадрларының сабақтастығы мен жаңартылуы.

           Университеттің кадр саясатының міндеттері:

  • университеттің ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларын жаңарту, сапалық құрамын жақсарту жүйесін дамыту;
  • университеттің кадрлық саясаты бойынша нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу;
  • университеттің кадрлық әлеуетін дамыту және жағдайын талдау (сандық және сапалық);
  • кадрлар резервін қалыптастыру және оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • университеттің ПОҚ аттестациясын ұйымдастыру және өткізу, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету, аттестациялық комиссия шешімдерін іске асыру бойынша іс-шараларды әзірлеу;
  • университеттің кадрлық әлеуетіне ағымдағы және перспективалық қажеттілікті анықтау, болжамдарды әзірлеу;
  • университет қызметінің ішкі және сыртқы жағдайларына сәйкес университетті ғылыми-педагогикалық, оқу-көмекші кадрлармен, сондай-ақ жұмысшылармен, талап етілетін кәсіптердің, мамандықтардың және біліктіліктердің қызметшілерімен жасақтау;
  • университет қызметкерлерін оқытушылық, ғылыми-зерттеу қызметінің рөлі мен нәтижелері туралы ақпараттандыру;
  • университет қызметкерлерінің кәсіби мүмкіндіктерін толық ашу, өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
  • университеттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттарға, көтермелеулерге ұсыну;
  • университет қызметкерлерінің кәсіби өсуі үшін материалдық ынталандыру жасау;
  • кадрлық саясаттың тұжырымдалған басымдықтары негізінде кадрлық саясатты қаржылық қамтамасыз ету және алынған нәтижелердің қаржылық тиімділігін талдау;
  • университет қызметкерлерінің кәсіби өсуі үшін материалдық ынталандыру жасау;
  • кадрлық саясаттың тұжырымдалған басымдықтары негізінде кадрлық саясатты қаржылық қамтамасыз ету және алынған нәтижелердің қаржылық тиімділігін талдау. 

     Кадрлық қамтамасыз ету жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын және міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшелеріне негізделеді.

     Университеттің кадрлық саясаты құрылымдық бөлімшелермен университеттің әрбір басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

     Кадрлық қамтамасыз ету жүйесі өткізетін және кадр саясатының міндеттерін шешуге бағытталған іс-шаралар:

  • «Қазақ технология университеті» АҚ басқарушы құрамының біліктілігін арттыру»;
  • университет оқытушыларының біліктілігін арттыру;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыру.

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba
Call-center
Колледж
Поздравления

Фотогалерея

Аль-Фараби
Абай
Plagiat.pl
Қоңырауға тапсырыс беру