Орталық Азия, Канада және Түркия елдеріндегі плагиат пен академиялық адалдыққа деген көзқарас

     

   

15 мамырда  Қазақ технология және бизнес университетінің экономика факультетінде Мендель университетінің профессоры, Еуропалық Академиялық адалдық қауымдастығының төрағасы, PhD доктор Томас Фолтинекпен сұхбаттасу кеші өтті.

         Ол Сербия мен Қазақстанның зерттеушілер тобымен бірлесе отырып «Орталық Азия, Канада және Түркия елдеріндегі академиялық адалдық пен плагиатқа деген көзқарас» тақырыбында зерттеу жүргізуде.

 

Сұхбатқа факультет және кафедра басшылары, сонымен қатар экономика факультетінің студенттері қатысты. Кездесу барысында қазіргі таңдағы өзекті және жоғары білім берудегі мәселелер көтерілді, сондай-ақ университетте білім алушыларда, университеттің ОПҚ мен қызметкерлерінде адалдық, ашық, шынайы және сенімді қарым-қатынас құру, сондай-ақ өмірдегі адалдықты дамыту мәселелеріндегі жауапкершілік туралы түсіністікті қалыптастыру үдерісі жүріп жатқандығы аталып өтті. Академиялық адалдық ҚазТБУ-дың білім беру үдерісіндегі негізгі құндылықтардың бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba
Қоңырауға тапсырыс беру