*Очередное заседание УМС состоится 23 октября текущего года в 11 часов, в онлайн режиме на платформе ZOOM.*

«NATIGE» компаниясымен ынтымақтастықтың басталуы

 

Ағымдағы жылдың екінші қыркүйегінде университет ректоры Жұматай Зейноллаұлы Оразбаев бастаған «Технология және стандарттау» кафедрасының жетекші оқытушылары Қарағанды қаласында орналасқан отандық сүт өнімдерін өндіретін танымал «NATIGE» компаниясына ресми іс сапармен барып қайтты.

 

 

Бірінші кезекте делегация сүт және қышқыл сүт өнімдерін шығаратын желілермен, жақында іске қосылған сүт десерттерін өндіретін цехпен, ірімшік, балмұздақ дайындайтын цехтармен танысты.

 

Қазақстандық тұтынушы «NATIGE» компаниясының өнімін жоғары бағалайды. Компанияның әрбір қызметкері сүт, айран, қаймақ, май, сүзбе немесе йогурт өндіре отырып, олардың қызметінің түпкі нәтижесі тұтынушының сенімі болып табылатындығын түсінеді және тек дәмді, пайдалы және қауіпсіз өнім шығару арқылы қол жеткізуге болатындығы туралы біледі.

Жиырма жыл ішінде «NATIGE» компаниясы жаңа бастаған сүт дистрибьюторынан қысқа сақтау мерзімі бар жоғары сапалы табиғи сүт өнімдерінің кең ассортиментін озық өндірушісіне айналды.

Қысқа мерзімде кәсіпорын қабырғасында жан-жақты ынтымақтастықтың түрлі мәселелері қаралып, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ мен «NATIGE» компаниясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы қол қою үшін дайындалды.

 

 

Кәсіпорын басшысы, компанияның негізін қалаушы - оның жүрегі, ақыл-ойы мен негізгі қозғаушы күші Ерлан Әшімов ректор Жұматай Зейноллаұлының біздің ЖОО туралы әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, университетпен өзара ынтымақтастық туралы өзінің көзқарасын зор құлшыныспен және ынтамен ұсынды. Ол ҚазТБУ магистратурасында оқыту арқылы өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, жоғары оқу орны ғылымының өзара іс-қимылы және өндірістің практикалық ізденістері арқылы компанияның сүт және басқа да өнімдерінің ассортиментін кеңейту мүмкіндігі туралы айта кетті.

Кездесу барысында компанияның негізін қалаушы «NATIGE» компаниясының қалай пайда болғандығы туралы әңгімелеп берді. «...Бұл оқиға 1999 жылдың ақпан айының аязды кешінде, дәл 20 жыл бұрын басталды. «Нәтиже» компаниясының болашақ негізін қалаушы Ерлан Әшімовтің шағын дүкеніне Солтүстік Қазақстанның сүт комбинаттарының бірінің сауда өкілі кірді. Ол тез бұзылатын өнімді тасымалдайтын көліктің бұзылғаны туралы хабарлайды.

Бойында қазақ қонақжайлық қасиеті мен дәстүрі сіңген Ерлан күтпеген қонаққа көмек қолын созады. Таңертең Әшімовтердің тату отбасы көлікті жөндеумен, ал Ерлан өзі тез бұзылатын сүт өнімдерін сатумен айналысты. Осылайша Ерлан сүт өнімдерінің әлеміне қадам басты...».

ЖОО делегациясының компания басшыларымен кездесуі кезінде Қарағанды әкімдігінің қызметкері келіп, Ерлан Әшімовке Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан президенттік марапат – Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған медаль табыс етті. Университет атынан ректор Жұматай Зейноллаұлы Оразбаев өндіріс басшысын марапатпен құттықтап, барлық жоспарлар мен идеялардың жүзеге асуын тіледі.

 

 

Университет қызметкерлерінің кәсіпорынмен кездесуі мен танысуы жылы және достық жағдайда өтті.

 

Заманауи жабдықты пайдалану, өндіріс қызметкерлерінің жоғары құзыреттілігі, жоғары сапалы шикізат және нәтижесінде жоғары сапалы өнім – бұл біздің университет ынтымақтастықты бастағалы тұрған «NATIGE» сүт компаниясының сәттілік формуласы!

 

 

FaLang translation system by Faboba
Call-center
Поздравления

Фотогалерея

Колледж
Аль-Фараби
Абай
Қоңырауға тапсырыс беру