Жас ғалымдар кеңесі

 

 

     «Қазақ технология және бизнес университеті» Ақционерлік қоғамының Жас ғалымдар кеңесі университеттің кеңес беру органы ретінде жұмыс істейтін координациялы-консультативтік ғылыми қауымдастық болып табылады.

Жас ғалымдар кеңесі өзінің қызметін өзін-өзі басқару принциптеріне негіздеп, қызметтің ашық сипатымен, өзара сыйластық рухы және ғылыми қарым-қатынас мәдениеті бойынша жүзеге асырады. Кеңес университеттің профессорлық-оқытушылар құрамына жататын 35 жасқа дейінгі жас зерттеушілер мен қызметкерлерінен құралады.

Жас ғалымдар Кеңесінің мақсаты - жас ғалымдардың шығармашылық қабілеттерін ашу, осы негізде Қазақ технология және бизнес университетінде зияткерлік әлеуетін сақтау және толықтыру, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруда кафедра жұмысын ынталандыру, ғылыми қауымдастықтағы ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, ғылым мен білім беруді интеграциялауды одан әрі дамыту үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ университеттің ғылыми мектептерінің дамуын жан-жақты насихаттау.

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba
Қоңырауға тапсырыс беру