«Қазақ технология және бизнес университеті» Акционерлік қоғамының Ғылыми-техникалық кеңесінің негізгі мақсаты университеттің ғылыми бөлімшелерінің жұмыс сапасын бағалай отырып, ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруда ғылыми қоғамның қолдауымен университеттің ғылыми және инновациялық қызметін тиімді басқару үшін жағдайлар жасау, университеттің ғылыми ұжымының және ғылыми бөлімшелерінің ғылыми және әлеуметтік-экономикалық қызығушылығын толық қанағаттануын қамтамасыз ету және ғылыми қызметінің нәтижелерін халық шаруашылығы салаларында, оқу және ғылыми-өндірістік процесте пайдалануға мүмкіндік жасау

Университеттің ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысы келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
- кешенді ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкциялық жұмыстарды, гранттар мен инновациялық жобаларды іске асыруда ғылыми бөлімшелердің жұмысын үйлестіру;
- университеттің ғылыми бөлімшелерінің даму болашағын, оларда жүргізілген зерттеу бағыттарын, олардың мамандарды даярлау бейініне және университеттің білім беру бағдарламаларына сәйкестігін анықтау;
- университетте өткізілетін ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін талдау және бағалау, сондай-ақ университет бөлімшелерінің ғылыми жұмыстарының нәтижелерін қарау;
- проблемалық зертханаларды құрудың орындылығын қарау, олардың жоспарлары мен есептерін бекіту;
- ғылыми-зерттеулік және тәжірибелік-конструкциялық жұмыстардың, гранттық және инновациялық жобалар бойынша есептерді қарау және бағалау;
- жариялауға дайын монографияларды қарастыру;
- университеттің ғылым бөліміне қарайтын құрылымдық бөлімшелердің оқу-ғылым-өндіріс үрдісін басқару және үйлестіруді қамтамасыз етуді талдау және университетте ғылыми қызметті басқаруды жетілдіру бойынша ұсынымдарды әзірлеу.
