«Технология және стандарттау» кафедрасы

т.ғ.к., профессор
кафедра меңгерушісі – Жунусова Гүлзат Скендірқызы
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
8 (7172)27-92-30
 каб. 3/210





Технология және стандарттау» кафедрасы 1998 жылдың 1 кыркүйегінде Алматы технология және бизнес университеті филиалы негізінде құрылды. Мамандарды дайындау ҚР БҒМ 12.10.16 ж KZ23LAA00007644 Серия лицензиясы бойынша жүргізіледі. Білім беру орыс және қазақ тілдерінде жүргізіледі.

Кафедра келесі мамандықтар бойынша білім алушыларды дайындайды:

5В070100 – «Биотехнология»

5В072700 – «Азық түлік өнімдерінің технологиясы»

5В072800 – «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы»

5В073200 – «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)».

Университеттің ерекшелігін ескере отыра, берілген білім бағдарламалары бойынша келесі ддайындық бағыттары (траекториялары) қарастырылған: 

5В070100 «Биотехнология» бойынша – «Тағам саласындағы биотехнология» және «Ауыл шаруашылық өнімдерінің биотехнологиясы»,

5В072700 «Азық түлік өнімдерінің технологиясы» – «Қоғамдық тамақтану, ет және сүт өнімдерінің технологиясы» және «Консервілеу және азықтық концентраттар технологиясы»,

5В072800 «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» – «Астық, нан, макарон және кондитерлік өнімдерін қайта өңдеу технологиясы» және «Ашыту өндірісінің және шарап жасау технологиясы»,

5В073200 «Стандарттаужәнесертификаттау» бойынша – «Тағам өнімдерін стандарттау және сертификаттау» және «Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау».

Инновациялық технологияларды пайдалану негізінде, студенттерге техникалық ғылымдар аясында жоғары сапалы білім беру және бәсекеге қабілетті, білікті, кәсіби мамандарды талап ететін қазіргі заманғы қоғамда өмір сүріп жатқан адамға өз орнын табуға көмектесу.

Қызметкерлердің жалпы саны– 23адам, олардың ішінде 2 профессор, 8 ғылым кандидаты, 13  магистр, олардың 7 аға оқытушы.

Кафедрада 469 студентбілім алады, жыл сайын 120 дан артық бакалаврлар бітіріп шығады. Кафедра иелігінде 6 зертхана, кабельдік және сымсыз Ғаламторға қосылған 6 кабинет, интерактивті мультимедиялық жабдықталған аудиториялар бар

Дамудың стратегиялық басымдылықтары мен мақсаты:

  • Тұтынушылармен арақатынас жүйесін дамыту, тұтынушыға бағдарлау және қоғамның қызығушылықтары;
  • Болон декларациясы ұстанымы негізінде жалпы еуропалық білім кеңістігіне және халықаралық ғылыми-білімдік одаққа шоғырлану.

КазТБУ АҚ стратегиялық даму жоспары негізінде, 5В070100 – «Биотехнология», 5В072700 – «Азық түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы», 5В073200 – «Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша)» білім бағдарламалары бойынша мамандар дайындайтын арнайы кафедра арқылы 2015-2020жж арналған стратегиялық даму жоспары жасалды және бекітілді оған білім бағдарламаларын талдауға арналған әлеуметтік серіктестер қорының қалыптасуы, еңбек нарығының мониторингы, ғылыми -зерттеу жұмыстарының ұлттық басымдылық бағыттарын зерттеу, ЖООның кадрлық, ақпараттық, материалдық-техникалық ресурстарын зерттеу және ресурстық қорды жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізу жатады.

Кафедра өзінің ғылыми жұмыстарын әлемдік ғылыми мұралыққа негіздейді, әрдайым инновациялық оқу бағдарламаларын енгізеді, жеке зерттеу бағыттарын дамытады және  оны елдің, аймақ пен университеттің дамуы мақсатында  жүзеге асыруға ұмтылады. 

Кафедра оқу бағдарламасының тұтынушыларының сұрауы мен тағайындалуына байланысты оқу процессін ұйымдастырудың әр түрлі формаларын пайдаланады. Кафедра жаңашылдықты, білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуды көтермелейді. Кафедра жаңа кәсіби техникалық саладағы бакалаврларды дайындауға аса көңіл аударады.

Кафедра мамандарын дайындау мақсатында бірқатар университеттер мен ғылыми мекемелермен ғылыми және әріптестік байланыстар орнатылған.  Алматы технологиялық университетімен қызмет жсаймыз. Санкт-Петербургтық мемлекеттік технологиялық институтпен; Одесса ұлттық тағам технологиясы академиясымен ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Стандарттау, метрология және сертификаттау Департаментімен және «Ұлттық экспертиза және сертификаттау орталығы» АҚ; «Ұлттық микроағзалар коллекциясы» РМК, ҚР индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитетінің «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау» РМК-мен байланыстар орнатылған. 

КазТБУ АҚ мен Беларусь Республикасының (Минск қ) Республикалық Трансфер Технология Орталығымен, Тағам Технологиялары Университетімен (Пловдив қ) ғылыми – техникалық  және біріккен қызмет жөнінде меморандум бекітілген.

Біздің оқытушылар жаңа өнім түрін шығаруда табысты жұмыс жасайды.  Берілген тақырып кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарына кіреді, онда өнімнің сапасының динамикасы мен жағдайының талдауы, өндірістің метрологиялық қамтамасыз етуі, стандарттау және сертификаттау  жүргізіледі.

Өнімнің сапасын және технологиялық процесстерді зерттеуге, метрологиялық қамтамасыз ету мен стандарттау тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін теориялық үлгілер қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мәселе-бағытталған талдау әдісі, сапа менежменті процестерін талдау және оңтайландыру, метрологиялық қамтамасыз ету, стандарттау және сертификаттау жүргізу әдістемелері мен бағдарламалары, жоспарлары жасалуда

Тағам өнімдерінің физико-химиялық, биохимиялық құрамын анықтау бойынша тәжірибелік, зертханалық, ғылыми-зерттеулік сабақтар жүргізу және студент  оқудың Мемлекеттік стандартымен қарастырылған шикізаттың, жартылай фабрикаттың және дайын өнімнің сапасын бағалу әдістерін меңгеру үшін кафедра  зертханалары арнайы құралдармен, жабдықтармен және химиялық ыдыстармен жабдықталған. Сонымен қатар зертханалық-тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін өндіріс кәсіпорындарының зертханалары пайдаланылады.  

Кафедрада виртуалды дәрістер жүргізіледі. Оқу тілі – мемлекеттік және орыс. Орыс және қазақ тілінде презентациялар жүреді.

Оқу барысында білім алушылар жаратылыстану, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және арнайы пәндерді оқиды. Кафедрада кредиттық оқу технологиясы бойынша барлық қажетті оқу-әдістемелік құралдар бар.

Арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізетін мұғалімдердің сәйкес келетін негізгі білімі, педагогикалық және практикалық тәжірибесі бар. Кафедра университеттің негізгі оқу-ғылымдық, құрылымдық бөлімдерінің бірі ретінде келесі мамандықтар бойынша мамандар дайындауды жүргізеді 5В073200 «Стандарттаужәне сертификаттау», 5В072700 «Азық түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 «Қайта өңдеу өнімдерінің технологиясы», 5В070100 «Биотехнология».2004 жылдан 2017 жылға дейінгі уақытта кафедраның 3 оқытушысы кандидаттық диссертация қорғады, 3 оқытушы докторантураға түсті, 1 қызметкер ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантына ие болды(2010 ж). Кафедра ҚР БҒМ 20 млн. теңгеге гранттар алды. Жыл сайын кафедра оқытушыларының 70%-ы өз біліктіліктерін семиранларда, біліктілікті арттыру курстарында және т.б. арттырады. Кафедра аясында жыл сайын «Жаңа ғасыр – жаңа технология», «Тағам өндірісі маманының күні», «Стандарттау күні» ғылыми-тәжірибелік конференциялар, «СжС» тобының студенттерімен «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында, «ТжС» кафедрасының студенттерінің қатысуымен өлшеу қралдарының Департаментінің «Казгидромет» РМК -ға қайырымдылық акциялық экскурсиялар жүргізіледі. 

Кафедра студенттері өндірістік тәжірибе кезінде Астана қаласының  келесідей ірі тағам өңдеу және қайта өңдеу  кәсіпорындарында өздерінің кәсіби дайындық деңгейлерін арттырады: «Цесна-астық» Нанзауыты ЖШС, «Ақбидай Астана» ЖШС, «НацЭКС» АҚ, «Ұлттық талдау және сертификаттау орталығы» Қазақ метрология институты РМК, «ҚР ұлттық биотехнология орталығы» РМК, «Республикалық микроағзалар жиынтығы» РМК.

5В073200 «Стандарттаужәне сертификаттау», 5В072700 «Азық түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 «Қайта өңдеу өнімдерінің технологиясы»,  5В070100 «Биотехнология»оқу бағдарламалары боынша димпломдалған кадрлардың тұтынушылары болып  ғылыми –зерттеу орталықтары, техникалық реттеу және метрология  бойынша Комитеттің аймақтық филиалдары, сонымен қатар тағамдық және тағамық емес өнімдер өндірісі бойынша  ірі және ұсақ кәсіпорындар болып табылады.

Қазақ технология және бизнес унверситетінің «Технология және стандарттау» кафедрасы өз түлектерінің жұмыспен қамтудың жоспарлы жұмысын жүргізеді.  Түлектер жайлы кәсіпорын мен мекеме жетекшілерін ақпараттандыру  үшін университеттің сайтында түлектердің түйіндемелері салынады. Жыл сайын университетте жұмыс берушілер қатысатын «Түлектер жәрмеңкесі» жүргізіледі. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жұмыспен қамталған түлектер саны 65 % құрайды.

Жұмыспен берушілердің талаптарын қанағаттандыру мақсатында тәжірибенің негізгі орны болып табылатын кәсіпорындармен ұзақ мерзімді келісімдер жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 

Кафедраның барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешендер жасалған, олардың негізгі элементі жұмыс бағдарламасы, дәрістік материал, семинар және тәжірибелік сабақтардың жоспары, бақылау жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау кешені, бақылау мен өз-өзін бақылауға арналған сұрақтар кешені. Кафедраның оқу-әдістемелік қоры жүйелік сипатқа ие және әрқашан жетілдіріліп отырады.

5В073200 «Стандарттаужәне сертификаттау», 5В072700 «Азық түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 «Қайта өңдеу өнімдерінің технологиясы», 5В070100 «Биотехнология»оқу бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарын және элективті пәндер каталогын жасау барысында, «Ақбидай Астана» ЖШС, «Республикалық микроағзалар жиынтығы» РМК мамандары қатысты. принимали участие специалисты 2016 жылдың 26 ақпанында «Технология және стандарттау» кафедрасы астананың астық өңдеу кәсіпорындарының бірі «Ақбидай Астана» ЖШС-де филиал ашты. Аталған филиалда 5В072800 – Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығының тәжірибелік және зертханалық сабақтары жүргізіледі сонымен қатар 5В073200 – Стандарттау және сертификаттау мамандығы да.

Кәсіби оқу бағдарламаларының мазмұны оқу бағдарламасын меңгеруін реттейтін оқу жоспарлары арқылы жүзеге асады.

Жұмыс оқу жоспарлары (РУП) мамандықтың типтік оқу жоспарымен және жеке оқу жоспарына сәйкес жасалады

Кафедраның оқу әдістемелік жұмысы жоспарлық негізде жүзеге асады, оқу процесінің құрам бөлігі және кафедраның процессорлық-оқытушылық құрамының негізгі қызметінің бірі болып табылады. Ол оқу процесінің сапасын жоғарылату үшін жағдай жасауға бағытталған. Әдістемелік жұмыстардың барлығы кафедрада талқыланады.

Кафедрадағы оқу әдістемелік кешендеріне жатады: жұмыс бағдарламалары, фондтық дәрістер, семинар және тәжірибелік сабақтардың жоспарлары, оларға арналған әдістемелік нұсқаулар, тақырыптық жоспарлар, рефераттар мен баяндамалардың тақырыптары, бақылау мен емтихан сұрақтары, курстық жұмыс және дипломдық жұмыс тақырыптары және оларға арналған әдістемелік нұсқаулар,мтесттер, сызбалар альбом, видеофильмдержәне басқа материалдар.

Оқу процесінде дидактикалқ материалдар (сызбалар альбомы, слайдтар, кестелер), оқудың техникалық құралдары (видеофильмдер, мультимедиялық жабдықтар) қолданылады. Кафедра әрқашан институт кітапханасы мен оқу-әдістемелік кабинет қоры негізінде оқу және оқу-әдістемелік әдебиетті пайдалану мен қалыптасуында қатысады.

Соңғы жылдарда кафедрада 60тан артық оқу – әдістемелік кітапшалар мен нұсқаулықтар шығарылды. Кафедраның кітапханалық фондына 50ден артық оқу және ғылыми әдебиеттің, ғылыми және ғылыми-танымал баспалардың экземплярлары бар. 

Келісімдер шеңберінде біріккен ғылыми зерттеулер және ғылыми жұмыстарды басып шығару, ғылыми әдебиетпен ақпараттық алмасу, смеинарлар мен конференцияларға қатысу, білім алушылар және оқытушылармен алмасу, ғылыми тағылымдамадан өту жүзеге асады. Университет қызметкерлері халықаралық конференциялар жұмысында белсенді қатысады.

Кафедрада 2 курстан бастап, білім алушылар ғылыми зерттеудің бастамаларын алады, ғылыми мақалалар жазады. Кафедрада ғылыми білім алушылық үйірме белсенді жұмыс жасайды, онда тағам өндірісінің өзекті мәселелеріне арналған материалдар тыңдалынады және білім алушылардың курстық және дипломдық жұмысына айналатын ғылыми жұмыстарының талдауы жүргізіледі

Факультет қызметкері бірігіп жұмыс жасайды:

Санкт-Петербургтық мемелкеттік технологиялық институтпен (техникалық университет), Россия, Санкт-Петербург қ;

-Одессалық тағам технологияларының ұлттық академиясы, Украина, Одесса қ;

-Трансфер Технологиялық РеспубликалықОрталығы, Беларусь Республикасы,

Минск қ;

- Могилев мемлекеттік тағам өндірісі университеті, Беларусь Республикасы, Могилев қ. 

Жыл сайын Әл-Фараби атындағы ҚазМУ мен Алматы технологиялық университеті негізінде, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің республикалық пәндік олимпиада жүргізу графигіне сай, «Технология және стандарттау» кафедрасының білім алушылары «Азық түлік өнімдерінің технологиясы»  және «Биотехнология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға қатысады. 2016 жылы  «Технология және стандарттау» кафедрасының білім алушылары «Метрология» мамандығы бойынша Халықаралық студенттік  олимпиадаға қатысты. 

«Технология және стандарттау» кафедрасы 1998 жылдың 1 қыркүйегінде Алматы технологиялық университетінің базасында құрылды. 

Кафедраның ашылуы 1998 жылы - оқу ісі жөніндегі бірінші проректордың еңбегі техника ғылымдарының докторы профессор Усембаева Ж.К. Кафедраның құрылу кезеңінде жетекші тамақ және қайта өңдеу салаларының қызметкерлері сырттай оқытушылар ретінде жұмысқа орналасты. 2003 жылы технология факультетінің құрамында ректордың бұйрығымен кафедра «Технология және стандарттау» кафедрасы болып өзгертілді.

Алғашында кафедра Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі үшін жоғары білікті инженерлер мен технологтарды дайындады. Кафедра құрылған сәттен бастап 1500 астам мамандар дайындады.

Алғашқы мамандар мына мамандықтар бойынша шығарылды - «Ет және ет өнімдерінің технологиясы», «Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы», «Ашыту өндірісінің технологиясы», «Қоғамдық тамақтану және арнайы мақсаттағы технологиялар», «Өңдеу өндірістерінің технологиясы». Усембаева Ж.К профессорды арқасында кафедрада 2003 жылы мына мамандықтарда магистратура ашылды- «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Стандарттау, метрология және сертификаттау». 2004 жылдан бастап кафедра оқытушылары Қырғызбаева К.Ж., Бектұрғанова А.А., Есіркеп Г.Е.,Усембаева Ж.К профессор басшылығымен бакалавриатты ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. 2004-2005 оқу жылынан бастап студенттер кредиттік технологиямен оқытылды, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы заңына сәйкес,ережелерді құру тәртібі, білім беру бағдарламаларын іске асыруды апробациялау, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 10 сәуірдегі № 240 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты (2004 жылғы 8 мамырдағы № 22 бұйрығы). Айта кететін жайт кафедраның дамуына өз үлесін қосқан мұғалімдер, біздің түлектер оларды үлкен құрметпен еске алады. Әр түрлі жылдары кафедрада мына мұғалімдер жұмыс атқарды – профессор, т.ғ.д. Усембаева Ж.К., профессор, т.ғ.д. Шакиров А.Т., профессор Оспанова М.Ш., профессор, т.ғ.д. Байхожаева Б.,т.ғ.к. Курмангалиева Д.Б., аға оқытушы Сомова Л.М., т.ғ.к. Ермекбаев С.Б., т.ғ.к. Киргизбаева К.Ж., т.ғ.к. Карбаев Н.К., т.ғ.к. Кусаинова Г.Д., т.ғ.к. Алтаев С.А., т.ғ.к. Кошанов О.М., т.ғ.к. Жунусова Г.Е., т.ғ.к. Каимбаева Л., т.ғ.к. Джумагалиев М.Д., аға оқытушы Ряснова Л.М., аға оқытушы Хасанова Ф.М., оқытушы Демисинова Г.,оқытушы Муздыбаева С., оқытушы Ишанкулов С.К., оқытушы Тогусбаева А.Б., Нургазина А.., т.ғ.к. Омаралиева А.М., профессор Абильмажинов Е.Т., аға оқытушы Кутыш М.И. Зертханашылар Акпарова А.М., Митанова А.Р., Садыбаева М.Б., Хастаевой А.Ж., Аубакирова Д., Жалгамбетова А. Кафедраның ең алғашқы оқытушылары т.ғ.к. Курмангалиева Д.Б., аға оқытушы Сомова Л.М., аға оқытушы Альменова А.С., аға оқытушы Хасанова Ф.М., аға оқытушы Ряснова Л.М болған.

Бірінші кафедра меңгерушісі болған т.ғ.к., доцент Курмангалиева Д.Б

т.ғ.к., КиргизбаеваК.Ж. ( 2003 қыркүйек- 2003 желтоқсан ж ).

т.ғ.д.,профессор Шакиров А.Т. ( 2003 -2006ж).

т.ғ.к.,доцент Ошакбаев П.О. (2005-2006ж ).

т.ғ.д.,профессор Оспанова М.Ш. (2006-2008 ж).

т.ғ.к.,доцент Сафуани Ж.Е. (2009-2011 ж)

т.ғ.к.,доцент Омаралиева А.М.(2011-2017ж).

2017 жылдан қазіргі уақытта кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Есиркеп Г.Е. 

Кафедрада еңбек еткен жылдары тамақ технологиясы және өндіріс технологиясы саласындағы білікті мамандар саны өсті, кафедр жаңа мүшелермен толықтырылды – кафедра түлектерімен: Хастаевой А.Ж., Аубакировой Д., Жалмаганбетовой А.

Кафедра жұмысының басталуымен кафедра оқытушылары келесі оқу-зертханалық орталықтар және кабинеттер құрды :

- тамақ дайындау технологиясы (1999 ж.);ұйымдастырушы аға оқытушы Ряснова Л.М.;

- өңдеуге арналған жабдық (2003 ж); ұйымдастырушылар – Хасанова Ф. М., Ситникова А.И.;

- шикізат пен тамақ өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау (2008 ж); ұйымдастырушылар - Бектурганова А.А., Омаралиева А.М..;

- тамақ өңімдерінің биотехнологиясы (2011 ж); ұйымдастырушылар - Абжалелов А.Б., Сафуани Ж.Е., Бектурганова А.А.;

- вирусология және микробиология (2017 ж.); ұйымдастырушы аға оқытушы Байтакова А.С.;

- кондитерлік цех(2017 ж.); ұйымдастырушылар Есиркеп Г.Е., Муканова К.А.;

- практикалық кабинеті «Технологии и стандартизации» (2017ж.); ұйымдастырушылар Ошакпаев П.О, Хавилхан О., Карманова Г.К

Білім беру бағдарламасында мамандарды даярлауды жүргізу үшін 2008 жылғы 16 шілдеде № 0064024 мемлекеттік лицензиясы алынды. Қазақ технология және бизнес университеті 2016 жылдың 7 маусымында үш жылдық кезеңге жарамды институционалды аккредиттеу туралы сертификат алды, тіркеу нөмірі № 0072. 

Білім беру бағдарламаларын жүргізуге арналған лицензия-АБ № KZ23LAA00007644, жарамдық мерзімі – шектеусіз , берілген уақыты 2016 жылдың 12 қазаны, бұйрық ККСОН МОН РК № 1013 2016 жылдың 12 қазаны. 

Қазіргі заманғы азық-түлік өнімдерін басқару үшін озық технологияларды енгізу, жаңа тағам өнімдерін жасау, олардың мониторингі мен сапасын арттыру, азық-түлік өнімдерін өңдеу мен сақтаудың жаңа әдістерін әзірлеу қажет.

Кафедрадағы болашақ мамандарды даярлау әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану-ғылыми, жалпы кәсіби және арнайы пәндерді зерттеуге негізделген.

Білім беру бағдарламасы бойынша оқыту жалпы орта білім негізінде ішкі формада жүргізіледі:

5В070100–Биотехнология» 

5В072700–«Азық- түлік өнімдерінің технологиясы»

5В072800–«Қайта өңдеу өңдірісінің технологиясы»

5В073200–«Стандартизация және сертификация (сала бойынша)» 

Бакалавр түлектеріне мына академилық дрежелер иеленеді: технология бакалавыры және мамандықтар бойынша технологясы

5В070100 – «Биотехнология»,

5В072700 – «Азық- түлік өнімдерінің технологиясы»,

5В072800 – «Қайта өңдеу өңдірісінің технологиясы»

5В073200–«Стандартизация және сертификация (сала бойынша)».

Оқу, мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыру және дипломдық жұмысты қорғау арқылы аяқталады (3 кредит немесе 6 ECTS).

FaLang translation system by Faboba
Қоңырауға тапсырыс беру