«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы

 

 

 

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

«Ақпараттық технологиялар» кафедрасы «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының қайта ұйымдастырылуына байланысты, 2010 жылдың тамыз айында құрылды. Кафедра 5В070300 және 6М070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша бакалаврлар мен магистрлерді даярлауды жүзеге асырады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Кафедраның білім беру және ғылыми қызметін 20 оқытушы, оның ішінде 2 – ғылым докторы, 8 – ғылым кандидаты, 10 техникалық ғылымдар магистрі жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта кафедраға п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.Т. Абдолдинова жетекшілік етеді. Кафедрада физика, электр тізбегінің теориясы және схемотехника зертханалары және интернет желісіне қосылған ақпараттық жүйелер, бағдарламалау, компьюютерлік моделдеу кабинеттері бар. Дәріс аудиториялары интерактивті мультимедиалық тахталармен жабдықталған.

Кафедраның білім беру қызметі әлемдік ғылыми мұра мен инновациялық білім беру технологияларына негізделген. Кафедра оқу процесін ұйымдастырудың белсенді нысандары мен әдістерін пайдаланады, студенттерді ғылыми-зерттеу процесіне тарту мен жаңашылдықты кеңейтеді, ҚР, Ресей, таяу және алыс шетелдің жетекші ЖОО-ның кафедраларымен, сондай-ақ мемлекеттік, коммерциялық кәсіпорындармен ынтымақтастықты дамытады. 

Кафедра «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратура бойынша мамандарды мемлекеттік және орыс тілдерінде даярлауды жүргізеді.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының түлектері өздерінің еңбек жолын адам қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттық жүйелерді әзірлеуші, енгізуші және пайдаланушы кәсіпорындар мен меншіктің түрлі нысандағы ұйымдарында жүзеге асырады және бағдарламалық-аппараттық қорғауды жобалау, пайдалану, әкімшілік ету, сүйемелдеу, тестілеу және қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды білікті түрде жүзеге асыра алатын болады.

6М070300 – Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша магистратурада ғылыми-зерттеу және бейінді бағыттар ойынша мамандарды даярлау жүргізіледі.

Магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері:

- бейінді даярлау барысында (1 жыл):

  • мемлекеттік басқару органдары;
  • өнеркәсіп кәсіпорындары;
  • қаржы ұйымдары мен т.б.;

- бейінді даярлау барысында (1,5 жыл):

  • мемлекеттік басқару органдары;
  • өнеркәсіп кәсіпорындары;
  • қаржы ұйымдары мен т.б.;

- ғылыми-педагогикалық даярлау барысында (2 жыл):

ғылыми-зерттеу ұйымдары;

  • мемлекеттік басқару органдары;
  • оқу орындары;
  • жобалық ұйымдар;
  • өнеркәсіп кәсіпорындары және т.б.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратураның түлегіне «техника және технологиялар магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Кафедраның түлектері «Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы» АҚ, «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, Г.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, С. Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетінде, Цесна банкта, Көлік және коммуникациялар колледжінде, «Астана-Жылутранзит» АҚ-да және т.б. сынды жұмыс орындарында жұмыс істейді.

«Ақпараттық жүйелер» бойынша маманның кәсіби қызмет саласы:

- өнеркәсіп,

- ғылым,

- білім,

- мәдениет,

- денсаулық сақтау,

- ауыл шаруашылығы мен мемлекеттік басқару және тағы басқалары.

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының түлегі оқу аяқталған соң:

—  бағдарламалық өнімді пайдалану, компьютерлік техниканы жөндеу барысында сапаны талдау және бақылауға (кәсіби құзыреттілік) қатысты мәселені өздігінше шеше алатын болады;

—  жобаларды басқару, құру және енгізу мен ақпараттық жүйелердің әдістерін және технологияларын әртүрлі жағдайларда тиімді пайдалануға қабілетті болады;

—  қазіргі заманғы құраларды пайдалана отырып бағдарламау (кәсіби құзыреттілік);

—  деректер базасын өңдеу;

—  ақпараттық жүйелерді әзірлеу және енгізудің жеке және шетелдік тәжірибесін талдау бойынша қабілеттерді меңгеретін болады;

—  бағдарламалық өнімдерді әзірлеу барысында техникалық құжаттаманы;

—  бағдарламалық өнімдердің құжатталуын жүргізу ережесі мен тәртібін білетін және түсінетін болады;

—  бағдарламалық өнімдерді әзірлеуге шығындарды есептеу әдістерін;

—  ақпараттық жүйелердің аппараттық және бағдарламалы-аппараттық кешендерімен жұмыс істеу;

—  ақпараттық жүйелердің аппараттық құралдарының құрылысы мен жинақталуын таңдау;

—  нақты салаларда ақпараттық жүйелерді және олардың элементтерін жобалау дағдыларын меңгеретін болады;

Кафедраның қызметкерлері, студенттері мен магистранттары ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысады.

Кафедраның ғылыми қызметі төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  1. Білім беруді цифрландыру
  2. Кәсіпорынның IT- инфрақұрылымын модельдеу
  3. Бейнені және дыбыстарды сандық өңдеу
  4. Шағын және орта бизнес үшін мобильді қосымшаларды енгізу әдістемесі және технологиясы
  5. Параллель есептеулер
  1. Білім беруді цифрландыру
  2. Құзыреттілік орталығы
  3. Бағдарламалаушылар студенттік клуб
  4. IT-қызметтерді коммерциялық енгізу бойынша перспективалық шаралар
  5. IT- мамандарын даярлаудың перспективалары мен мәселелері

Кафедра «АКТ саласындағы құзыреттілік орталығы» ғылыми-зерттеу зертханасын құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. «АКТ саласындағы құзыреттілік орталығы» мақсаты - білім беру саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және оларды белгілі бір білім беру мекемелеріне бейімдеуге ықпал ететін инновациялық педагогикалық / басқарушылық тәжірибелерді, педагогикалық технологияларды, авторлық бағдарламаларды тарату.

Студенттер мен магистранттардың өндірістік, оқу-әдістемелік және ғылыми тәжірибелерін тиімді жүзеге асыру үшін кафедра Астана қаласының мынадай кәсіпорындарымен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасайды:

  1. «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» АҚ
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Электрондық денсаулық сақтаудың республикалық орталығы» РМҚК РМК
  3. «CERT-ASTANA» МКК
  4. «Астана-Ырыс» ЖШС
  5. «Бисси» ЖШС
  6. «ҚР Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі
  7. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ
  8. «LINCOMPANY» ЖШС

Студенттер аталған кәсіпорындарда алған білімдерін нығайтады, өздерінің ғылыми және практикалық зерттеулерін жүзеге асырады. Өндірістік практикалардың нәтижелері бойынша ең қабілетті және ерекшеленген студенттер жұмысқа орналасуға шақырту алады.

Кафедраның жетекші отандық және шетелдік университеттермен ғылыми байланысы бар, атап айтқанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан), А.А. Жданов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей), Т. Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті (Украина), Қырғызстанның халықаралық университеті (Қырғызстан) және т.б.

Кафедраның жетекші оқытушылары жетекші шетел университеттерінде ғылыми-педагогикалық дағдыларын жүйелі түрде жетілдіріп отырады. Ф.-м.ғ.к. Ермеков Нұрмұхамбет Тұрлынұлы Мәскеуде 2017 жылдың 25-27 қыркүйегінде өткен EDCRUNCH 2017 «Білім беру 3.0., Даралау және дербестендіру технологиялары» атты жыл сайынғы III халықаралық конференцияға және 2018 жылы Санкт-Петербургте Еуразиялық білім беру сапасын бағалау қауымдастығы (EAOCO) конференциясына қатысты.

Абдолдинова Гүлсім Төлегенқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі «Erasmus+» бағдарламасы шеңберінде 2017 жылдың 15 мамыры мен 19 мамыры аралығында Bialystok University of Technology (Белосток қ., Польша) іс сапармен барды.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу бағдарламасына сәйкес Пенза мемлекеттік университетінің профессоры Игорь Иванович Кочегаров 2018 жылдың 15 қазанынан 15 қараша аралығында «Ақпараттық технологиялар» кафедрасына шақырылды.

Сапардың мақсаты шетелдік жетекші оқу орындарында қолданылатын жаңа білім беру әдістерін дамыту, шетелдік жоғары оқу орындарының әріптестері арасында білім мен тәжірибе алмасу болып табылады. Сондай-ақ, бұл сапар педагогикалық әдістер саласында тәжірибе және білім алмасуға, жоғары оқу орындарының арасындағы байланыстарды орнатуға ықпал етуі мүмкін.

2017 жылдың 10–12 мамыры аралығында Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің Сыртқы сараптамалық комиссиясымен мамандандырылған білім беру бағдарламаларын аккредиттеу стандарттарының талаптарына сәйкесуін бағалау бойынша 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» және 6М070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары аккредиттеуден сәтті өтті.

«5В070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша университет іске асыратын білім беру бағдарламасы өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарының талаптары ескеріле отырып әзірленді және білім беру процесін ұйымдастыруға арналған құжаттар жүйесіне ие және ЖОО түлектерінің жоғары теориялық және практикалық дайындықты алуына бағытталған.

«5В070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығының білім беру бағдарламасы білім беру процесін іске асыру мақсатын, күтілетін нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологиясын, даярлаудың осы бағыты бойынша түлектің дайындық сапасын бағалауды, сонымен қатар бағдарламаның сипаттамасын және түлектің кәсіби қызметінің бағытын; оқыту нәтижелерін бағалау саясатын; білім алушылардың дайындық сапасын қамтамасыз ететін білім беру процесін ұйымдастыруды  реттейді: білім беру бағдарламасын құрайтын модульдер сипаттамасы, тиісті білім беру технологияларын іске асыруды қамтамасыз ететін әдістемелік материалдар.

«5В070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын іске асыру тиімділігін арттыру үшін:

  • университетте алған теориялық білімді тереңдету, жүйелеу, жалпылау және нақтылауға,
  • мамандану саласында кәсіби маңызды дағдылар мен біліктерді жетілдіруге,
  • білім алушылардың кәсіби ортамен танысуына және жалпы мамандық бойынша практикалық тәжірибе мен дағдыларды алуға бағытталған іс-шаралар қолданылады.

«5В070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы базасында 2018–2019 оқу жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің екі білім беру бағдарламасын іске асыру қарастырылған:

  1. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ инженерия (бакалавриат).

 

«Бағдарламалық инженерия» мамандығы кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында өзін сынап көруге мүмкіндік береді:

  • Жаңа бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
  • Жобаларды басқару
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу
  • Пайдаланушы интерфейстердің дизайны
  • Корпоративтік web-қосымшаларды жобалау
  • Мобильді құрылғыларға арналған қосымшаларды жобалау
  • Жоғарыда аталған салаларда ғылыми мансап

Оқу аяқталған осы мамандықтың түлегі бағдарламалық қамтамасыз ету мен бағдарламалық құжаттаманы жобалай, әзірлей алатын болады; бағдарламалық өнімнің тіршілік циклін қалыптастыра, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу әдістері, құралдары мен технологияларын пайдалана, ұжымда жұмыс істей алатын болады.

  1. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ IT–менеджмент(бакалавриат).

 

Түлектер мынадай дағдыларды меңгереді:

- басқару шешімдерін әзірлеу үшін іскерлік ақпаратты жинақтау, өңдеу және талдау;

- стратегиялық және тактикалық жоспарлау;

- нарықты бағалау, бәсекелес өнімдерді, қызметтер мен жұмыстарды құру үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу;

- кәсіпорында басқару технологияларын қолдану;

- компанияларды дамытуды бизнес-модельдеу;

- корпоративтік қаржылар саласында қаржылық есептеудің әртүрлі әдістері;

- ақша ағындарын бағалау, жоспарлау және бақылау;

 

«IT-дағы менеджмент» мамандығының түлегі:

- менеджер, жоба менеджері, бизнес-аналитик;

- IT-технологияларды бизнеске енгізу бойынша консультант;

- IT, ұйымдардың және мекемелердің экономикалық, қаржылық, әкімшілік бөлімшелерінің, компаниялардың, банктердің басшысы және т.б. ретінде жұмыс істей алады.

 

  1. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ инженерия(магистратура);

 

«Ақпараттық жүйелер және бағдарламалық инженерия» магистратура бағдарламасын меңгерген түлектердің кәсіби қызметінің саласы түрлі мақсаттардағы ақпараттық-есептеу жүйелері үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің индустриалдық өндірісін қамтиды. Магистратура бағдарламасын меңгерген түлектердің кәсіби қызметінің объектілері ақпараттық-есептеу жүйелерінде деректерді өңдеу әдістері мен алгоритмдері; параллельді, жоғары өнімді және тарату ақпараттық-есептеу жүйелері; бағдарламалық қамтамасыз етуді өндірістік тестілеу; бағдарламалау тілдері және олардың трансляторлары; жүйелік протоколдар және жүйелік қызметтер; операциялық жүйелер болып табылады.

 

  1. ақпараттық жүйелер және IT–менеджмент (магистратура).

 

Оқыту мақсаты. IT –Менеджмент саласында кәсіби құзыреттіліктерге ие магистрлерді даярлау; бизнес ортаға және мемлекеттік басқару жүйесіне қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер саласында басқару кадрларын даярлау.

 

«Ақпараттық жүйелер және it –менеджмент» мамандығының түлектері:

  • ақпараттық ресурстардың жүйелік аналитиктері
  • бизнес-аналитиктер
  • ақпараттық ресурстарды енгізу және пайдаланудың экономикалық және басқару мәселелері бойынша консультанттары
  • жаңа IT-технологиялар мен жүйелерді енгізу бойынша менеджерлер
  • есептеу (ақпараттық-есептеу) орталығының экономистері
  • БАЖ бөлімшелерінің басшылары
  • ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша әзірлеушілер мен мамандар
  • IT-жүйелерді жобалау және реинжинирингі бойынша мамандар
  • ақпараттық ресурстар мен жүйелерді басқару саласындағы мамандар бола алады.

 

Ф.И.О

Должность

 1.

Абдолдинова Г.Т.

п.ғ.к., кафедра меңгерушісі

2. 

Джумамухамбетов Н.Г.

ф.-м.ғ.д., профессор

3. 

Наби Ы.А.

п.ғ.д., профессор

4. 

Туленбаев К.С.

ф.-м.ғ.к.,  доцент

5. 

Папышев А.А.

п.ғ.к., доцент

6. 

Нурмагамбетов М.Ш.

а.-ш.ғ.к, доцент

7.

Ермеков Н.Т.

ф-м.ғ.к., доцент

8.

Абдихалыков А.Т.

ф-м.ғ.к., аға оқытушы

9. 

Дуйсекеев Д.З.

э.ғ.к., доцент

10. 

Бирликов С.М.

магистр,  аға оқытушы

11. 

Жармаганбетова Г.М

магистр,  аға оқытушы

12. 

 Уайсова М.С.

магистр,  аға оқытушы

13.

Слямова Э.М.

магистр,  аға оқытушы

14. 

Талгат Амангуль

магистр,  аға оқытушы

15. 

Анетова А.Ж.

магистр,  аға оқытушы

16. 

Таржибаева Б.Е.

аға оқытушы

17.

Токаева А.

магистр,  аға оқытушы

18. 

Бекмагамбетова Г.К.

магистр,  аға оқытушы

19.

Ергеш М.Ж

магистр, оқытушы

FaLang translation system by Faboba
Қоңырауға тапсырыс беру