Барлық жаңалықтар
Уважаемые абитуриенты! Хотим сообщить вам о том, что идет набор в магистратуру по следующим образовательным программам: 7М04132 – «Экономика», 7М04133 – «Менеджмент» (1 год), 7М04134 – «Менеджмент» (2 года), 7М04135 – «Государственное и местное управление», 7М06136 – «Информационные системы», 7М06137 – «IT менеджмент», 7М07138 – «Химическая технология органических веществ», 7М07239 – «Технология продовольственных продуктов» (по отраслям), 7В07240 – «Нефтегазовое дело», 7В07241 – «Пищевая безопасность», 7В07242 – «Технология и конструирование изделий легкой промышленности», 7В07245 – «Горное дело: открытая и подземная разработка месторождений полезных ископаемых». Документы принимаются до 11.09.2020

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі
Канафиева Күләнда Қабылсейітқызы
пед.ғ.к., кафедраның қауымдастырылған профессоры
---
----
2/503
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Құрметті достар!

Біз сіздерді «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының парақшасында қуана күтеміз!

Бүгінгі күні Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы өз алдына қойылған міндеттер бойынша жеке шешім қабылдай алатын, әр түрлі бағыттағы кәсіби мамандарды біріктіріп отырған бірегей, біртұтас, күрделі жүйедегі құрылым болып табылады.

Кафедраның алдында барлық курстардың және дайындық бағыттарының студенттерімен жұмыс істеудің жауапты міндеті тұрады. Дәл осы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы алғаш университет табалдырығын аттаған болашақ мамандарға теориялық және практикалық деңгейде іргестас қалайды, жұмыста өзіндік стилі, қоршаған орта жайында өзіндік пікірі бар, жан-жақты шығармашылық тұлға қалыптастыруға қатысады.

Сайма-сай деңгейі мен бейіні бар білікті маман даярлаудағы үлкен жауапкершілікті ұғына отырып, біз әр студентке өзін-өзі жинақтауына, өзіндік тәртіпке бейімделуіне көмек береміз. Әр оқытушы студентпен жеке жұмыс жүргізу шеңберінде оның білімінің алғашқы деңгейін есепке алады, өйткені оқытушының өз кәсіби міндетін іске асырудағы сапалы қызметі ғана болашақ маманның парасатын, құзыреттілігін және шығармашылық мүмкіндігін дамытуға ықпал ете алады

Біздің сайттан сіз өзіңіздің оқуыңызға, жұмысыңызға қажетті пайдалы және қызықты ақпарат табады деп үміттенеміз.

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы 2000 жылы қоғамдық және жалпытарихи пәндер кафедраларын қайта құру нәтижесінде құрылды. 2013 жылға дейін кафедра «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы деп аталды. «Қазақстан – 2050» Стартегиясына және Қазақстан Республикасының тарихын зерттеу бойынша құрылған Ведомствоаралық топтың кеңейтілген мәжілісінің қорытындыларына орай Мемлекеттік хатшы М.Тажиннің нақты тапсырмаларына сәйкес университеттің Ғылыми кеңесінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының атауын «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды (2013 жылғы 29 тамыздағы № 8 Хаттама).

Біздің мақсатымыз - жеке көзқарасқа негізделген гуманистік дүниетанымдық көзқарас, әлеуметтік сана, патриотизм, сыни ойлау элементтері, студенттердің жеке және кәсіби мәдениетін қалыптастыру.

Кафедра алдына қойылған мақсаттарды іске асыру барысында төмендегідей мәселелер жүзеге асырылады:

  • гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды оқытудың мазмұнын және әдістерін жаңарту;
  • инновациялық білім беру бағдарламаларын дайындау және енгізу;
  • факультеттің шығармашылық әлеуетін барынша пайдалану;
  • кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру барысында кафедраның мүмкіндіктерін пайдалану;
  • қызметкерлер мен студенттердің рухани-адамгершілік деңгейін және интеллектуалды әлеуетін арттыру.

Эразмус + жобасы аясында ҚАЗҒЗУ Университетінде семинар

Қазан айының 7-10 кундері КАЗГЮУ Университетінде Нұр Сұлтан қаласының орта мектептері мен жоғары оқу орындарының мұғалімдері үшін Эразмус + жобасы аясында 4 күндік семинар «Инклюзивті білім берудің кәсіби дамуы», «Мазмұн мен тілді кешенді оқыту» тақырыптарына өтті. Дәріс берушілер: Daan Romein MSc - Нидерланды, Лейден университетінің Жоғары білім беру мектебінің жоғары білім департаментінің оқу тобының жетекшісі. Henk Frencken MSc - Нидерландыдағы Лейден университетінің аға кеңесшісі. Семинар ағылшын тіліндегі Эразмус + жобасының аясында өтті. Семинарға «Қазақстан тарихы және ӘЖ» кафедрасының аға оқытушысы Айжан Базарбекқызы Турдина қатысты.

 

 

 

Тіл форумы

2019 жылдың 24 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласында «Қазмедиа орталығы» ғимаратында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаһандану және ұлттану үдерісіндегі қазақ тілінің өміршеңдігі» атты форумы өтті.

Форумның мақсаты: Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің қазіргі заман сұранысына сай өміршеңдігін арттыру жолдарын анықтау.

Форумға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық» кафедрасының оқытушылары: С.М. Сапина, Г.К. Камиева, А.Қ. Абдирасилова, Л.М.Оразгалиева, Б.Ж. Джумамухамбетовалар қатысты.

Мәдени сапар

2019 жылы 9 қазанда кафедра аға оқытушылары Оразгалиева Л. М. және Джумамухамбетова Б. Ж. ашық аспан астындағы "Атамекен" мұражайына студенттердің мәдени сапарын ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауы атты 2019 жылғы 2 қыркүйектегі аясында дөңгелек үстел

2019 жылдың 24 қыркүйегі күні 7-қабаттағы конференц залда Қазақ технология және бизнес университетінің экономикалық факультетінде Қазақстан тарихы және гуманитарлық-пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы аясында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің модераторы Қазақстан тарихы және гуманитарлық-пәндер кафедрасының профессоры, т.ғ.к., Тунтеев Назарбек Сатарович. Баяндамашылар: Мухамбетжан Абылай Жортабаевич, Жубаев Сапарбай Дусжанович, Бектенов Самат Жаксылыкович. Дөңгелек үстелде төмендегідей мәселелер талқыланды: Сабақтастық сабағы, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясаты, Қазақстан Республикасында туризмді дамыту перспективалары. Дөңгелек үстелге университет қызметкерлері, университеттің ОПҚ және 2-3 курс студенттері қатысты.

 

 

 

 

 

Кабиболла Шаяхметовпен кездесу

2019 жылдың 23 қазанында Қазақ технология және бизнес университетінің конференц залында Кенесарыханның сенімді серігі Баубек батырдың өмір жолын зерттеген Кабиболла Шаяхметовпен кездесу өтті. Студенттер құрметті қонаққа батыр туралы сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Кеш соңында студенттер алғысын білдірді. Қабиболла Шаяхметов жастарға батыр туралы кітабын тарту етті.

 

 

 

 

 

Кафедра күндізгі және қашықтықтан оқыту түрлерінің барлық мамандықтары бойынша білім алушыларға 18-ден астам гуманитарлық және әлеуметтік пәндерін жүргізеді. Олардың ішінде:

Бакалавриат мамандығы бойынша:

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы.
  • Философия.
  • Мәдениеттану.
  • Саясаттану.
  • Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі.
  • Ақпараттандыру саласындағы нормативтік-құқықтық база.
  • Қоғамдық ғылымдардың негіздері.
  • Қазақ тілі.
  • Орыс тілі.
  • Шетел тілі (ағылшын тілі).
  • Кәсіби қазақ тілі.
  • Кәсіби орыс тілі.
  • Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын тілі).
  • Іскерлік шетел тілі.

Магистратурада:

  • Ғылымның тарихы мен философиясы.
  • Психология.
  • Педагогика.
  • Шетел тілі (кәсіби бағытталған).

Кабинет: 2/503

Тел: +77172-27-92-30 (119)

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

FaLang translation system by Faboba
Call-center
Поздравления

Фотогалерея

Колледж
Аль-Фараби
Абай
Қоңырауға тапсырыс беру