КАЗАХСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ТЕХНОЛОГИИ И БИЗНЕСА - Материалы отфильтрованы по дате: Ноябрь 2016 Яндекс.Метрика
Главная
О КазУТБ
Миссия, цели и задачи
Стратегия развития университета
История развития КазУТБ
Руководство
Президент-ректор
Директор колледжа
Система менеджмента качества
Галерея
Видео
Фотогалерея
Совет ветеранов Казахского университета технологии и бизнеса
Антикоррупция
Антикоррупционная программа КазУТБ на 2015-2016гг.
План мероприятий по профилактике и противодействию коррупции
Сведения о распределении грантов
Абитуриентам
Бакалавриат
Магистратура
Колледж
Двудипломное образование
Образец заявления на получение места в общежитии
Аккредитация и рейтинг
Институциональная аккредитация
План мероприятий по итогам ИА
Специализированная аккредитация
Учебный процесс
УМО
Учебно-методический совет
Нормативно - правовые документы РК
Технологический факультет
Деканат
Кафедра "Технология легкой промышленности и дизайна"
Кафедра "Химия, химическая технология и экология"
Кафедра "Технология и стандартизация"
Кафедра "Информационные технологии"
Экономический факультет
Деканат
Кафедра "Менеджмент и туризм"
Кафедра "Экономика, учет и аудит"
Истории Казахстана и социально - гуманитарных дисциплин
Справочник путеводитель
Справочник путеводитель магистранта
Трудоустройство и практика
Путеводитель
Научная библиотека
Наша библиотека
Читателям
Интернет - ресурсы
Фотогалерея
Международное сотрудничество
Международная деятельность
Двудипломное образование
Меморандум Англия
Меморандум Италия
Академическая мобильность
Иностранные делегации и членство в международных ассоциациях
Колледж
АИС КазУТБ
АИС PLATONUS
MOODLE
Корпоративная почта
Наука и инновации
О научной деятельности КазУТБ
Отдел науки и инновации
Центр научных исследований
Центр коммерциализации и технологий
Студенческий научный кружок
Отдел по воспитательной работе и социальным вопросам.
Общие сведения
Структура комитета
Студенческая жизнь
Новости от Kaz[UTB]Live
Контакты

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-9267.webspace/www/kazutb.kz/ru/components/com_k2/models/item.php on line 494

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-9267.webspace/www/kazutb.kz/ru/components/com_k2/models/item.php on line 494

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-9267.webspace/www/kazutb.kz/ru/components/com_k2/models/item.php on line 494

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-9267.webspace/www/kazutb.kz/ru/components/com_k2/models/item.php on line 494

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-9267.webspace/www/kazutb.kz/ru/components/com_k2/models/item.php on line 494

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-9267.webspace/www/kazutb.kz/ru/components/com_k2/models/item.php on line 494

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-9267.webspace/www/kazutb.kz/ru/components/com_k2/models/item.php on line 494

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-9267.webspace/www/kazutb.kz/ru/components/com_k2/models/item.php on line 494

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-9267.webspace/www/kazutb.kz/ru/components/com_k2/models/item.php on line 494

Уважаемые студенты 2 и 3 курса!

В рамках академической мобильности студентов  у вас есть возможность пройти 2 семестр 2016/2017уч года в других вузах Казахстана(условия по договоренности)

Требования для участия в программах академического обмена

Внутренняя академическая мобильность.

Необходимые документы при переводе по академической мобильности на один семестр:

  1. Официальное письмо — заявления на имя нашего Президента университета (от руки, синей ручкой на А4);
  2. Разрешение от родителей на имя Президента университета (от руки, синей ручкой на А4, с подписью от родителей/опекунов);
  3. Рекомендательное письмо и/или Характеристика от куратора (от руки, синей ручкой на А4, за подписью декана или заведующей кафедры);
  4. 3 фото 3х4 см; Копия удостоверения личности
  5. Заявление - 2 экземпляра (форма заявления в Отделе ОМС и АМ — второй этаж);
  6. Соглашение - 2 экземпляра(форма заявления в Отделе ОМС и АМ — второй этаж);
  7. Трехсторонний договор -3 экземпляра(форма заявления в Отделе ОМС и АМ — второй этаж);
  8. Индивидуальный учебный план (ИУП) (Спрашивать у куратора); 
    Транскрипт/ Приложение с оценками (спрашивать у Офис-регистратора в деканате).

 

Даты подачи документов для внутренней академической мобильности:

На весенний семестр  до 10 декабря 
(обязательно появиться повторно с 20 декабря по 10 января).

 

ОБЯЗАТЕЛЬНО! Заблаговременно извещать отдел по международным связям и академической мобильности (ОМС и АМ) о своем желании уехать по академической мобильности — это необходимо для налаживания контакта с вузом-партнером, куда желает уехать студент/магистрант/ППС, и для места в общежитие.

 

Желающие учиться  во 2 семестре 2016/17г в Кокшетауском университете им. А. Мырзахметова (имеются 2 места) с предоставлением общежития по специальностям:Учет и аудит, Государственное и местное управление; Экология; Информационные системы; Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды; Туризм просим обращаться в ОМС и АМ (старый корпус)

 

 

Опубликовано в Архив
Понедельник, 28 Ноябрь 2016 10:24

Халықаралық конференция!

«Қазақстан Болон процесінде: жетістіктері және болашағы»

 

       2016 жылғы 25 қарашада «Пекин Палас Soluxe Hotel Astana»  қонақүйі ғимаратында үлкен бас  қосу болып өтті. Біздің Қазақ технология және бизнес университетінің қызметкерлері «Қазақстан Болон процесінде: жетістіктері және болашағы»  халықаралық конференциясының жұмысына қатысқан болатын. Конференция ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығымен ұйымдастырылған еді.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Ахмед-Заки Дархан Жұмақанұлы құттықтау сөз сөйледі және «Қазақстанда Болон процесі параметрлерін жүзеге асыру: жетістіктері және болашағы» атты негізгі баяндама жасады.

    ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығының директоры Нұрмағанбетов Амантай Әбілхайырұлы «Кредиттік ұтқырлықты жүзеге асырудағы қазақстандық ЖОО-ның тәжірибесі» жөнінде баяндама жасады.

      -Бұл жалпы өте маңызды шара. Тәуелсіздік алғалы бері бірінші рет 1994 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша студенттерді шетелге жібердік. Сонда бір үлкен қиыншылық болған еді. Мысалы біздің 2-3-4 курс студенттерін шетел оқу орындары 1 курсқа қабылдады. Себебі олар мен біздің оқу жүйеміз сәйкес келмеді. Сөйтіп барған студенттеріміз қайта 1 курсқа қабылдланып, уақытын жоғалтып алғандары бар еді. Сондықтан жүйемізді өзгертіп, Болон жүйесіне кіріп жатқанымыз осы еді. 1995  жылдан бастап көше бастадық. Ал, ресми түрде  2013 жылы Болан жүйесін қол қойып, кірген едік. Міне, 6 жыл бойы Еуропа білім жүйесінде жүрміз. Біз бүгін бірінші рет өткізіп отырмыз осындай конференцияны. Бүгінгі мақсатымызда осы 6 жыл бойы не атқардық және болашақта жасалатын жұмыстарымызды талқылау болып табылады,- деп Амантай Әбілхайырұлы ойын білдірді.

      Сондай-ақ Қазақстандағы «Эразмус+» бағдарламаларының Ұлттық кеңес ұйымдастырушысы Тасболатова Шайзада Өмірзаққызы  «Еуропалық Одақтың Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына үлесі» атты баяндамасын ана тіліміз, қазақ тілінде сөзін бастаған жалғыз қатысушы еді.

      «Негізі осы мәселе бойынша жоо-ның өкілдері жиі-жиі кездеспейді. Мынау бір керемет платформа болды. Қаншама мәселелер қаралды, талқыланды. Танысып, тәжірибе алмасып жатыр. Мен бас қосу өте маңызды деп білемін. Ал «Эразмус+» бағдарламаларының Ұлттық кеңесінің жұмысына келетін болсақ көбінесе жоғары оқу орындарының басшылары мән  бермейді. Қазіргі кезде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і көшбасшы болып тұр. 13-17 жобамен жұмыс жасап жатыр. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қарап отырған жоқ. Көптеген жобалармен жұмыс жасап жатыр,- деді Тасболатова Шайзада Өмірзаққызы.


     Конференцияны қорытындылай келе қатысушылар ұсыныстар қабылдады. Барлық конференцияға қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

 

 

ҚазТБУ Баспасөз қызметі.

 

Опубликовано в Архив
Суббота, 26 Ноябрь 2016 12:02

Работа для студентов в EXPO 2017

Как Вы знаете с 10 июня по 10 сентября 2017 года в Астане будет проходить Международная выставка EXPO 2017.

Австрия официально представляет на выставке свой павильон, презентация которого  будет проходить в нестандартной и неожиданно иной форме, отличающейся от дизайна ЭКСПО. Павильон продемонстрирует инновационный и креативный потенциал Австрии. Посредством использования игровых элементов устанавливается взаимосвязь человека с тематикой "Энергия будущего".

Мы ищем персонал для работы в нашем павильоне, кто хотел бы внести свой вклад в наш общий успех на EXPO 2017 в Астане!

Обязанности и требования к соискателю:

  • понятие стандарта качественного обслуживания;
  • сущность гостеприимства как составляющая качественного обслуживания, прежде всего продается впечатление, поэтому важно, чтобы клиентам не передавались негативные эмоции, они должны чувствовать себя психологически комфортно;
  • коммуникабельность, доброжелательность,  уметь работать в коллективе;
  • вежливость, дружелюбие, энтузиазм, взаимодействие с коллегами, отношения с гостями;
  • гибкость, адаптируемость  при работе с нагрузкой, при стрессе;
  • принятие ответственности, инициативность;
  • личная гигиена; ухоженный  и опрятный вид;
  • дисциплинированность, пунктуальность;
  • понятие  качества работы, внимание к деталям;
  • способность выполнять задания до конца;
  • владение разговорным  английским языком (немецкий и др языки приветствуется) ;
  • искреннего желания быть полезным и гостеприимным;
  • умение производить хорошее впечатление на гостей уровнем своих знаний и гибкостью общения;
  • умение правильно выражать свои мысли, соблюдать речевой этикет.

Период работы: 1 июня - 15 сентября 2017.

Место работы: Астана.

В связи с этим просим  студентов и выпускников  КазУТБ  в случае заинтересованности в этой работе  предоставить резюме и мотивационное письмо на английском языке (CV: максимум 2 страницы, письмо: максимум 1 страница) до 9 декабря 2016 года в EXPO- офис в Вене:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Опубликовано в Архив
Пятница, 18 Ноябрь 2016 10:14

Маңызды мәселе!

Кітап— алтын қазына!

2016 жылдың  9-12 қараша күндері Астана қаласындағы «Көрме» орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан көрменің ұйымдастырушысы – «Фолиант» баспасы болып табылады.

 

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова көрмеге қатысушыларға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

«Деловой Мир», «Отбасым», «Astana Innovation» журналдарының бас редакторы, «Бас редакторлар Клубы» ҚБ вице-президенті  Сыздықова Шолпан Викторовна аталмыш көрме жайында ойын былай білдірді:

«Бүгін көрмеге халық көп жиналды. Тек еліміз бойынша емес Ресей, Беларус, Польша, Германия, Тәжікстан, Қырғызстан  және өзгеде алыс жақын елдерден барлығы 14 мемлекет қатысты.  Өзіңіз білесіз, қазіргі уақытта кітап оқырмандар саны азайып кетті. Әрине, өкінішті. Бірақ бізде «Деловой Мир» баспасы өз тарапымыздан халыққа елеулі қызмет етудеміз. Біз заманауй, пайдалы, қолжетімді және қайталанбас кітаптарымызды халыққа ұсынып отырмыз. «Кітап — ғалым, тілсіз мұғалім» демекші осы «тілсіз» мұғалімнің жағдайын біз қазір ең бірнші орынға қойып, жастар және аға буын өкілдері қолдарына көбірек алатын болса Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жаман болмас деп ойлаймын».

Университетіміздің Оқу-тәрбие және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Танкибаева Мереке Хафизқызы:

«Мен бүгінгі шараны тарихта ойып тұрып алар өз орны болады деп ойлаймын. Өйткені, 1 желтоқсан тұңғыш президент күні   жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам болса, Қазақ Елінің Тәуелсіздігінің 25 жылдығыда үлкен мереке. Осындай үлкен мейрамдарымыздың қарсаңында кітап пен оқырмандарымызды жүздестіру бұл керемет шара. Міне, жақында «Астана аруы-2016» байқауының жеңімпазы Елназ Нұрсейтова қызымызда Елбасы туралы кітапқа өз қызығушылығын білдіріп тұр. Қазіргі техника жақсы дамыған заманда жастардың қолына кітап ұстауы, көңіл бөлуі бұл ғажап нәрсе!»

 

ҚазТБУ Баспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Пятница, 18 Ноябрь 2016 10:12

Заман талабы!

Көркемдік көрермен көзайымы!

Биыл қараша айының  4 күні  «Жеңіл өндіріс технологиясы мен дизайн» кафедрасының   доценті, ғалым-суретші Қазанғап Төлеутай Махметұлы Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында іс-сапарда болып қайтқан еді. Ғалымның іс-сапарда болу мақсаты ҚР БжҒМ Республикалық  оқу-әдістемелік кеңесінің  сәулет-құрылыс және дизайнерлік бағыттағы мамандықтары бойынша  оқу-әдістемелік мәжілісінде талқылау болып табылады. Мәжіліс барысында «Сәулет», «Дизайн», «Құрылыс»  мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік комиссияларының жұмысы  қаралды. Сондай-ақ мәжілісте осы аталған мамандықтар бойынша әртүрлі мәселелерде талқыланды.

Іс-сапардан оралған ғалым Төлеутай Махметұлы  өзі қызмет атқаратын Қазақ технология және бизнес  университетінің «Жеңіл өндіріс технологиясы мен дизайн» кафедрасының ұжымымен мәжілісте көтерілген мәселелер және құжаттары жөнінде семинар өткізген еді. «Еуразия дизайнерлер одағы»  төсбелгісінің иегері, ғалым Төлеутай Махметұлы аталмыш семинарда әріптестерімен бірге Бейнелеу өнері, Дизайн, Жеңіл өндіріс технологиясы мамандықтары бойынша өзгеде өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салды.

ҚазТБУБаспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Пятница, 18 Ноябрь 2016 10:11

Жағымды жаңалық!

Аттары аспанда асқақтаған!

Жақында Қазақ технология және бизнес университетінің «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Искакова Жанар Бақтыбайқызы Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды. Құрмет грамотасында оның тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары мен оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін берілгендігі жөнінде аталған.

 

Сондай-ақ Жанар Бақтыбайқызы  және  «Экология» мамандығының 3 курс студенттері Бекбол А., Маликова К., Танабаева А. «Балалардың қысқы ойын алаңдарының экологиялық жағдайын зерттеу» атты ғылыми-зерттеу жұмысын сәтті аяқтады. Өйткені, Республикалық  жарыста осы жұмыс 3 орынға иеленіп Қазақ технология және бизнес университетінің аты ғылым саласында бір көтеріліп қалғаны рас.

Осыған орай  ғылыми жетекшілері Искакова Ж.Б. және ҚазУТБ студенттерінің  жеңісімен құттықтап бар жақсылықты тілейміз.

ҚазТБУБаспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Пятница, 18 Ноябрь 2016 10:11

«Астана ЭКСПО-2017»

Келешек көрмесі

Ағымдағы жылдың қараша айының 11 күні Қазақ технология және бизнес  университетінің ғимаратында «ЭКСПО-2017  халықаралық көрмесіне Астана қаласының  жоо-ның ролі және үлесі» атты дөңгелек үстел  болып өтті.

 

Аталмыш шараны  «Қазақстан әйелдері Ассоциациясы», «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы және Қазақ технология және бизнес университетіннің  ұйымдастырылуымен өткен еді. Шараныңмақсаты  алда келе жатқан  «ЭКСПО-2017  халықаралық көрмесіне Қазақ технология және бизнес университетнің экскурсовод-гид, даяшы, қонақ үй қызмет ету менеджерлерін сондай-ақ еріктілерді даярлау барысында университеттің кадр мәселесіне байланысты атқаратын көмегі еді.

 

«EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымының Президиум төрайымы  Рахимбекова Салтанат Темірқұлқызы:

«Негізі біз жастарды болашағына байланысты пайдасы бар мамандықтарға  бағыт беріп, тартуымыз қажет. Олардың қазіргі мамандықтары дүниежүзі бойынша сұранысқа ие мамандықтар. Осы көрме алдында қазір біз жастар көптеген кездесулер ұйымдастырып жүрміз. Осындай үлкен керемет шараға бәріміз қатысуға ат салысуымыз керек. Оған жәй ғана қатыспай мән-мағынасын түсініп, қолдауымыз керек. Осындай жаңа кезедердегі  қажетті мамандықтардың мағынасын жастарымыз түсіне отырып елімізге қызмет етсе дұрыс болар еді. Бүгінгі дөңгелек үстел барысында біраз жайттарды ойттық. Олар жастар арасында конкурстар ұйымдастырсақ,  жастардың жасыл технологияға өз көзқарастары,  жасыл энергетикаға байланысты өздерінің макеттерін даярласа, өздерінің ұсыныстарын берсе дұрыс болар еді.  Мысалы, қазақтың қандай керемет қолөнер заттары бар. Таза тері, жүн, киіз заттарынан жасалған дүниелерді ертең келген қонақтарға ұсынсақ қандай керемет! Мен ойлаймын қазіргі жастар уақытты текке кетірмеу керек. Өзіне және еліне пайдалы іспен айналысқаны дұрыс болар!» деп ойын жеткізді.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында Англия, Франция және өзге елдердің белгілі ғалымдары және дизайн саласының мамандарымен тікелей желіде, телекөпір өткен болатын. Осы телекөпір барысында мамандар өз араларында қазіргі дизайн саласының заманауй мәселелерін қарастырған еді.

Сонымен қатар  дөңгелек үстел барысында ҚазУТБ жанынан студенттер арасынан «Экскурсия жүргізу мамандар» мектебі ашылатыны белгілі болды. Егер қатысуға ниет білдірген студенттерімізге  есік ашық екені мәлім болды.

ҚазТБУБаспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Пятница, 18 Ноябрь 2016 10:04

Жалындаған жастық !

Білімді жас - жарқын болашақ!

2016 жылдың 11-12 қараша аралығында «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХIV Республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу рәсімі Қазақ технология және бизнес университетінің жаңа ғимаратында өткен еді. 

 

Шараға қабылдаушы аймақтан басқа барлық облыстар мен Алматы қаласы бойынша жеңімпаз атанған командалар қатысақан болатын. Аталмыш турнирдің мақсаты – жастар арасында пікірсайыс қозғалысына қолдау көрсету, қоғамдық пікір көшбасшыларын анықтау, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы жастардың рөлін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында келелі тақырыптарды талқылай отырып, ел жастарының азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады.

Университетіміздің Оқу-тәрбие және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Танкибаева Мереке Хафизқызы:

«Қайырлы таң қонақтар! Бүгін мен осы біздің жаңа ғимаратымызға әр тақырыпта емін-еркін пікірсайыс өткізе алатын, ойларын жеткізе алатын жастардың жиналғанына қуаныштымын. Біздің университет ұжымы және басшылығы атынан қош келдіңіздер дегім келеді. Ең бастысы осы шараны 14 рет жыл сайын үзбей өткізіп келе жатқан ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясына үлкен рахмет айтқым келеді. Бүгінгі жұмыстарыңыз жемісті болсын, пікірталастарыңыз сәтті аяқталсын!»

 «Жас Отан» ЖК  секретариат басшысы  Әнуар Жақыпов:

«Негізі бұл пікірталас тарихы сонау 2003 жылдан басталады. Бұл негізінен ауыспалы, яғни, жеңген аймаққа кубок кетеді. Бұл дәстүрлі ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі пікірсайыста еліміздің 25 жылдығына арналып отыр. Осы уақытқа дейін еліміздің 9 облысын аралап шықты». 

 Бұрыннан демократияның ажырамайтын бөлігі болып табылатын пікірсайыс бүгінгі таңда да жас ұрпақтың логикалық ойлауын, сын ой-өрісін, көзқарасын түзетіп, дамытатыны рас.

Қазақ және орыс тілді лигаларға құрамы 2 адамнан жасақталған командалар қатысты. Пікірсайыс турнирі Американдық парламенттік формат бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Аталған формат Қазақстанда өткізілетін турнирлердің дәстүрлі түріне айналған. Үздік спикер Линкольн-Дуглас үлгісі бойынша анықталды.

Турнир жеңімпазы Алматы қаласынан келген жастарға және өзге аймақтардан келген жастарға естелік жүлделер, марапаттау қағаздары және «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогі тапсырылды. Келер жылы дәстүрлі ХV Республикалық пікірсайыс турнирі Алматы қаласында өтетін болды.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Четверг, 17 Ноябрь 2016 17:08

Білімді ел мәңгі ел!

Мамандығым- мақтанышым!

 

Ағымдағы жылдың  қараша айының 1 мен 5 аралығында Оңтүстік Кореяның Дэгу қаласында Бүкіләлемдік «2nd Global Innovator Festa» атты екінші  инновациялық фестиваль болып өтті. Аталмыш фестивальға Қытай, АҚШ, Ұлыбритания  және өзгеде елдердің студенттері қатысқан еді.

 

         Кёминг университетінің ғалымдарының шақыртуы бойынша барған ҚазТБУ «Ақпараттық жүйе» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, ғалым  Сатаев Бағдат Орынғалиұлы және оның шәкірттері осы жиында қазіргі ақпараттық жүйе бойынша пікір аламасып, белсенділігін көрсеткен болатын. Бүкіләлемдік инновациялық фестиваль бірнеше бағыттар бойынша өтті. Олар ақылды құрылғылар, инновациялық идеялар, қосымшаларды әзірлеу және басқада мәселелер. ҚазТБУ студенттері мен Кёминг университетінің жастары бірлесе отырып инновациялық идеялар конкурсына қатысқан еді. Шараға белсенділік танытқан үшін жерлестеріміз арнайы сертификатпен марапатталды. Осы іссапар жайында ғалым ойын былай жеткізді:

-   «Жастар білімге ұмтылуы керек, ғылыммен серіктес болуы керек. Сонда ғана біз дамыған 30 елдің арасына кіретін боламыз. Мен қазақстандық ғалымдар әлемнің мықты зерттеушілерінің санатында болса екен, қазақстандық өндірістер ең соңғы технологиямен жұмыс істесе екен деп армандаймын. Уақыт  жүйрік. Ол ешкімді күтіп тұрмайды. Тоқтап қалсаң, артта қаласың!» деген Елбасының сөзін БАҚ-тан естіп қалып едім.  Міне, бізде 30 дамыған елдің қатарына кіруіміз үшін қазіргі заманауй техниканы жетік меңгеруіміз өте қажет. Сондықтан Қазақстан жастарын осындай әлемдік додалардан, жарыстардан қалдырмай қатыстырып тұрғанымыз жөн деп ойлаймын. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін өте қажет!- деп  ғалым  Бағдат Орынғалиұлы сөзін аяқтады.

 

ҚазТБУ Баспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив

Контакты

Тел./Факс:  8/7172/ 27-92-30,  40-44-12.

E-mail:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.