Басты бет
Біз туралы
Ректор
Университеттің миссиясы және көрсетілімі
Стратегиялық даму жоспары
Сапа менеджмент жүйесі
Университет тарихы
Жалпы грант
Қабылдау
Бакалавриат
Магистратура
Колледж
Лицензия
Аккредиттеу
Оқу үрдісі
Технология Факультеті
Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн
"Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасы
"Технология және стандартизация" кафедрасы
"Ақпараттық технологиялар" кафедрасы
Экономика факультеті
Деканат
"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы
"Менеджмент және туризм" кафедрасы
"Экономика, есеп және аудит" кафедрасы
Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат
Халықаралық бөлім
Қосдипломды білім беру
Қосдипломды білім беру
Қазақстан-Швейцария
Москва институты
ААЖ ҚазТБУ
Platonus
Moodle
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі
Негізгі міндеттері
Комитеттің құрылымы
Студенттік өмір
Галерея
Байланыс

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

Құрметті достар!

Біз сіздерді «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»

кафедрасының парақшасында қуана күтеміз!

Бүгінгі күні Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы өз алдына қойылған міндеттер бойынша жеке шешім қабылдай алатын, әр түрлі бағыттағы кәсіби мамандарды біріктіріп отырған бірегей, біртұтас, күрделі жүйедегі құрылым болып табылады.

Кафедраның алдында барлық курстардың және дайындық бағыттарының студенттерімен жұмыс істеудің жауапты міндеті тұрады. Дәл осы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы алғаш университет табалдырығын аттаған болашақ мамандарға теориялық және практикалық деңгейде іргестас қалайды, жұмыста өзіндік стилі, қоршаған орта жайында өзіндік пікірі бар, жан-жақты шығармашылық тұлға қалыптастыруға қатысады.

 Сайма-сай деңгейі мен бейіні бар білікті маман даярлаудағы үлкен жауапкершілікті ұғына отырып, біз әр студентке өзін-өзі жинақтауына, өзіндік тәртіпке бейімделуіне көмек береміз. Әр оқытушы студентпен жеке жұмыс жүргізу шеңберінде оның білімінің алғашқы деңгейін есепке алады, өйткені оқытушының өз кәсіби  міндетін іске асырудағы сапалы қызметі ғана болашақ маманның парасатын, құзыреттілігін және шығармашылық мүмкіндігін дамытуға ықпал ете алады.

Біздің сайттан сіз өзіңіздің оқуыңызға, жұмысыңызға қажетті пайдалы және қызықты ақпарат табады деп үміттенеміз.

                                                                                                             Құрметпен,

кафедра меңгерушісі

Күләнда Қабылсейітқызы

 

КАФЕДРА ТАРИХЫ

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
       «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы 2000 жылы қоғамдық және жалпытарихи пәндер кафедраларын қайта құру нәтижесінде құрылды. 2013 жылға дейін кафедра «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы деп аталды. «Қазақстан – 2050» Стартегиясына және Қазақстан Республикасының тарихын зерттеу бойынша құрылған Ведомствоаралық топтың кеңейтілген мәжілісінің қорытындыларына орай Мемлекеттік хатшы М.Тажиннің нақты тапсырмаларына сәйкес университеттің Ғылыми кеңесінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының атауын «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы деп өзгерту туралы шешім қабылданды (2013 жылғы 29 тамыздағы № 8 Хаттама). Кафедра қызмет көрсетуші кафедра болып табылады.

 

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Кафедра гуманитарлық, әлеуметтік және филологиялық цикл бойынша 18-ден астам пәндер бойынша оқыта отырып, күндізгі және қашықтан оқитын барлық мамандық студенттерінің білім алуына жан-жақты толықтай қатысады. Олардың ішінде

Бакалавриат мамандықтары бойынша:

1. Қазақстан тарихы;

2. Философия;

3. Әлеуметтану;

4. Саясаттану;    

5. Қазақ тілі;

6. Орыс тілі;

7. Шетел тілі;

8. Кәсіби қазақ тілі;

9. Кәсіби орыс тілі;

10. Кәсіби бағдарланған шетел тілі;

11. Сыни ойлау дағдысы;

12. Дінтану;

13. Гендерлік саясат;

14. Құқықтану

    Магистратура мамандықтары бойынша:

1. Ғылым тарихы және философиясы;

2. Психология;

3. Педагогика;

4. Шетел тілі.

 

КАФЕДРЫ МИССИЯСЫ

Біздің миссиямыз – студенттердің әр қайсысының тұлғасын ескере отырып, гуманитарлық дүниетанымын, патриоттық рухын, дамушылық ойлау дағдысын, жеке және кәсіби мәдениетін қалыптастыру.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕР

         Кафедра алдына қойылған мақсатқа қол жеткізу бүгінгі күні төмендегідей бағыттар арқылы жүзеге асырылады: 

  • гуманитарлық және әлеуметтік пәндердің мазмұны мен оқыту амалдарын жаңарту;
  • жаңаша білім беру бағдарламаларын құру және іске асыру;
  • кафедраның дамуы үшін әлеуетін неғұрлым толық пайдалану;
  • кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісінде кафедра мүмкіндігін дамыту;
  • қызметкерлер мен студенттердің мәдени-адамгершілік деңгейін және әлеуметтік-гуманитарлық салада білім мен құзыреттілікті меңгерген зияткерлік әлеуетін арттыру. 
  • барлық оқыту формалары бойынша білім алатын студенттер және тыңдаушылармен  оқу жұмысын жүргізу;
  • студенттермен тәрбие жұмыстары және аудиториядан тыс жұмыстар;
  • әдістемелік жұмыс;
  • ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  • студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру, кафедра пәндері бойынша ғылыми, оқу және әдістемелік әдебиет жазу және шығару. 



 

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы

 

Аты-жөні

Ғылыми дәрежесі, лауазымы

Канафиева Кулянда Кабылсеитовна

Каф. меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

 2

Хамзин Баки Махметович

Психология ғылымдарының докторы, профессор

 3

Баимбетова Рабига Кабдуловн

Философия ғылымдарының кандидаты, профессор

 4

Танкибаева Мереке Хафизовна

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор

 5

Тунтеев Назарбек Саттарович

Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Бабжанова Гульнара Жетписбаевна

магистр педагогических наук, старшийпреподаватель

 7

Бугыбаева Жанна Бугыбаевна

 

 8

Маметова Сания Сулейменовна

Доктор PhD, қауымдастырылған профессор

 9

Гаррет Стамп

Тарих магистрі, аға оқытушы

 10

Жортушинова  Айман  Кажимуратовна

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

 11

Абдирасилова Айкерим Калыбаевна

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

 12

Лузанов Виктор Александрович

Заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

 13

Кабдий  Нуржанар Ғанибалқызы

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

 14

Рахимова Гульжазира Иляловна

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

 15

Джумамухамбетова Батима Жамшитовна

 

 16

Кенжебулатова Майра Сулейменовна

Старший преподаватель,

 17

Жолумбетов Елнур Маратбекович

Гуманитарлық ғылымдар және экономика магистрі, оқытушы 

 18

Досанова Алма Валиханова

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

 19

Белгибаева Арайлым Алтаевна

Гуманитарлық ғылымдар магистрі, оқытушы

 20

КабылшаевКаирбекИмангалиевич

Кандидат исторических наук, профессор  

 21

Сабирова Зинагуль Кадырбаевна

Старший преподаватель

22

Камиева Гульмира Камиевна

кандидат педагогических наук

23

Кыдыргалиева Жанерке Омаргазыевна

 

Тел: 27-92-30 

Факс: 40-44-12

E-mail:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.