Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.
Басты бет
Біз туралы
Ректор
Университеттің миссиясы және көрсетілімі
Стратегиялық даму жоспары
Сапа менеджмент жүйесі
Университет тарихы
Жалпы грант
Қабылдау
Бакалавриат
Магистратура
Колледж
Қашықтықтан оқыту
Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы
Қос дипломды білім беру
Лицензия
Аккредиттеу
Оқу үрдісі
Технология Факультеті
Деканат
Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн
"Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасы
"Технология және стандартизация" кафедрасы
Экономика факультеті
Деканат
"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы
"Ақпараттық технологиялар" кафедрасы
"Менеджмент және туризм" кафедрасы
"Экономика, есеп және аудит" кафедрасы
Тестілеу және қашықтықтан білім беру бөлімі
Академиялық күнтізбе
Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат
Анықтамалық нұсқау
Абырой кодексі
Путеводитель
Сабақ кестесі
Халықаралық бөлім
Қосдипломды білім беру
Қосдипломды білім беру
Қазақстан-Швейцария
Москва институты
ААЖ ҚазТБУ
Platonus
Moodle
Жастар ісі жөніндегі Комитет
Негізгі міндеттері
Комитеттің құрылымы
Студенттік өмір
Галерея
Байланыс
Дүйсенбі, 19 Қыркүйек 2016 05:36

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!!!

 

          Қазақ технология және бизнес университеті 2016 жылдың 19 қазан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: Білім саласындағы заманауй технология» атты халықаралық ғылыми-техникалық конференция өткізеді.
     Конференцияға қатысуға ҚР БҒМ өкілдері, Астана қаласының Әкімдігі, ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының Қор өкілдері, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Облыстық және қалалық Білім басқармаларының басшылары, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалымдары, ғылыми қызметкерлері, оқытушылары, докторанттары, магистранттары, студенттері, мектеп оқушылары және жалпы білім саласының қызметкерлері шақырылады.


Конференция жұмысының негізгі бағыттары:


1. Гуманитарлық ғылымдар
2. Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдар
3. Ақпараттық технология ғылымдары
4. Экономикалық ғылымдар
5. Техникалық ғылымдар
6. Сәулет өнері және дизайн
7. Туризм және қызмет көрсету


    Конференция қазақ, орыс, ағылшын, тілдерінде өтеді. Жинаққа конференцияда саралаудан өткен тезистер енгізіледі. Жинаққа кірмеген тезистердің жарнасы авторларға қайтарылады. Конференцияға қатысты іссапар шығындарын қатысушы өзі немесе жіберуші жақ төлейді. Қатысушылар тезистерін 2016 жылдың 7 қазанға дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына жіберу қажет. Көрсетілген үлгіге сәйкес қатысу үшін толтырылатын өтінішті және аталмыш тілдердің бірінде: қазақ (KZ Times New Roman), орыс (Times New Roman), ағылшын тілдерінде, MS WORD (2003-2007) редакторында терілген және А4 форматтағы ақ қағазға басылған тезисті CD-R дискісінде жолдауы керек (материалдар қайтарылмайды).

 

    Конференцияға аймақтардан келетін мектеп оқушыларының назарына!


       Сіздер үшін 19 қазан күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Қоры және Қазақ технология және бизнес университеті өз тарапынан, Қазақстан Республикасы Президентінің мұражайына және кітапханасына тегін экскурсия ұйымдастырып отыр. Облыстық Білім беру басқармаларының және ұстаздар назарына, конференцияға қатысатын оқушылар тізімін алдын-ала көлік мәселесіне байланысты жіберулеріңізді өтінеміз!


                                                  Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар:


      Баяндама мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Баяндаманың көлемі 3 беттен аспауы тиіс. Шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman (14 pt); 1 аралық интервалымен; жоғарғы және төменгі жағы - 2 см.; сол жағы - 3 см.; оң жағы – 1,5 см. Ұйымдастыру комитетінің талапқа жауап бермейтін, конференция тақырыбына сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кеш жөнелтілген тезистерді жарияламауға құқығы бар.
Тезис авторлары үшін конференция материалдары жинағының журнал ретінде 1 данасын алуға құқық беретін тіркемелік жарна (ұйымдастыру және баспадан шығару шығындары үшін) - 3500 теңге.
Конференция материалдары жинағының CD-R дискте 1 данасын алу – 2500 теңге. Авторға тек бір тезис жариялауына рұқсат беріледі. Жарна төмендегі есепшотқа «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: Білім саласындағы заманауй технология» деген белгімен жіберіледі. Ұйымдастыру жарнасын төлегенде қатысушының (1-ші автордың) аты-жөнін және «конференцияға қатысу үшін» деп міндетті түрде көрсету қажет.

 

 

БІЗДІҢ РЕКВИЗИТТЕР:

АО "Қазақ технология және бизнес университеті"

РНН 620300224737 

ИИН (БИН) 030240001575. ОКПО 39913981

IBAN  KZ618560000000182031  

ФАО "БанкЦентрКредит",

Астана қ-сы

BIC KCJBKZKX                          

ИИК (р/с) KZ 618560000000182031        

БИК (МФО) KCJBKZKX           

Біздің мекен-жайымыз:

010000, Астана қ-сы, Республика даңғ., 54/2. (Технопарк аумағы) ҚазТБУ,

2 қабат, 227 бөлме (9:00-17:00). 

Тел: 8 (7172)  320210 (вн.107), 311079

Факс:  8 (7172) 310165 

E-mail: nauka@kazutb.kz,
aboca_2005@mail.ru

 

Конференция өтетін орын:

Астана қ,  Бейсекова көшесі,  Қорғалжын  тас жолы қилысында (Қаз ТБУ жаңа ғимаратында)

09.00-Келушілерді тіркеу

10.00- Конференция басталуы

 

АККРЕДИТТЕУ САЛАСЫ ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Төлеген С.М.

«СМС» мамандығының 3 курс студенті. ҚазТБУ, Астана қ-сы

Ғылыми жетекші: Кожахметов С.В. т.ғ.к., доцент

Резюме: (орыс тілінде 3 жолдан артық емес) курсивпен

Summary: (ағылшын тілінде 3 жолдан артық емес) курсивпен

Баяндаманың негізгі мәтіні  ---------------------------------------------------------------------------------------[1].

              ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------[2].

Әдебиеттер

1.....................................................................................................................

2.....................................................................................................................

 

Қатысу үшін толтырылатын өтініш:

 

Автордың тегі, аты-жөні

 

Ғылыми дәрежесі, атағы                                

 

Ұйым атауы, қызметі

 

Мекен-жайы, телефоны, E-mail

 

Ұйымның индексімен бірге пошталық мекенжайы (шақыру қағазын алу үшін)

 

Секцияның атауы

 

Баяндама тақырыбы (толық)

 

Ақы төленгені туралы түбіртек

 

Толтырылған күні және қолы

 

Конференция  материалдары жинағын журнал немесе CD-R диск арқылы алу  (анықтап көрсету керек)

 

 

Ұйымдастыру   комитеті

 



Опубликовано в Архив
Сенбі, 10 Қыркүйек 2016 08:19

ЫНТЫМАҒЫ ЖАРАСҚАН

Астана қаласында 2016 жылдың 9 қыркүйек күні Қазақ технология және бизнес университет колледжінің ұстаздары және студенттері Сингапур елінен келген «ITE Education Services» институтының басшысы Тан Сенг Уа мырзамен кездесті.

Аталмыш шараны Білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» холдингі бірлесе отырып, кәсіптік-техникалық білім беруді дамыту мақсатында ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ Тан Сенг Уа мырза Назарбаев университетінің қабырғасында «Аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудағы кәсіптік–техникалық білім берудегі ролі» атты семинар өткізді. Шетелден келген қонақ колледж студенттері және ұстаздармен кездесу барысында болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, Сингапур елінің жетістіктерімен таныстырды. Колледж студенттеріде өз тарапынан қазақи қолөнер бұйымын сыйға тартты. Бүгінігі кездесудің маңыздылығы «ITE Education Services» институты және Қазақ Технология және Бизнес университет арасында келісімшартқа қол қою болып табылады. Келісімшарттың негізі колледждің оқу-тәрбие жұмысының дамуына ықпал ету.

«Мен бүгін Сіздерді бұлай үлкен қошеметпен күтіп алады деп ойламадым. Бүгінгі кездесуге мен өте қуаныштымын. Біздің «ITE Education Services» институты ұлттық орган. Көптеген елдермен жұмыс жасаймыз. Атап айтсақ, 28 мемлекетпен байланыс орнатқанбыз. Біздің болашақтағы мақсатымыз Қазақстанмен достық қарым-қатынасымызды нығайту. Көптеген жобаларымыз мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамытуға арналған. Сондай-ақ білім саласында қызмет етіп жүрген мамандарды көшбасшылық қасиетке даярлау. Міне, бүгінде Қазақстанға білім саласы бойынша қандай көмек бере аламыз деген оймен келдік. Мақсатымыз сіздердің кәсіптік-техникалық білім беру саласын жоғары деңгейге көтеру. Мақсатымыз білім беруді қызықты етіп өткізу. Негізі оқушыларға қызықты, көңілсіз болмайтындай сабақ өткізу керек! » деді Тан Сенг Уа мырза.

Колледж басшылығын бір ойландыратыны, кейін осы мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамда өз жұмыс орындарын таба алады ма деген ой. Жасыратыны жоқ көптеген жұмыс берушілер мүгедек екендерін біле тұра жұмысқа алуға бас тартады. Сондықтан мұндай балалар негізінде тек өздері сияқты балалармен қарым-қатынаста болып, өзгелерден оқшау жүретіні рас. Ал, шын үңіле қарасақ осы мүгедек балалар арасында қаншама дарынды шәкірттер барын біреу білсе, біреу білмес.

Анықтама

Қазақ технология және бизнес университет колледжі 2006 жылы Қазақ технология және бизнес университетіне қарасты ашылған болатын. Колледж «Тігін өнеркәсібі», «Стандарттау, сертификаттау және метрология», «Туризм», «Мұнай және газ технологиясын өңдеу»,«Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсетудіұйымдастыру», «Ақпараттық жүйе» бойынша студенттерге білім береді. Аталмыш білім ордасында қазіргі таңда барлығы 767 студент. Оның ішінді күндізгі бөлімде 660, сырттай оқу бөлімінде 85, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі 22 бала қашықтықтан білім алады. Сондай-ақ колледж тәлімгерлері «Алтын жүрек», «Жас батыр», «Халықаралық дизайнерлер көрмесі», «ЖасStar КВН-мен бірге», «Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай жарысы», «Ақ найза», «Біз Қазақстанның болашағымыз» атты және өзгеде жарыстар мен сайыстардың жеңімпаздары болып табылады.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

Опубликовано в Архив

Елорда төрінен, Есілдің Сол  жағалауынан  Қазақстанның  әйгілі оқу орындарының бірі,  Қазақ технология және бизнес  университетінің жаңа зәулім ғимараты 2016 жыл қыркүйек айының 1 күні  білім күніне орай өз есігін ашты.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасының Қорының өкілі С.Бұлхайыров,  «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Е.Мамытбеков, «Ютария LTD өндірістік-инновациялық компания» ЖШС Бас директоры, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгі иегері С.Шауенова, Алматы технология университетінің Қамқоршылар  кеңесінің  төрағасы,  проф. Р.Манацаканян, Италияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С.Раваньян, Назарбаев университетінің деканы А.Вахгельдта және ҚазТБУ университет басшылығының қатысуымен өтті.  Сондай-ақ осы жоо-ның  студенттері мен ата-аналары және өзгеде қонақтар салтанатты ашылу рәсімінің куәсі болды. Шара  Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, осы университет ректоры Туменов Серік Ниязбекұлы құттықтау сөзін  былай жеткізді:

«Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және осы жоғары оқу орнында білім алып жатқан студенттер! Ең алдымен сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтағым келеді! Бірде Елбасы «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» деген еді. Құрметті оқушылар, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай заманауй жаңа ғимаратта білім алатын боласыздар. Барлық жағдай қарастырылған. Осы жылдар бойы Елбасының салиқалы саясатының  арқасында Қазақстан қаншама белестерге көтерілді. Жастарға қаншама жағдайлар жасалынуда. Сондықтан сіздердің болашақ Қазақстанның өркендеп дамуына қазіргі алған білімдеріңіз тікелей байланысты. Бүгінгі сапалы білім болашақта жемісін береді деген үміттемін! Шараға қатысып отырған баршаңызға бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және Қазақстанның көк байрағы көкте желбірей берсін дегім келеді!».

Оқу-тәрбие және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Танкибаева Мереке Хафизқызыда:

«Қайырлы күн қонақтар, ата-аналар және кешегі түлек, бүгінгі студенттер! Бүгінігі ел болып аталатын мерекелеріңіз құтты болсын! Білімді ұрпақ  Қазақстанның көлеңкесіз ашық аспаны. Міне, жаңа оқу жылына орай, жаңа ғимараттың есігіде бүгінгі мейрамға ашылуы тұспа-тұс келді. Бұл алдағы күндеріміз сәтті және жемісті болады деп ойлаймын. Астана қаласында ел болып, әлем болып өткізетін «ЕХРО-2017» көрмесінде біздің де түлектер өз үлестерін қосады деген ойдамын. Құрметті қонақтар және ата-аналар  алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін үлкен рахмет айтамын!»  деп өз лебізін білдірді.

Салтанатты шара барысында Қазақ технология және бизнес  университетінің студенттеріне дәріс беру мақсатында келген шетелдік ғалым профессор Гарет Стамп (Middlesex Univesity, Ұлыбритания), профессор  Си Чу Ян (Ұлыбритания) және Қытай Халық Республикасынан келген профессор Ерболатта құттықтау тілектерін білдірді.

Сондай-ақ білім ордасында  «Ютария LTD өндірістік-инновациялық компаниясының» Инновациялық технологиялар орталығы ашылғаны белгілі болды. Осы оқу орнының басшысы С.Н.Туменов «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының профессоры  Нұрсейтов Шегебай Шынпейсұлына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беруісінің құрметтіқызметкері» төсбелгісін салтанатты жиында табыс етті.

ҚазТБУ Студенттер Кеңесінің президенті, Бизнес және Ақпаратық технология  факультеті, «Мейрамханажәнемейманхана бизнесі» мамандығының 3-курс студенті, оқу озаты Мұрат Аяулы жаңа келген студенттерді құттықтап, өзінің не себептен Қазақ технология және бизнес университетін таңдағаны жайлы былай деді:

«Қазақ технология және бизнес университеті Қазақстанның солтүстік және орта аймақтарындағы  тамақ, жеңіл және мұнай өнеркәсібі технологиялары бойынша мамандар даярлайтын  бірден-бір маңдай алды университет болып табылады. Бұл жерде білім сапасының жоғары екеніне көзім жетті. Сондықтан осы оқу орнында білім алып жатқаныма өте қуаныштымын!».

         Сөйтіп шара ата-аналардың жылы лебіздерімен және Қазақ технология және бизнес университетінің дарынды жастарының мерекелік концертімен аяқталды.

Анықтама  

«ҚазТБУ студенттері оқу орнында тек білім алып қана қоймай, облыс және Астана қаласындағы серіктестік, жетекші компанияларында  тәжірибеден өтіп, дәрістік жұмыстар жасап, өзедерінің білімін шыңдауға толық мүмкіндіктері бар. Олар «Ютария LTD өндірістік-инновациялық компаниясы», «Технология және химия Институты»,  «Аққу» мейманхана кешені,  «Ақмола-турист», «Астана-Ақбидай»  және өзге де Қазақстанға  аты әйгілі ірі компаниялар болып табылады.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі.

 

 

 

 

Опубликовано в Архив

Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры жыл сайын студенттік стипендиялар конкурсын жариялайды. 

Байқауға Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) білім беру мекемелерінің түскі бөлім студенттері қатыса алады.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 2016 жылдың 25 маусымынан 2016 жылдың 10 қыркүйегіне дейін.

Байланыс телефондары

+7 (727) 270 05 79 – Исмаилов Тимур Мұратұлы, 

+7 (727) 270 05 24 – Едігеева Роза Макашқызы

Толық ақпаратты келесі сілтемеге өту арқылы ала аласыз: http://presidentfoundation.kz/announcement.php?id=47 

Опубликовано в Архив

Тел: 27-92-30 

Факс: 40-44-12

E-mail:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.