Облицовка потолка панелями. Качественная облицовка потолка. Облицовка потолка гипсокартоном. Натяжные потолки цены. Лучшие натяжные потолки фото и цены. Натяжные потолки цена за метр. Автономное отопление квартиры. Быстрая установка автономного отопления. Автономное отопление цена. Как сделать мотоблок своими руками. Качественный ремонт мотоблоков своими руками. Мотоблок своими руками фото. Нанесение декоративной штукатурки короед. Как наносить короед декоративная штукатурка. Декоративная штукатурка своими руками короед. Укладка паркета цена. Быстрая укладка паркета своими руками. Укладка паркета на стяжку. Кровать своими руками чертежи. Сделать шкаф кровать своими руками. Деревянная кровать своими руками. Опалубка для монолитного перекрытия. Качественная опалубка для монолитного строительства. Купить опалубку для монолитного строительства.
Басты бет
Біз туралы
Ректор
Университеттің миссиясы және көрсетілімі
Стратегиялық даму жоспары
Сапа менеджмент жүйесі
Университет тарихы
Жалпы грант
Қабылдау
Бакалавриат
Магистратура
Колледж
Лицензия
Аккредиттеу
Оқу үрдісі
Технология Факультеті
Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн
"Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасы
"Технология және стандартизация" кафедрасы
"Ақпараттық технологиялар" кафедрасы
Экономика факультеті
Деканат
"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы
"Менеджмент және туризм" кафедрасы
"Экономика, есеп және аудит" кафедрасы
Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат
Халықаралық бөлім
Қосдипломды білім беру
Қосдипломды білім беру
Қазақстан-Швейцария
Москва институты
ААЖ ҚазТБУ
Platonus
Moodle
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі
Негізгі міндеттері
Комитеттің құрылымы
Студенттік өмір
Галерея
Байланыс
Сенбі, 26 Наурыз 2016 07:43

Хабарландыру!

Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне Қазақ технология және бизнес университетінің химия, химиялық технология және экология кафедрасының доцент міндетін атқарушы Ж.Б. Искакованың аттестаттау ісін тапсыру үшін, ҚР БҒМ 2015 жылғы 15 маусымдағы №380 бұйрығына сәйкес ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі бойынша толтырылған анықтамасы және жарияланымдар тізімі. Ғалым хатшы Искакова Ж.Б.

Опубликовано в Архив

Наурыздың 18 жұлдызында  университетіміздің студенттері мен оқытушыларға арналған "Биотехнология" мамандығының 2-3 курс студенттері " Әз – Наурыз, Тәуелсіз еліме нұр жауғыз!"  мерекелік іс-шараны өткізді. Студенттер  өз  күшімен мерекелік дастарқан жайып, дәстүрлі қазақ тағамдарымен және ұлттық  ойындарды ұйымдастырды. Бағдарламада қазақтың ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері "Қыз ұзату", "Бесікке салу", "Тұсау кесер" көрсетілді. Мерекелік концерттің  соңында Наурыз көже таратылды.

 

Опубликовано в Архив
Жұма, 25 Наурыз 2016 04:12

Қош келдің, талапкер!

Қазақ технология және бизнес университетінде «Қош келдің, талапкер» викториналық іс-шарасы өтті. Викторинада Астана қаласының № 7, №37, №58 мектептер оқушылары, сонымен қатар Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі мен сервис және тамақтандыру колледжі қатысты. Викторина сұрақтары үш тілде жүрді: қазақ, орыс және ағылшын. Оқушылар Қазақстан тарихынан өздерінің біліктілігін көрсетті.

Викторина қатысушылары сұрақтарға нақты, мысал келтіре отырып жауап берді. Іс –шарада «Технология және стандартизация» кафедрасының студенттері мастер-класс ұйымдастырды (жеміс-жидек және көкөністен салат дайындау). Викторина қатысушылары сертификат және дипломдармен марапатталды.

1 орын -№58 мектеп-гимназия;

2 орын – №37мектеп;

3 орын – №7 мектеп -гимназия.

Опубликовано в Архив
Жұма, 18 Наурыз 2016 08:13

Марапаттау

Студенттердің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының I кезең қорытындысы бойынша студенттер мен ғылыми жетекшілері марапатталды

 

Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары студенттерінің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурсының I кезең қорытындысы бойынша Қазақ технология және бизнес университетінің Президент-ректоры С.Н. Туменовтың 2016 жылғы 29 ақпанындағы №0476 бұйрығына сәйкес жүлделі орын алған университетіміздің студенттері мен ғылыми жетекшілері I, II және III дәрежелі дипломдармен  марапатталды.

Конкурстың I кезеңінде Ғылым және инновациялар басқармасына студенттердің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық бағыттары бойынша 38 ғылыми-зерттеу жұмысы келіп түсті. Соның ішінде, 1 орын алған 18 жұмыс конкурстың II кезеңіне қатысу үшін базалық университеттерге жіберілді, 2 және 3 орын алған жұмыстар дипломдармен марапатталды.  

Университетіміздің жас ізденушілеріне ғылым жолында сәттілік тілейміз. Алдағы болатын пәндік олимпиадалар, ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстарына ат салысып қатысуға шақырамыз.

 

 

 

 

Опубликовано в Архив

Сіздерді 22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!!!

Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз - бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, баққыттың мерекесі саналады. Олай болса құрметті қауым, барлықтарыңызға татулық, береке - бірлік тілеймін. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт - береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Нурыз отбасымызға жақсылық, дастарханымызға құт-береке алып келсін!!! 

Ізгі  ниетпен,

президент-ректор:  С.Туменов

Опубликовано в Архив

«Дін және жастар» тақырыбында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Қазақ технология және бизнес университетінде Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп «Дін және жастар» Діни экстремизм мен терроризимнің алдын алу»тақырыбында 2-3 курс студенттеріне арналған кездесу-сұхбат іс-шарасы өткізілді. Кезесуде «Әзірет Сұлтан» мешітінің наби имамы  Руслан Кабаровмырза «Дін және ислам дінінде кең таралған ағымдар» тақырыбына тоқталып,  студент жастар тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар, кездесу-сұхбатқа Астана қаласының «Дін проблемаларының зерттеу орталығының» маманы  Айбасова Арайлым сөз алып, қазіргі қоғамымыздағы діни ахуалға сипаттама жасады. Мұндай шаралардың өткізілуі діни ағымдарға еліктеуші жастардың сауаттылығын  арттыруда зор үлес қосары анық. 

                           

Ұйымдастырушылар:

Тәрбие және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы: Ахметова Г.Б.

         «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»

кафедрасының аға оқытушылары  Солтан М.С., Ганибал Н., Жұман Г.

Опубликовано в Архив

   Тәрбие жұмысы және қоғаммен байланыс орталығы, маркетинг және кәсіптік бағдарлау жұмыстары Астана қаласындағы Балалар психоневрологиялық интернат-үйіне барып ерікті қайырымдылық акциясын  ұйымдастырды.

   Студенттер арасында балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтын көптеген жүректері таза жандар табылды . "МжТ", "Экономика, ЕжА", "ТжС", "КТ және ӘГП", "ЖӨТ және Дизайн"  кафедраларының қызметкерлері мен студенттері өз күштерімен, сондай-ақ талпыныстарымен қысқа мерзімде балаларға сыйлықтар сатып алу үшін қажетті сома жинады. 

Студенттер балалар үшін балалар үйіне шоу-бағдарламасын,  әр-түрлі сайыстар, олимпиада және ойындар ұйымдастырды. Көп ұзамай, балалар барлығын ұмытып, олар белсенді түрде қатысып, ойын барысында - би билеп, ән айтып, гитарамен ән айтып, атақты эстрада әншілерінің әндерін айтты. Соңында шоу-бағдарламадан кейін, шын жүректен, сыйлықтар, сувенирлер таратылды.

Осы жылы көктем күнінде көптеген фотосуреттер жасалды, көптеген естеліктер қалды.  Бұл естеліктер адамға әрдайым қуаныш пен  күлкі сыйлайды. Өйткені, бұл естеліктерді  сипаттау мүмкін емес, бұл ғажайыпты әркім өз көзімен көре алады. Осындай кездесулерді дәстүрге айналдырсақ, балаларға қуаныш, махаббат пен жылу жеткізуге не жетсін!

Бұл сапар кішкентай балаларға ғана емес, сонымен қатар біздің студенттерге  қуаныш,  ұмытылмас әсер сыйлады. Көптеген студенттер қоштасу  кезінде көздерінен жас ала алмады, өйткені біз оларға "ана" және "әке" орнын баса алмасақ та, жүректеріне қуаныш сыйлап қайттық.

Әр баланы  бағалап, оларға қуаныш сыйлау біздің міндетіміз.  Әр балаға жақсылық атаулыны үйрету, оларға көңіл бөлу біздің парызымыз, өйткені олар - біздің болашағымыз!

 

Опубликовано в Архив
Бейсенбі, 10 Наурыз 2016 03:09

Нағыз ер азаматтар байқауы «Man Hunt»

Астана қаласында  5 наурыз күні «Жастар» сарайында  нағыз ер азаматтар байқауы  жастардың асыға күтетін көктемдік шоу Man Hunt - 2016 сайысы өтті. 15 жасөспірім  бақ  сынасты,  сайыс  төрт бөлімнен тұрды.

 Қазақ технология және бизнес университетінің төрт  студенті Алишеров Алимжан, Егемберді Адлет, Жақсылық Али-Бек,  Болысбек Айдар, колледж студенті Баяхметов Руслан сайысқа қатысты. Қазақ технология және бизнес университі мен колледж студенттері доданың үш түрлі номинациясын қанжығаларына байлады. Атап айтсақ: «Man of Style» - Егемберді Адлет –2 курс студенті  Есеп және Аудит,

«Таңда Man» - Баяхметов Руслан – 2 курс студенті СМиС КазТБУ колледж,              

 «Romantic Man» - Болысбек Айдар – 1 курс студенті, СМиС

 жеңімпаздар іс-шара демеушілерінен   қымбат сыйлықтармен сертификаттар алды.

  

 

Опубликовано в Архив
Сәрсенбі, 09 Наурыз 2016 06:23

Мерекелік іс – шара

2016 жылы 5 наурыз күні университетімізде 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне орай іс-шара өтті. Мерекелік шараға ұстаздар мен қызметкерлер, колледж студенттері қатысты. Президент-ректор Түменов Серік Ниязбекұлы барша аналарымызбен қыз-келіншектерді, студенттерді   көктем мерекесімен құттықтап, адал қызыметтері мен ерең еңбектері үшін колледж қызметкерлерін және оқытушыларын  алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты жиын "Шын жүректен" атты мерекелік концертпен жалғасты.   Университетіміздің  жастар ісі-жөніндегі комитеті мен  және колледж студенттері ұйымдастырды.

 

  

 

Опубликовано в Архив

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілеймін!
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін!

Ізгі ниетпен,
президент-ректор С. Туменов

Опубликовано в Архив
Страница 1 из 2

Тел: 27-92-30 

Факс: 40-44-12

E-mail:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.