Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Басты бет
Біз туралы
Ректор
Университеттің миссиясы және көрсетілімі
Стратегиялық даму жоспары
Сапа менеджмент жүйесі
Университет тарихы
Жалпы грант
Қабылдау
Бакалавриат
Магистратура
Колледж
Қашықтықтан оқыту
Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы
Қос дипломды білім беру
Лицензия
Аккредиттеу
Оқу үрдісі
Технология Факультеті
Деканат
Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн
"Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасы
"Технология және стандартизация" кафедрасы
Экономика факультеті
Деканат
"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы
"Ақпараттық технологиялар" кафедрасы
"Менеджмент және туризм" кафедрасы
"Экономика, есеп және аудит" кафедрасы
Тестілеу бөлімі
Академиялық күнтізбе
Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат
Анықтамалық нұсқау
Абырой кодексі
Путеводитель
Сабақ кестесі
Халықаралық бөлім
Қосдипломды білім беру
Қосдипломды білім беру
Қазақстан-Швейцария
Москва институты
ААЖ ҚазТБУ
Platonus
Moodle
Жастар ісі жөніндегі Комитет
Негізгі міндеттері
Комитеттің құрылымы
Студенттік өмір
Галерея
Байланыс
Бейсенбі, 24 Қараша 2016 06:22

«Білім және ғылым-2016»

Көкейкесті көрме!

 

Қараша айының 23 мен 25 аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында «Білім және ғылым-2016» ХІV Халықаралық көрмесі өтуде. Үш күнге созылатын көрменің жұмысына өз еліміздегі жоғары оқу орындарымен қатар, алыс-жақын 12 шет мемлекеттің білім ордалары қатысуда.  

 

Көрме мақсаты:

  • Білім сапасы;
  • Білім беруші ұстаздар деңгейі;
  • Оқу орны мен диплом беделі;
  • Жоо-ның инфроқұрылымымен таныстыру

болып табылады.

Осы көрме барысында  Қазақ технология және бизнес университетіде өз атқарып жатқан жұмысымен бөлісіп, елге таныстыруда.

Анықтама:

        «Қазақ технология және бизнес университеті» акционерлік қоғамы Астана технология және бизнес университетінің Алматы технологиялық университет филиалының негізінде 2003 жылы 12 маусымда құрылды. 2003-2004 оқу жылынан бастап, ол тәуелсіз институт ретінде технология және бизнес Ақмола университеті деп аталады.

26 наурыз 2008 жылдан бастап Астана мен Ақмола облысында, бакалавриат және магистратура үшін азық-түлік, жеңіл өнеркәсіп, мұнай-химия өнеркәсібі және Қазақстандағы қонақжайлық индустриясын салалары үшін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау үшін жоғары білім мамандандырылған мекеме ретінде технология және бизнес университеті қызмет етеді.

"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер", "Химия, химиялық технология және экология", "Технология және стандартизация", "Экономика және қаржы", "Ақпараттық технологиялар", "Жеңіл өндіріс технологиясы және дизайн", "Менеджмент және туризм" мамандықтары бойынша білім береді.

Университеттің инновациялық құрылымы, экологиялық, технологиялық және білім беру бағдарламаларын өзекті бағыттары бойынша ҚР БҒМ қаржыландыратын ғылыми-зерттеу жобаларын әзірледі технология паркін, ғылыми-зерттеу зертханасы «Жоғары технология көміртегі бар шикізатты қайта өңдеу», «Биотехнология», «Ақпараттық технологиялар орталығы» бар.    Қазақ технология және бизнес университеті шетелдік мемлекеттердегі жоғары оқу орындарымен қатынас жасайды, олар: Англия, Италия, Германия, Польша, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларус, Украина, Қырғызстан және т.б.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Опубликовано в Архив
Бейсенбі, 24 Қараша 2016 04:41

Белсенділердің биік белесі!

Көп еңбегі — көңілді!

 

2016 жылдың 21 қараша күні «Астана концерт залында» Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Астана қаласы «Жасыл ел» және Студенттік құрылыс жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті.

 

 

Шара барысында белсенділік танытқан студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының қатысушылары, оқу орындарының үздік командирлері, сондай-ақ, биылғы еңбек маусымында штаб жұмысын ұйымдастыруға зор үлес қосып, қолдау көрсеткен білім мекемелері мен жұмыс берушілер марапатталды.

2016 жылғы маусымның қорытындысы бойынша қатысушылар «Үздік жұмыс беруші», «Үздік жасақ», «Үздік жетекші», «Үздік сарбаз», «Үздік оқу орны»   номинациялары бойынша марапатталды. «Үздік жетекші» бойынша университетіміздің студенті Бекназар Ақнұр марапатталды. Ақнұр 3 жыл қатарынан қалалық «Жасыл Ел» және Студенттік құрылыс жасақтары жұмысына белсенді қатысып келеді. Жетекшілігімен 35 адам жұмыс істеп, қалалық сенбіліктер және абаттандыру жұмыстарына қатысып, 1 тонна қоқыс жинады. «Саябақтар маршы», «Таза қала – таза бақ» акцияларында белсенділік танытты.

«Үздік жетекші» марапат иесі, университетіміздің студенті Бекназар Ақнұрды қуанышымен құттықтаған едік:

«Шындығын айтқанда қуанышым қойныма симай тұр. Бұл біздің яғни, жастардың еңбегінің бағаланғаны көрініп тұр. Мен ойлаймын елімізге жалпы Отанымызға қызмет ететін жастардың саны жыл сайын арта берсе нұр үстіне нұр болар еді.  Біз «Жасыл ел»  жастары әрқашан өзіміздің патриоттық сезімімізді бойымыздан жоғалтпай қызмет етуге әзірміз!»

Сондай-ақ «Үздік проректор» сынағы бойынша университетіміздің Оқу-тәрбие және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Танкибаева Мереке Хафизқызыда марапатталған болатын. Сонымен оқу орнымызда бүгін екі марапатпен толықты. Шын жүректерімен елімізге еңбек сіңірген екі жеңімпазымызға еңбектеріне тек осындай жеңістер мен биік белестерді ҚазТБУ ұжымы атынан тіледік.

ҚазТБУ беделі тағы бір рет көтеріліп, үлкен сахнадан ел алдында аты аталуы бұл тағы бір қоржынымызға салынған жетістіктің бірі болып есептелінеді.  

ҚазТБУ Баспасөз қызметі

Опубликовано в Архив
Сейсенбі, 22 Қараша 2016 10:25

Құтты болсын!

Жайдарманның жайдарлылары!

 

-          Жігіттер алдымен өздеріңмен таныса отыралық...

-         "Грация" Жайдарман тобының мүшелері Абзалов Азамат және Жұмабаев Ахмет. Негізі осы КТК (көңілді тапқырлар клубы) «жағалап» жүргенімізге 3 жылдай болды. Қазақ технологияжәнебизнес университетінің 3 курс студенттеріміз.

-         Енді сұрағым, қазіргі жастардың КТК-ға қызығушылығы деңгейі қандай?

-         Біз 15 секундта халықты күлдіруіміз керек. Осы 15 секундта түрлі ролдерге «кіреміз». Жанымыз қалмайды десек болар?! Бір жақсы жері Жайдарманда ой-даму қабілеті жоғарылайды. Жылдам боласың десе артық емес. Неге? Кейде сөзіңді ұмытып қаласың. Халық бәрі бетіңе қарап отыр. Сондай кезде амалын табуың керек. Міне, осы кезде ой-даму қабілеті жоғарылайды дегенім осы еді, ол жылдамдық. Негізі күлдірем деп, бүлдіріп алатындар болады.

-         Ал, тақырып мәселесін кім шешеді?

-         Тақырыпты жайдарман ұйымдастырушылары береді.

-         Жалпы халықтың көңілінен шығып жатырмыз деп ойлайсыздар ма?

-         Шүкір, ақырындап шығып жатырмыз десек болар. Қатты болмасада ілтипаттарын білдіріп, ризашылықтарын айтып жатқан кісілер бар! Негізі бұның алдында жеке командаларда ойнаған күндеріміз бар! Бүгін сахнаға бірінші рет шығып жатырмыз деген әңгіме емес!

-         Қандай  тақырып жандарыңа жақын? Жастар не қалайды екен?

-         Тақырып саясат. Жастар саясатты түсінеді және қалайды. Қоғамда болып жатқан жайттарды әзілмен «шымшып» алатын кездеріміз болады.  Мысалы, алысқа бармай-ақ бітпей тұрғанда жаңа ғимаратымыз туралы әзіл айтқан кезіміз болды.

 

 

-         Жайдарманда жақсы баға беретіндей командаларды атай аласыңдар ма?

-         Алматы қаласын айта аламыз. Өйткені, ол жақты жоғары оқу орындары көп, әрқашан шаралар ұйымдастырылады, тәжірибе алмасу көп. Ал бізде Солтүстік аймақ адамдарын күлдіру қиынға соғатынын жасырмаймыз. Ал Астана бойынша Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен   С.Сейфуллинатындағы Қазақ агротехникалық университеті    ойыншыларын мықты деп айтсақ болады. Енді Астана бойынша шыны керек қала халқы үлкен концерт, театрлар және өзгеде іс-шаралардан қалмайды. Ал, Жайдарманға келулері қиын.

-         Алғаш сахнаға шыққан кездеріңді еске алайықшы?

-         Алғаш 8 сыныпта шықтық. Қорқыныш болды. Бірақ егер халық қолдап, қолпаштап жатса одан ары ашыла түсіп, қызмет етуге тырысамыз. Бар өнерімізді саламыз. Кейіннен үйреніп кеттік. Әр кезде бір жаңашылдықты апарғымыз келеді. Елді күлдіріп, бір жақсылық силағымыз келіп тұратынын жасырмаймыз.

-         Жеңістерің құтты болсын! Табысты болыпсыңдар...

-         Ия, рас қанжығамызға 200 мың теңге байлап қайттық. Шыны керек орын алғанда қуандық. Неге? Енді командамыздың костюм яғни өзіндік киім мәселесін және шақырған аймақтар бойынша іс-сапар шығындарын шешіп алсақ деген ойдамыз!  

-         Армандарың?

-         Арманымыз Қазақ технология және бизнес университетінің беделіне қызмет етсек деген ой. Егер бір жерден орын алып университетіміздің аты шығып жатса ол біздің еңбегіміздің зая кетпегені деп ойлаймыз! Сонымен қатар жастар дұрыс жолда және бойларында рухы мен иманы жоғалмаса деген арман!

-         Әдемі әңгімелеріңе рахмет. Қанаттарың талмай, биіктей беріңдер!

 

 

ҚазТБУБаспасөз қызметі

Опубликовано в Архив
Сейсенбі, 22 Қараша 2016 03:50

Әдемі әсер!

Әдемілік әлемі!

Ағымдағы жылдың 14 қараша күні Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының өнер профессоры, Қазақстан  Республикасының Дизайнерлер және Суретшілер одағының мүшесі Асылханов Ермек Сабырұлының көрмесі болып өтті. Көрме Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінің қабырғасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қала тұрғындары мен қонақтарына тарту болды.

Көрмеге елімізге әйгілі қоғам қайраткерлері, суретшілер, дизайнерлер және өзге де қонақтар келген еді. Көрме қонағы  Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ижанов Байқоңыр Ижанұлы бүгінгі шара туралы былай деген еді:

«Бүгінгі көрменің негізгі маңыздылығы қазіргі жастардың сурет, дизайн саласы бойынша үлкен креативті идеялардың қолдауы. Бұл жерде көптеген тың идеялар бар, жаңаша бағыттар бар. Өнерде әрқашан  жаңа бағыттар мен ағымдар болады. Көп жерде бұл саланы қолдай бермейді. Бірақ бұл біздің мәдениетіміз, тарихымыз емес пе? Мен ойлаймын бұл әрқашан қолдау мен көрерменнің ілтипатын қажет етіп отыратын саланың бірі!»

Университетіміздің «Жеңіл өндіріс технологиясы мен дизайн» кафедрасының  доценті, ғалым-суретші Қазанғап Төлеутай Махметұлының бүгінгі көрме жайында пікір мынадай болды: 

«Мен негізі 1974 жылдан бері міне 42 жыл болыпты «Бейнелеу өнері» мамандығының жанында жүргеніме. Осы сала бойынша біраз мамандар дайындағаным рас. Биылғы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай бүгінгі көрменің берері мол. Суретші, дизайнер, қолөнершебері болсын бәрінің бүгінгі жасаған еңбектерін көріп отырсыз ұшан-теңіз. Ұлттық құндылыққа байланысты этнодизайнның бағыты жақсы. Сондықтан бұндай көрмелер әр кезде өз уақытында халықпен жүздесіп отырғандары дұрыс деп ойлаймын».

Аталмыш көрме жоғары деңгейде өтті. Аймақтардан келген қонақтар өте әдемі әсерде қайтты.

Сондай-ақ сол күні ғалым-суретші Төлеутай Махметұлы Еуразиялық Дизайнерлер одағының төсбелгісімен марапатталды. Қазақ технология және бизнес университетінің суретші, дизайнер ұстаздары көрме жайында осындай пікірлерімен бөлісіп, олжалы қайтты.

 

ҚазТБУБаспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Жұма, 18 Қараша 2016 03:34

Заман талабы!

Көркемдік көрермен көзайымы!

Биыл қараша айының  4 күні  «Жеңіл өндіріс технологиясы мен дизайн» кафедрасының   доценті, ғалым-суретші Қазанғап Төлеутай Махметұлы Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында іс-сапарда болып қайтқан еді. Ғалымның іс-сапарда болу мақсаты ҚР БжҒМ Республикалық  оқу-әдістемелік кеңесінің  сәулет-құрылыс және дизайнерлік бағыттағы мамандықтары бойынша  оқу-әдістемелік мәжілісінде талқылау болып табылады. Мәжіліс барысында «Сәулет», «Дизайн», «Құрылыс»  мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік комиссияларының жұмысы  қаралды. Сондай-ақ мәжілісте осы аталған мамандықтар бойынша әртүрлі мәселелерде талқыланды.

Іс-сапардан оралған ғалым Төлеутай Махметұлы  өзі қызмет атқаратын Қазақ технология және бизнес  университетінің «Жеңіл өндіріс технологиясы мен дизайн» кафедрасының ұжымымен мәжілісте көтерілген мәселелер және құжаттары жөнінде семинар өткізген еді. «Еуразия дизайнерлер одағы»  төсбелгісінің иегері, ғалым Төлеутай Махметұлы аталмыш семинарда әріптестерімен бірге Бейнелеу өнері, Дизайн, Жеңіл өндіріс технологиясы мамандықтары бойынша өзгеде өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салды.

ҚазТБУБаспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Жұма, 18 Қараша 2016 03:30

Маңызды мәселе!

Кітап— алтын қазына!

2016 жылдың  9-12 қараша күндері Астана қаласындағы «Көрме» орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Eurasian Book Fair-2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан көрменің ұйымдастырушысы – «Фолиант» баспасы болып табылады.

 

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова көрмеге қатысушыларға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

«Деловой Мир», «Отбасым», «Astana Innovation» журналдарының бас редакторы, «Бас редакторлар Клубы» ҚБ вице-президенті  Сыздықова Шолпан Викторовна аталмыш көрме жайында ойын былай білдірді:

«Бүгін көрмеге халық көп жиналды. Тек еліміз бойынша емес Ресей, Беларус, Польша, Германия, Тәжікстан, Қырғызстан  және өзгеде алыс жақын елдерден барлығы 14 мемлекет қатысты.  Өзіңіз білесіз, қазіргі уақытта кітап оқырмандар саны азайып кетті. Әрине, өкінішті. Бірақ бізде «Деловой Мир» баспасы өз тарапымыздан халыққа елеулі қызмет етудеміз. Біз заманауй, пайдалы, қолжетімді және қайталанбас кітаптарымызды халыққа ұсынып отырмыз. «Кітап — ғалым, тілсіз мұғалім» демекші осы «тілсіз» мұғалімнің жағдайын біз қазір ең бірнші орынға қойып, жастар және аға буын өкілдері қолдарына көбірек алатын болса Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жаман болмас деп ойлаймын».

Университетіміздің Оқу-тәрбие және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Танкибаева Мереке Хафизқызы:

«Мен бүгінгі шараны тарихта ойып тұрып алар өз орны болады деп ойлаймын. Өйткені, 1 желтоқсан тұңғыш президент күні   жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам болса, Қазақ Елінің Тәуелсіздігінің 25 жылдығыда үлкен мереке. Осындай үлкен мейрамдарымыздың қарсаңында кітап пен оқырмандарымызды жүздестіру бұл керемет шара. Міне, жақында «Астана аруы-2016» байқауының жеңімпазы Елназ Нұрсейтова қызымызда Елбасы туралы кітапқа өз қызығушылығын білдіріп тұр. Қазіргі техника жақсы дамыған заманда жастардың қолына кітап ұстауы, көңіл бөлуі бұл ғажап нәрсе!»

 

ҚазТБУ Баспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Жұма, 18 Қараша 2016 03:18

Жағымды жаңалық!

Аттары аспанда асқақтаған!

Жақында Қазақ технология және бизнес университетінің «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Искакова Жанар Бақтыбайқызы Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды. Құрмет грамотасында оның тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары мен оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін берілгендігі жөнінде аталған.

 

Сондай-ақ Жанар Бақтыбайқызы  және  «Экология» мамандығының 3 курс студенттері Бекбол А., Маликова К., Танабаева А. «Балалардың қысқы ойын алаңдарының экологиялық жағдайын зерттеу» атты ғылыми-зерттеу жұмысын сәтті аяқтады. Өйткені, Республикалық  жарыста осы жұмыс 3 орынға иеленіп Қазақ технология және бизнес университетінің аты ғылым саласында бір көтеріліп қалғаны рас.

Осыған орай  ғылыми жетекшілері Искакова Ж.Б. және ҚазУТБ студенттерінің  жеңісімен құттықтап бар жақсылықты тілейміз.

ҚазТБУБаспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Жұма, 18 Қараша 2016 03:12

«Астана ЭКСПО-2017»

Келешек көрмесі

Ағымдағы жылдың қараша айының 11 күні Қазақ технология және бизнес  университетінің ғимаратында «ЭКСПО-2017  халықаралық көрмесіне Астана қаласының  жоо-ның ролі және үлесі» атты дөңгелек үстел  болып өтті.

 

Аталмыш шараны  «Қазақстан әйелдері Ассоциациясы», «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы және Қазақ технология және бизнес университетіннің  ұйымдастырылуымен өткен еді. Шараныңмақсаты  алда келе жатқан  «ЭКСПО-2017  халықаралық көрмесіне Қазақ технология және бизнес университетнің экскурсовод-гид, даяшы, қонақ үй қызмет ету менеджерлерін сондай-ақ еріктілерді даярлау барысында университеттің кадр мәселесіне байланысты атқаратын көмегі еді.

 

«EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымының Президиум төрайымы  Рахимбекова Салтанат Темірқұлқызы:

«Негізі біз жастарды болашағына байланысты пайдасы бар мамандықтарға  бағыт беріп, тартуымыз қажет. Олардың қазіргі мамандықтары дүниежүзі бойынша сұранысқа ие мамандықтар. Осы көрме алдында қазір біз жастар көптеген кездесулер ұйымдастырып жүрміз. Осындай үлкен керемет шараға бәріміз қатысуға ат салысуымыз керек. Оған жәй ғана қатыспай мән-мағынасын түсініп, қолдауымыз керек. Осындай жаңа кезедердегі  қажетті мамандықтардың мағынасын жастарымыз түсіне отырып елімізге қызмет етсе дұрыс болар еді. Бүгінгі дөңгелек үстел барысында біраз жайттарды ойттық. Олар жастар арасында конкурстар ұйымдастырсақ,  жастардың жасыл технологияға өз көзқарастары,  жасыл энергетикаға байланысты өздерінің макеттерін даярласа, өздерінің ұсыныстарын берсе дұрыс болар еді.  Мысалы, қазақтың қандай керемет қолөнер заттары бар. Таза тері, жүн, киіз заттарынан жасалған дүниелерді ертең келген қонақтарға ұсынсақ қандай керемет! Мен ойлаймын қазіргі жастар уақытты текке кетірмеу керек. Өзіне және еліне пайдалы іспен айналысқаны дұрыс болар!» деп ойын жеткізді.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында Англия, Франция және өзге елдердің белгілі ғалымдары және дизайн саласының мамандарымен тікелей желіде, телекөпір өткен болатын. Осы телекөпір барысында мамандар өз араларында қазіргі дизайн саласының заманауй мәселелерін қарастырған еді.

Сонымен қатар  дөңгелек үстел барысында ҚазУТБ жанынан студенттер арасынан «Экскурсия жүргізу мамандар» мектебі ашылатыны белгілі болды. Егер қатысуға ниет білдірген студенттерімізге  есік ашық екені мәлім болды.

ҚазТБУБаспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Жұма, 18 Қараша 2016 02:32

Жалындаған жастық !

Білімді жас - жарқын болашақ!

2016 жылдың 11-12 қараша аралығында «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған ХIV Республикалық пікірсайыс турнирінің ашылу рәсімі Қазақ технология және бизнес университетінің жаңа ғимаратында өткен еді. 

 

Шараға қабылдаушы аймақтан басқа барлық облыстар мен Алматы қаласы бойынша жеңімпаз атанған командалар қатысақан болатын. Аталмыш турнирдің мақсаты – жастар арасында пікірсайыс қозғалысына қолдау көрсету, қоғамдық пікір көшбасшыларын анықтау, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы жастардың рөлін және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында келелі тақырыптарды талқылай отырып, ел жастарының азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады.

Университетіміздің Оқу-тәрбие және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Танкибаева Мереке Хафизқызы:

«Қайырлы таң қонақтар! Бүгін мен осы біздің жаңа ғимаратымызға әр тақырыпта емін-еркін пікірсайыс өткізе алатын, ойларын жеткізе алатын жастардың жиналғанына қуаныштымын. Біздің университет ұжымы және басшылығы атынан қош келдіңіздер дегім келеді. Ең бастысы осы шараны 14 рет жыл сайын үзбей өткізіп келе жатқан ұйымдастырушы «Нұр Отан» партиясына үлкен рахмет айтқым келеді. Бүгінгі жұмыстарыңыз жемісті болсын, пікірталастарыңыз сәтті аяқталсын!»

 «Жас Отан» ЖК  секретариат басшысы  Әнуар Жақыпов:

«Негізі бұл пікірталас тарихы сонау 2003 жылдан басталады. Бұл негізінен ауыспалы, яғни, жеңген аймаққа кубок кетеді. Бұл дәстүрлі ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі пікірсайыста еліміздің 25 жылдығына арналып отыр. Осы уақытқа дейін еліміздің 9 облысын аралап шықты». 

 Бұрыннан демократияның ажырамайтын бөлігі болып табылатын пікірсайыс бүгінгі таңда да жас ұрпақтың логикалық ойлауын, сын ой-өрісін, көзқарасын түзетіп, дамытатыны рас.

Қазақ және орыс тілді лигаларға құрамы 2 адамнан жасақталған командалар қатысты. Пікірсайыс турнирі Американдық парламенттік формат бойынша қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. Аталған формат Қазақстанда өткізілетін турнирлердің дәстүрлі түріне айналған. Үздік спикер Линкольн-Дуглас үлгісі бойынша анықталды.

Турнир жеңімпазы Алматы қаласынан келген жастарға және өзге аймақтардан келген жастарға естелік жүлделер, марапаттау қағаздары және «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогі тапсырылды. Келер жылы дәстүрлі ХV Республикалық пікірсайыс турнирі Алматы қаласында өтетін болды.

ҚазТБУ Баспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив
Бейсенбі, 17 Қараша 2016 10:58

Білімді ел мәңгі ел!

Мамандығым- мақтанышым!

 

Ағымдағы жылдың  қараша айының 1 мен 5 аралығында Оңтүстік Кореяның Дэгу қаласында Бүкіләлемдік «2nd Global Innovator Festa» атты екінші  инновациялық фестиваль болып өтті. Аталмыш фестивальға Қытай, АҚШ, Ұлыбритания  және өзгеде елдердің студенттері қатысқан еді.

 

         Кёминг университетінің ғалымдарының шақыртуы бойынша барған ҚазТБУ «Ақпараттық жүйе» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, ғалым  Сатаев Бағдат Орынғалиұлы және оның шәкірттері осы жиында қазіргі ақпараттық жүйе бойынша пікір аламасып, белсенділігін көрсеткен болатын. Бүкіләлемдік инновациялық фестиваль бірнеше бағыттар бойынша өтті. Олар ақылды құрылғылар, инновациялық идеялар, қосымшаларды әзірлеу және басқада мәселелер. ҚазТБУ студенттері мен Кёминг университетінің жастары бірлесе отырып инновациялық идеялар конкурсына қатысқан еді. Шараға белсенділік танытқан үшін жерлестеріміз арнайы сертификатпен марапатталды. Осы іссапар жайында ғалым ойын былай жеткізді:

-   «Жастар білімге ұмтылуы керек, ғылыммен серіктес болуы керек. Сонда ғана біз дамыған 30 елдің арасына кіретін боламыз. Мен қазақстандық ғалымдар әлемнің мықты зерттеушілерінің санатында болса екен, қазақстандық өндірістер ең соңғы технологиямен жұмыс істесе екен деп армандаймын. Уақыт  жүйрік. Ол ешкімді күтіп тұрмайды. Тоқтап қалсаң, артта қаласың!» деген Елбасының сөзін БАҚ-тан естіп қалып едім.  Міне, бізде 30 дамыған елдің қатарына кіруіміз үшін қазіргі заманауй техниканы жетік меңгеруіміз өте қажет. Сондықтан Қазақстан жастарын осындай әлемдік додалардан, жарыстардан қалдырмай қатыстырып тұрғанымыз жөн деп ойлаймын. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы үшін өте қажет!- деп  ғалым  Бағдат Орынғалиұлы сөзін аяқтады.

 

ҚазТБУБаспасөз қызметі.

Опубликовано в Архив

Тел: 27-92-30 

Факс: 40-44-12

E-mail:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.