Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/v-9267.webspace/www/kazutb.kz/kz/components/com_k2/models/item.php on line 488
Версия для печати

Кездесу! Қазақстан мен Италия ынтымағы жарасқан!

28 Наурыз 2017

Наурыз айының 13 мен 17  аралығында Италияның Білім министрлігінің өкілдері Астана қаласында іс-сапармен болып қайтты. Олар Италия Республикасының Білім министрлігі Білім саласын интернационалдандыру және даярлау департамент басшысы Росселла  Скиетрома және сол департамент қызметкері Рита Ренда бастаған топ мүшелері еді.

Делегация мүшелері  Италия елінің бетке ұстар жоғары оқу орындарының басшылары мен ұстаздары. Олар  Паоло Диакано атындағы Мемлекеттік интернат ректоры Патриция Паватти, ректордың орынбасары Витторино Микулетти, орыс тіл пәні мұғалімі Лючина Джудичи. Рим қаласындағы Кәсіби Қонақ  үй және ресторан мемлекеттік «Тор Карбоне» институт басшысы Кристина Тонелли, техникалық пәндер оқытушысы Муарицио Борелла. Турин қаласындағы И.Б.Беккари  атындағы Мемлекеттік кәсіби институт басшысы Пьетро Рапизарда және сол оқу орны ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Лидия Каламия ханым Қазақстанға ат басын бұрған болатын.

Алыстан келген меймандар Қазақ технология және бизнес университетінің ұжымымен кездескен еді. Олардың Қазақстанға келу іс-сапарының басты мақсаты екі ел арасындағы білім саласын нығайту болып саналады.

 Сондай-ақ бұл кездесудің тағы бір қыры екі ел арасындағы мәдениет саласында жақсы дамыту. ҚазУТБ ұжымымен кездескен қонақтар өзара пікір және ақпараттармен бөлісіп, кездесу соңында естелікке суретке түсті. Аталмыш кездесуді ұйымдастырып отырған Италия  Республикасының  Қазақстан Республикасындағы  Елшілігі  еді.

ҚазТБУ  Баспасөз қызметі