Басты бет
Біз туралы
Ректор
Университеттің миссиясы және көрсетілімі
Стратегиялық даму жоспары
Сапа менеджмент жүйесі
Университет тарихы
Жалпы грант
Қабылдау
Бакалавриат
Магистратура
Колледж
Лицензия
Аккредиттеу
Оқу үрдісі
Технология Факультеті
Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн
"Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасы
"Технология және стандартизация" кафедрасы
"Ақпараттық технологиялар" кафедрасы
Экономика факультеті
Деканат
"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы
"Менеджмент және туризм" кафедрасы
"Экономика, есеп және аудит" кафедрасы
Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат
Халықаралық бөлім
Қосдипломды білім беру
Қосдипломды білім беру
Қазақстан-Швейцария
Москва институты
ААЖ ҚазТБУ
Platonus
Moodle
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі
Негізгі міндеттері
Комитеттің құрылымы
Студенттік өмір
Галерея
Байланыс

Кездесу!

08 Ақпан 2017

Сән әлемі!

2017 жылдың ақпан айының 3 күні  Қазақ технология және бизнес университетінің, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасының қоры және  Италия  Республикасының  Қазақстан Республикасындағы  Елшілігінің қолдауымен дизайн саласы бойынша үлкен кездесу болып өтті. Шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының қорының  ғимаратында  өткен еді. 

 

 «Құрметті қонақтар! Бүгін алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге үлкен рахмет! Сән әлемі елімізде дамыса, дүкендер ашылса экономикамыздың дамуына  үлесін тигізеді деп ойлаймын. Бізде 1 ақпаннан бастап түрлі конкурстар мен стипендиялар қарастырылады. Сондықтан жастар келіңіздер, қатысыңыздар! Сондай-ақ мен бүгін Италия елшісі Стефано Раваньян мырзаға  және Қазақ технология және бизнес университетінің қызметкерлеріне алдағы Экспо-2017 көрмесіне орай  шара ұйымдастырып отырғанына үлкен алғыс білдіремін!» - деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының Қорының атқарушы  директоры  Жұмабаев  Қанат  Несіпбайұлы.

«Ең алдымен Тұңғыш Президент қорына алғысым шексіз! Өйткені, бізге бүгін осындай жағдай жасап отыр. Біз болашақта көптеген жұмыстар атқарамыз деп ойлаймын. Біздің ойымыз, мақсатымыз бір жерден шығып  тұр. Мақсатымыз жастарға көмек беру, жолын ашу. Сондай ақ мен Қазақ технология және бизнес университетіне алғыс білдіремін. Біз біраздан бері жұмыс жасап жатырмыз, әлі де жасаймыз деп ойлаймын!»- деді Италия Елшісі  Стефано Раваньян. 

 

Леонардо да ВинчиМикеланджелоРафаэль, Джорджоне, Тициан өнер майталмандар елінен әйгілі Еуропалық Дизайн институтының профессоры, Арт директоры Джованни Оттонелло  (Giovanni Ottonello)  Астанаға ат басын бұрған  болатын.  Дизайн әлемінің қыр-сырымен таныстырды. Лекция «Креативность деген не? Кездейсоқтық болмайды?»  деп аталған еді.  Әйгілі маман «Bottega Veneta», «Hugo Boss», «LaMartina», «Mandarina Duck», «Rubelli» люкстық брэндтар Кеңесшісі болып саналады.  

«Мен ән айтпаймын!»  деп әзілімен бастаған  қонағымыз «Алдымен  Сіздерге үлкен рахмет! Мен көптен бері Астананы көрсем деп жүр едім. Бірақ маған ауа-райы ұнамады.  Негізі мен сәулетшімін. Бірақ ешқашан мамандығым бойынша жұмыс істеген жоқпын.  Бірақ сәулет өнері әдемілік әлеміне апартын жол болып саналады.  Маған әрқашан мода, сән ұнайтын. 25 жыл сән  әлемінде жұмыс істегендіктен, бұл әлемді бір-бірімен байланыстырып тұратын ол – әдемілік, мәдениет болып саналады. Біз қанша диплом және сертификаттармен үйімізді толтырып қойсақта, өз ісіміздің маманы болмасақ бәрі бекер болып саналады!»- деді  профессор Джованни Оттонелло.

 

Профессор жиналған қауымға дизайн саласының соңғы заманауй жаңалықтарымен, өзгерістермен және әлем бойынша көрген тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ жастармен сұрақ-жауап ретінде пікір алмасты. Шара соңы атақты дизайнердің қолтаңба қоюмен және суретке түсумен аяқталған еді.

ҚазТБУ  Баспасөз  қызметі

Тел: 27-92-30 

Факс: 40-44-12

E-mail:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.