Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.
Басты бет
Біз туралы
Ректор
Университеттің миссиясы және көрсетілімі
Стратегиялық даму жоспары
Сапа менеджмент жүйесі
Университет тарихы
Жалпы грант
Қабылдау
Бакалавриат
Магистратура
Колледж
Қашықтықтан оқыту
Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы
Қос дипломды білім беру
Лицензия
Аккредиттеу
Оқу үрдісі
Технология Факультеті
Деканат
Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн
"Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасы
"Технология және стандартизация" кафедрасы
Экономика факультеті
Деканат
"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы
"Ақпараттық технологиялар" кафедрасы
"Менеджмент және туризм" кафедрасы
"Экономика, есеп және аудит" кафедрасы
Тестілеу және қашықтықтан білім беру бөлімі
Академиялық күнтізбе
Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат
Анықтамалық нұсқау
Абырой кодексі
Путеводитель
Сабақ кестесі
Халықаралық бөлім
Қосдипломды білім беру
Қосдипломды білім беру
Қазақстан-Швейцария
Москва институты
ААЖ ҚазТБУ
Platonus
Moodle
Жастар ісі жөніндегі Комитет
Негізгі міндеттері
Комитеттің құрылымы
Студенттік өмір
Галерея
Байланыс

Университеттің миссиясы және көрсетілімі

Университеттің миссиясы және көрсетілімі

УНИВЕРСИТЕТТІҢ МИССИЯСЫ ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛІМІ (КӨРІНІСІ)

Университет миссиясы – зияткерлік ұлт құрудағы және адам ресурстары сапасын жақсартуда үлес қосу үшін мемлекеттің жеделдетілген индустриалдық - инновациялық, әлеуметтік-гуманитарлық даму жағдайында алынған білімді практикада іске асыруға қабілетті, бәсекеге қабілетті және жоғары мамандандырылған мамандарды кешенді дайындау.

Университет көрсетілімі:Қазақ технология және бизнес университетіөзін жас әрі динамикалық дамып келе жатқан жоғары оқу орындарыретіндегі позицияны ұстанады  – көп деңгейлі білім беру бағдарламаларын іске асыру, ғылыми және ғылыми - техникалық зерттеулерді жүргізу негізінде, тамақ, жеңіл және мұнай химия салаларындағы өндіріске арналған жоғары мамандандырылған бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бойынша жергілікті көшбасшы.

МАҚСАТТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАРЫ 

 (Қызметінің стратегиялық бағыттары бойынша)

1. Білім беру қызметі

Стратегиялық мақсаттары:

- университет   түлектерін олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жоғары кәсіби дайындық деңгейіне жеткізу;

- университеттің жергілікті және республикалық деңгейдегі білім беру қызметі саласында университет позицияларын күшейту мен статусын көтеру;

- үздіксіз, көпдеңгейлі білім беру жүйесін құру (мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудан бастап жоо-нан кейінгі білім беруге дейін);

-  қосымша білім беру бағдарламаларын кеңейту арқылы кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамыту;

- тиімді білім беру және ғылыми зерттеу қызметін қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық базаны дамыту;

- білім берудегі ақпараттық және дистанциондық технологияларды қолдануды кеңейту;

Стратегиялық тапсырмалары:

-жалпы және кәсіби білім берудің әр түрлі деңгейлерінің құрамын жаңарту және жетілдіру;

- білім берудің сапасын бақылау және басқару жүйесін жетілдіру;

- мойындалған аккредитациялық агенттіктердегі институционалдық және мамандандырылған ұлттық аккредитациялаудан өту;

- жоғарғы оқу орындарының ұлттық рейтингіне белсенді қатысу;

- бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты беруіне қол жеткізу;

- білім беру үдерісін кадрлық қамтамасыз ету, сонымен бірге, біліктілікті көтеру курстары арқылы да кадрлық қамтамасыз ету жүйесін құру;

- оқытуға деген инновациялық амал-тәсілдемелерді енгізу;

- оқытушылардың басшылығымен студенттердің өз бетімен жұмыс жасау рөлін күшейту, оқушылардың оқуы мен білімін тексерудің  компьютерлік және қашықтықты (дистанциялық) технологияларын дамыту;

- жергілікті және республикалық деңгейлерде білім беру бағдарламалары мен жобаларын әзірлеуге университеттің қатысуын кеңейту;

- университеттің білім беру бағдарламалары мен түлектерінің қажеттілігін талдау жүйесін құру, мемлекеттік және жеке меншік жұмыс берушілермен ұзақмерзімді серіктестік қатынастарды орнату;

- білім беру және ғылыми қызметтегі ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз етуді қарқынды дамыту;

- білім беру үдерісінің материалдық - техникалық базасын жаңарту (модернизациялау) және кеңейту.

2.Ғылыми қызмет

Стратегиялық мақсаттары:

- білім беру үдерісін қамтамасыз ету және ғылыми қызметті дамытуда университеттің ғылыми зерттеу әлеуетін мүмкіндігінше қолдану;

- «Альтернативтіктехнология»Тенопаркін құру;

- ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулерді коммерциализациялау;

- қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық зерттеулер шоғырын және ғылым мен техниканың және сыни технологиялардың басым бағыттары бойынша тәжірибелік - құрастырушылық жұмыстар көлемін кеңейту.

- жергілікті, республикалық және халықаралық деңгейлерде университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бәсекеге қабілеттілігі мен қажеттілік деңгейін жоғарылату; 

- университет студенттерін ғылыми және инновациялық қызметке тарту жүйесін одан әрі қарай дамыту. 2017 жылға қарай, студенттердің зерттеу жұмыстарына қатысуын 10 % ға жеткізу;

- университеттің зерттеу жұмыстарына бүкіл ғылыми - педагогикалық ұжымның қатысу-тарту жүйесін әзірлеу және енгізу;

- 2017 жылға қарай университеттің ғылыми - зерттеу жұмысына барлық оқытушылардың 70 %-дық қатысуына қол жеткізу;

- университеттің  ғылыми - зерттеулерін қаржыландыру көлемін ұлғайту. 2017 жылға қарай ғылыми зерттеулер қаржыландыруының орташа жылдық көлемін 160 млн. теңгеден төмендетпеуге қол жеткізу;

- зияткерлік қызмет нәтижелерін енгізу бойынша шағын инновациялық кәсіпорындар желісін дамытуды белсендендіру, бұл меншікке деген дербес құқық тек қана университетке тиесілі болады.  

Стратегиялық тапсырмалар:

- бар ғылыми мектептер мен ғылыми педагогикалық ұжымдарды қолдау және жаңасын қалыптастыру, олардың қызметі іргелі ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған;

- ғылыми және ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау жүйесін магистратура және PhD докторантура институты арқылы, диссертациялық жұмыстар жазу сапасын бақылауды күшейту жолымен жетілдіру; 

- алдыңғы қатарлы технологияларды қолдану арқылы іргелі ғылыми зерттеулерді нығайту мен дамытуға арналған жағдайлар жасау;  

- университеттік ғылымның гуманитарлық секторының басым бағыттағы қолдауы. Республикалық конкурстар мен бағдарламалар шегінде, әсіресе оқу-ғылыми және ғылыми-әдістемелік бағыттағы өтініштер беру аясын кеңейту;

- бірегей ғылыми әдістерді әзірлеу, жаңа техника үлгілерін, материалдарын құру, олардың өндірісін ұйымдастыру, аймақтың экономикалық және әлеуметтік кеңістігіне университеттік ғылымды интеграциялау мақсатында қолданбалы жобалар өрісін кеңейту;

- аймақтың өндірістік экономика секторының инвестициялар нарығына тең құқылы шығу үшін ғылыми қызмет саласында университеттің инновациялық саясатының концепциясы мен механизмдерін зерттеп әзірлеу;

- өндіріске ғылыми-техникалық тапсырмалар мен ғылыми зерттемелерді енгізуді біріге шешу мақсатында ғылыми-зерттеу, өндірістік, жобалық және басқа ұйымдар мен кәсіпорындармен бірлесіп, серіктестік формаларын қолдау және дамыту; 

- Қазақстанның облыстарының әкімшілік - басқару құрылымдары және аймақтарымен орнатылған ғылыми серіктестік формаларын дамыту;

- ғылыми-зерттеу институттарымен бірлескен ғылыми, ғылыми- өндірістік және ғылыми-педагогикалық серіктестікті кеңейту;

- ғылыми ұжымдар мен ғылыми бөлімшелердің құрылымын оңтайландыру үшін ғылыми зерттеулерді әкімшілік басқару жүйесін дамыту;

- студенттердің ғылыми әлеуетін іске асыру, барынша талантты студенттерді оқытушылық және ғылыми қызметке даярлау үшін, сондай-ақ дарынды студенттерді рухани және материалдық ынталандыру жүйесін құру мақсатында жағдайлар жасау; 

- ғылыми зерттемелерді нормативтік қамтамасыз ету және құқықтық қорғау, зияткерлік меншік пен қызметкерлердің авторлық құқығын қорғау үшін жағдайлар жасау; 

3. Студенттер және магистранттармен тәрбие жұмысын жүргізу 

Стратегиялық мақсаттары:

- студенттердің рухани ынтасын толыққанды ашу үшін, азаматтық тұғырды, әлеуметтік маңызды құндылықтарды және азаматтық пен кәсіби қасиеттерді  қалыптастыру үшін, шешімдерді қабылдаудағы жауапкершілік үшін жағдайлар жасау;

- студенттердің жаңа әлеуметтік біліктер мен рөлдерді игеруі, қоғамның ашықтығы мен қоғамдық қатынастар динамикасы есебімен әлеуметтік мінез-құлық мәдениетін дамытуы;

Стратегиялық тапсырмалар:

- стратегиялық тапсырмаларды іске асыруда студенттер мен оқытушылардың қатысуын қамтамасыз ететін тәрбиелік жұмыс жүйесін құру; 

- жоғарғы оқу орындарының дәстүрлерін қолдану, оқу сабақтарының тәрбиелік әлеуетін көтеру, мінез-құлықтың кері-жағымсыз формаларының профилактикасы негізінде тәрбиелік ортаны құру үшін жағдайлар жасау; 

- оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қатынастарды ізгілендіруге (гуманизациялауға) әсер ету;

- тәрбие ісі мен тәрбиеленетін орта жағдайының жүйеленген мониторингін жүргізу;

- қоғамдық-саяси, рухани, спорттық орталарда студенттер мен магистранттардың өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлар жасау; 

- экономика және әлеуметтік қатынастар саласында нарықтағы студенттердің жеке әл-ауқаты үшін және қоғам жағдайы үшін, негізгі әлеуметтік қатынастарды, практикалық икемділікті игеруі үшін жауапкершілікті қалыптастыруы арқылы нарық саласында тиімді әлеуметтенуіне ықпал ету; 

4. Ақпараттандыру саласындағы қызметі

Стратегиялық мақсаттары:

Заманауи технологиялар мен оларға сәйкес іске асыру механизмдерін енгізу, ол барлық үдерістердің ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді, мамандарды даярлаудың жоғары сапасына жетуге, басқару жүйесінің жеделдігіне, ғылыми қызмет тиімділігін жоғарылатуға және университеттің бірыңғай ақпараттық білім беру кеңістігін дамытуға, электрондық ғылыми-білім беру контентін кеңейтуге бағытталған.

Профессорлық-оқытушылық құрамымен студенттердің оқу үдерісінде жаңа технологияларды қолдану бойынша ақпараттану деңгейін Қазақстанның, жақын және алыс шетелдік жетекші ЖОО - ның деңгейіне дейін көтеру.  

 «Озық білім беру» концепциясын енгізу (білім берудің іргелігін қоса және инновациялық әдістемелерді енгізу), дамытушылық білім беру (гуманистік бағыт-бағдар, икемдеп оқыту, креативтік технологияларды пайдаланумен бірге) және қашықтан оқыту мен телекоммуникациялық технологияларды қолданумен оқыту. 

Қоғамның ақпараттануының жаңа деңгейі жағдайында студенттер мен бітірушілерді кәсіби қызметке дайындау, ақпараттық («сандық») теңсіздік проблемаларын шешуде кәсіпорындар мен ұйымдарға көмек көрсету.   

Стратегиялық тапсырмалары:

Білім берудің қол жетімдігі мен ашықтығын кеңейту, мамандарды даярлау сапасын электрондық ғылыми білім беру ресурстері мен дистанциялық технологияларды кеңінен қолдану есебінен сапаны маңызды жоғарылату. 

Профессорлық - оқытушылық құрамның еңбек өнімділігін көтеру, студенттердің өз бетімен тиімді жұмыс жасау бөлігін ұлғайту.

Қашықтан (дистанциялық) оқыту, компьютерлік тестілеу және мамандарды даярлау сапасының мониторингі жүйесін енгізу.  

 Ғылыми зерттеулердің барлық кезеңдеріне ақпараттық технологияларды енгізу мен негізгі ауқымын кеңейту, тиімділігін, сапасын жақсарту. Нормативтік –әдістемелік құжаттар мен анықтамаларға, ғылыми жарияланымдардың электронды нұсқасына қол жеткізуді ұйымдастыру.

Университетті басқарудың тиімді жүйесін құру. Негізгі бизнес-үдерістерді ақпаратқа негізделген басқару шешімдерін қабылдау сапасы мен тиімділігін арттыру, электрондық құжат айналымы және коммуникация жүйесін енгізу.

5. Университеттің әкімшілік құрылымын жетілдіру.

Стратегиялық мақсаттары:

- билік жәнетүрлі деңгейдегі жауапкершілігін басқару құрылымдары және оларды жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі, оңтайландыру құзыреті, функцияларын бөлу;

- қызметкерлер мен студенттердің әлеуметтік жағдайларын жасау және кәсіби қызмет үшін жағдайды жақсартудағыбасқару қызметі жетілдіру;

- университеттің әкімшілік органдарының жұмысының тиімділігін арттыру;

- қызметтің барлық салаларында университетің бедел беинесін аттыру, оның мүдделерін қорғау.

Стратегиялық міндеттері:

- басқару қызметінің нормативтік құқықтық жетілдіруді қамтамасыз ету;

- түрлі деңгейдегі органдардың өкiлеттiгiн бөлу үшін функцияларды бөлуді оңтайландыру;

- басқаруда демократиялық ұстанымды кеңейту;

- түлектер қауымдастығын құру және бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас аясын кеңейту және т.б.

6. Экономикалық және қаржы қызметі

Стратегиялық мақсаттары:

- университеттің қаржы тұрақтылығынқамтамасыз ету;

- университеттікөпарналы қаржыландыру механизмінпайдаланужәне дамыту;

- басымдық механизмін анықтап жетілдіру және қаражатты пайдалану;

- қызметкерлер мен студенттердің материалдық жағдайын жақсарту;

Стратегиялықміндеттері:

- университеттің бөлімшелерінде қаржылық және экономикалық механизмді әзірлеу және олардың қаржылық тәуелсіздігі мен жауапкершілігін арттыру;

- бюджеттік және бюджеттік емес қаржыландыру көздерін тиімді пайдалану және кеңейту;

- білім беру қызметтерінің тізімін кеңейту мен ғылыми-зерттеу сипаттағы жұмыстарды орындау,оларды жүзеге асыру шығындарын оңтайландыру;

- студенттер мен қызметкерді материалдық қолдау сараланған механизмді дамыту;

- отандық инвестициялық жобаларды қалыптастыру жәнешетелдік серіктестермен материалдық-техникалық базаны жәнеәлеуметтік қызметтерді дамыту.

7. Әлеуметтік қызмет және материалдық ресурстар

Әлеуметтік саладағы стратегиялық мақсаттары:

- қызметкерлер мен студенттердін инфрақұрылымын әлеуметтік қорғау мен одан әрі дамыту;

- қызметкерлер мен студенттердің денсаулық жағдайларын жақсарту;

- қызметкерлер мен студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың ауқымын кеңейту.

Стратегиялық мақсаттары:

- қызметкерлер мен студенттер үшін әлеуметтік қолдау жүйесін әзірлеу;

- қызметкерлердің барлық санаттарына қатысты тұрғын үй саясатын және жүзеге асыру механизмін әзірлеу;

- тұрғын үй жағдайын жақсарту жәнежатақханада заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

- қызметкерлер мен студенттер үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтауды қамтамасыз ету, іс-шараларын әзірлеу;

Материалдық-техникалық базаны дамыту стратегиялық мақсаттары :

-білім беру процесін қазіргі заман қажеттіліктеріне сәйкес және ғылыми-зерттеу жұмыстарымақсатында университеттің материалдық-техникалық базасыжетілдіру;

- жаңа кампус құрылысында оқу -зертханалық ғимаратымен;

- материалды-техникалық базасын жан-жақтыұтымды пайдалану;

- білім беру мен ғылыми зертханалар құру.

Стратегиялықміндеттері:

- оқу процесін жабдықтау мен ғылыми зерттеулер жүргізу перспективалары, оларды дамыту үшін жабдық қажеттіліктері үшін стандарттарды әзірлеу;

- университетінің материалдық-техникалық базасының  бюджеттік және бюджеттік емес көздерден принцип қорын дамытуды әзірлеу.

8. Халықаралық қызмет

Стратегиялық мақсаттары:

- Еуразиялық білім беру кеңістігінде Қазақ технология және бизнес университетінің танылуын қамтамасыз ету;

- жасалған халықаралық шарттар мен келісімдердін тиімділігін арттыру, санын ұлғайту;

- университет бюджетінехалықаралық қызметтен түсетінқаражаттытарту;

- әлемнің жетекші университеттерімен және жоғарғы оқу орындарымен бірлескен білім беру қызметінің бағдарламасы «Қос диплом» бойынша ынтымақтастықты дамыту;

- әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен «профессорлар визит» бағдарламасын дамыту және билік, шетелдік бизнес өкілдерін шақыру. Дәріс,  тренинг, семинар, кейс – стадия,шеберлік сабағын өткізу үшін шақырылған адамдардың саны 2020 жылға дейін 50 адам болу қажет.

- студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2020 жылы 2020 адам санын құрау керек.

9.Шаруашылық қызмет

Стратегиялық мақсаттары:

- университеттің негізгі құрал-жабдықтарының қажеттілігіне  сәйкес материалдық техникалық базасын көбейту;

- қызметкерлер мен студенттер университеттің жабдықтары мен материалдарына,оқу ғимаратына жауапкершілікпен қарап, тиімді пайдаланып, сақтай білуге қызығушылық атмосферасын құру;

- шаруашылық жабдықтарды орынды қолдана білу жағдайын жасау;

- еңбек жағдайларын нормативтік ережеге сәйкестендіру, қызметкерлер мен студенттердің білім алуларын және мекен-жайларын қамтамасыз ету;

Стратегиялық міндеттері:

- университеттің білім беру процесін өзгерту қажеттіліктері мен ғылыми-зерттеулеріне сәйкес материалдық- техникалық базасын сақтау және дамыту;

- шаруашылықты жүргізу қызметін қаржыландыру жүйесін оңтайландыру;

Тел: 27-92-30 

Факс: 40-44-12

E-mail:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.