Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.
Басты бет
Біз туралы
Ректор
Университеттің миссиясы және көрсетілімі
Стратегиялық даму жоспары
Сапа менеджмент жүйесі
Университет тарихы
Жалпы грант
Қабылдау
Бакалавриат
Магистратура
Колледж
Қашықтықтан оқыту
Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталығы
Қос дипломды білім беру
Лицензия
Аккредиттеу
Оқу үрдісі
Технология Факультеті
Деканат
Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн
"Химия, химиялық технология мен экология" кафедрасы
"Технология және стандартизация" кафедрасы
Экономика факультеті
Деканат
"Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасы
"Ақпараттық технологиялар" кафедрасы
"Менеджмент және туризм" кафедрасы
"Экономика, есеп және аудит" кафедрасы
Тестілеу және қашықтықтан білім беру бөлімі
Академиялық күнтізбе
Жұмысқа орналастыру туралы ақпарат
Анықтамалық нұсқау
Абырой кодексі
Путеводитель
Сабақ кестесі
Халықаралық бөлім
Қосдипломды білім беру
Қосдипломды білім беру
Қазақстан-Швейцария
Москва институты
ААЖ ҚазТБУ
Platonus
Moodle
Жастар ісі жөніндегі Комитет
Негізгі міндеттері
Комитеттің құрылымы
Студенттік өмір
Галерея
Байланыс

Колледж

Колледж

2015-2016 оқу жылына«Қазақ технология және бизнес университеті» колледжіне оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары

1. Жалпы ережелер

1.Колледжге оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары, техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын (бұдан әрі — Қағидалар),техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын,«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі Заң),  19 қаңтар 2012 жылғы № 130 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі», 2012 жылдың 31 тамызы №1119 Үкімет қаулысы «Білім және ғылым министрлігі ұсынған мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы», «Қазақ технология және бизнес университеті»колледжіне түсу тәртібін белгілейді.

 2. Қазақ технология және бизнес университеті колледжіне негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар қабылданады. 

3. ҚР Үкіметі шешімі бойынша 2012 жылдың 28 ақпанында № 264 «Техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы»  негізінде оқуға түсу  квотасы қарастырылған :

1) мүгедек –балалар, бала күннен мүгедектер, І және ІІ топтағы мүгедек азаматтар үшін-1пайыз;

2) соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне жасалатын жеңілдіктер және кепілдемелерге теңдес азаматтар-0,5 пайыз;

3) ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін1-пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін1-пайыз;

5) жетім балалар және ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 1-пайыз.

4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын Қазақ технология және бизнес университеті колледжі белгілейді.

 

2. Қазақ технология және бизнес университеті колледжіне оқуға қабылдаудың тәртібі.

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу

5. Қазақ технология және бизнес университеті колледжінде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін колледждің директоры жұмысын әқ»ғ жылдың 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады. Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы және комиссия мүшелері кіреді.

6. Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.         

7. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай және нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің ғаламтор ресурсы арқылы қабылдау комиссиялары таныстырады.  

8. Қазақ технология және бизнес университеті колледжінде оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау:

1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; 0402000 – Дизайн (сала бойынша) мамандығы бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;

Қазақ технология және бизнес университеті колледжіне оқуға түсушілерді қабылдау өтініштерімен бірге төмендегі құжаттар тіркеледі:

- білім туралы құжаттың түпнұсқасы

- №086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, флюораграфиясы тіркеледі

- 8 фотосурет көлемі 3х4;

- 063-У үлгідегі дәрігерлік анықтама (денсаулық паспорты);

1 және 2 топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін:

- медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;

- ВКК қортындысы;

-мүгедек анықтамасы;

- мекен-жай анықтамасы;

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
      1) шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
      2) азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
      3) босқын - босқынның куәлігі;
      4) пана іздеуші тұлға - пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
      5) оралман - оралман куәлігі;  

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

Қазақ технология және бизнес университеті колледжіне түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және:

1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Қазақ технология және бизнес университеті колледжіне түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы қағидалардың қосымшасына сәйкес айқындалады.

Қазақ технология және бизнес университеті колледжіде 0402000-Дизайн (сала бойынша) мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады.

Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді.

12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын, тестілеуді немесе пәндер бойынша емтихандарды білім беру ұйымы белгілейді.

12. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді, тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;

2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: "3" - 8 балл, "4" - 17 балл, "5" - 25 баллдарға ауыстырады.

13. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.

Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

14. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

15. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурс: ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес баллдар сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 баллдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.

Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу нысанына - 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
2) оқудың сырттай нысанына - 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.  

Іріктеу шарттарын колледж ұйымдары айқындайды.

16. Қазақ технология және бизнес университеті колледжіне қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.

 

17.Конкурстан өткен студенттер оқуға директор бұйрығымен қабылданады. 

                                                  Қосымшасы №1

қабылдау ережесіне

 

Қазақ технология және бизнес университеті колледж мамандықтарының бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі

 

Техникалық және кәсіптік білім мамандығының коды

Мамандықтың атауы

Бейіндік пән атауы

Оқу мерзімі

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы негізгі)

Негізгі орта білім (жалпы негізгі)

Орта білім (жалпы негізгі)

1

0402000

Дизайн (салалар бойынша)

2 шығармашылық емтиханнан

2 шығармашылық емтиханнан

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

2

0507000

Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру

Математика

Математика

3 ж 6 ай

2 ж 6 ай

3

0511000

Туризм

Жағрафия

Жағрафия

3 ж 6 ай

2 ж 6 ай

4

0519000

Экономика (салалар бойынша)

Математика

Математика

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

5

0516000

Қаржы  (салалар бойынша)

Математика

Математика

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

6

0601000

Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)

Математика

Математика

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

7

0819000

Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

Химия

Химия

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

8

1211000

Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу

Математика

Математика

3 ж 6 ай

2 ж 6 ай

9

1226000

Тамақтандыру мекемелері тағам- дарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру

Биология

Химия

3 ж 6 ай

2 ж 6 ай

10

1305000

Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)

Математика

Математика

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

  Қосымшасы №2

қабылдау ережелеріне

Қазақ технология және бизнес университеті колледжіне 2015 жылы түсу үшін мамандықтар тізбегі, біліктілігі мен  оқу мерзімі

 

Мамандық коды мен атауы

Біліктілігі коды мен атауы

Оқу мерзімі

Негізгі орта білім  (негізгі жалпы)

Орта білім (жалпы орта)

1

0402000- Дизайн (салалар бойынша)

0402013-Дизайн (салалар бойынша)  біліктілік: дизайнер;

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

2

0507000 -Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру

0507063-Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастырубіліктілік: қызмет көрсетуші менеджер;

3 ж 6 ай

2 ж 6 ай

3

0511000 -Туризм

0511043- Туризм біліктілік: менеджер;

3 ж 6 ай

2 ж 6 ай

4

0519000- Қаржы (салалар бойынша)

516053- Қаржы (салалар бойынша) біліктілік: қаржы экономисі;

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

5

0516000- Экономика (салалар бойынша)

0519023-Экономика (салалар бойынша) біліктілік: экономист;

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

6

0601000- Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)

0601013-Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) біліктілік: стандарттау технигі;

2 ж 10 ай

1 ж 10 ай

7

0819000- Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

0819073-Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы біліктілік: техник-технолог;

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

8

1211000- Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу

1211083- Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу біліктілік: модельер-конструктор;

3 ж 6 ай

2 ж 6 ай

9

1226000- Тамақтандыру мекемелері тағам- дарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру

1226043-Тамақтандыру мекемелері тағам- дарын өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру біліктілік: технолог; техник-технолог;

3 ж 6 ай

2 ж 6 ай

10

1305000- Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)

1305023- Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)біліктілік: техник-программист;

3 ж 10 ай

2 ж 10 ай

2015-2016 оқу жылына колледжде грант келесі мамандықтар бойынша бөлінді:

0402000-Дизайн;

0507000-Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру;

1211000-Тігін өндірісі және киімдерді моделдеу;

1305000-Ақпараттық жүйелер.

 

 

Тел: 27-92-30 

Факс: 40-44-12

E-mail:  Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.